Негізгі сұрақтар


Дәріс №4. Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898), Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816 -



Pdf көрінісі
бет3/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
19-20

Дәріс №4. Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898), Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816 - 
1888). Орынбай Бертағыұлы 
Қысқаша мазмұны:
Қазіргі Шымкент облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша 
сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Қожа деген даңқына лайық кәсіп 
еткен. 
Майлы әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, 
заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен. 
Майлы 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей өліп, жеті жасар Есехан деген інісі екеуі 
жетім қалады. Тумысынан пысық Майлы жетімдікке бой алдырмай, басқа түскен 
ауыртпалықтарға қарсы тұрып, күнкөріс қамын жасайды. 
Ақынның өз сөздеріне қарағанда, ол 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең өнеріне 
беріле бастаған. Өз басының еркі өзіне тиген кезден бастап, ел ақындарымен кездесіп, 
сауық кештерге, ас берген жерлерге барып, ескі ел дәстүрі бойынша сөз өнеріне 
дағдылана берген. Кейін өзінің сауатын молайтып, жазба әдебиет өкілдерін, шығыс 
әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға мүмкіндік алған. Көрші 
елдерді, мәдениет орталықтарын аралап, мұсылман мәдениеті орталықтарында да болған. 
Бұқар, Самарқант, Ташкент сияқты қалаларда болып, көрші елдер өмірімен, шығыс 
мәдениетімен танысқан. Осындай оқуы мен тынымсыз ізденуіне байланысты ол тез 
жетіліп кеткен. 
Майлықожа 1860 жылдары Сырдан Әулиеатаға келіп, Сыпатай батыр асында 
Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағысқан. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа 
әдебиет» журналында басылды. Ақын Сыпатай асының бастаушысы боп жүрген Есім 


деген байдың құрметіне разы болмай, оны сынайды. Өлеңнің жалпы көлемі – 68 жол. 
Онда басқа рудан келген қонақтардың елеусіз, құрметтен тыс қалғаны сөз болады. 
Майлы Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару әрекетін де 
істеген. Діни қиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зархұм» үлгісінде 
«Абдолла бала» жырын шығарған. «Тотынаманы» өзінше, қысқаша толғаған. 
Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. 1883 жылы Ташкент 
қаласында басылған «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ 
толғаулары басылады. Олар – «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп 
аталады. Ақының бұл өлеңдерінің жалпы мазмұны адамгершіл ұғымдағы ғибрат сөздер. 
«Қасқыр» атты өлеңінде ақын өзі тойса да, көзі тоймайтын қасқыр мінезді жыртқыштар 
тобын сынайды. Қызғаншақтық пен ашкөзділік мінездерді әжуалайды. 
Оңай байлыққа жетуді аңсау, қанағат қылмау – адамның бойындағы ең жаман қасиеттер 
деп ұққан ақын өзінің «Үш жігіт», «Аққу мен қу» толғауларында осы жұғымсыз 
мінездерді сынайды. 
Майлының «Тотынама» толғауы да мысал сөз үлгісіндегі шығарма. 
Майлықожа елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарға, жұт болған 
ауыр жылдар қасіретіне көптеген өлеңдер арнаған. Әсіресе, қоян жылғы аштық пен 
қиыншылық, шаруалар күйзелісі ақынды мықтап толғантады. 
Майлы өлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналады дедік. Мысалы, ол 
өзінің «Ескі мырза, манаптар, бегі, салы» атты бір өлеңінде үстем тап өкілдерін өлтіре 
сынайды. Олардың ұрылар жұмсап, арамнан жеп, халықты аяусыз тонап жатқанын 
әшкерелейді. 
Ақын түсінігінше, әйелдің өмірдегі орны өзіне бөлек. Оларды ескермеуге болмайды. Үй 
құты, өмір көркі, семья сәні, жігіт қызығы – жақсы әйел. Әр үйдің ырысын молайтатын да, 
ер азаматтың даңқын зорайтатын да сол шаруаға жақсы, сыпайы, көркіне сай жан жары 
болмақ. Бірақ әйелдердің де «жақсы», «жаманы» бар. Олар да ерлер сияқты екі топқа 
бөлінеді. Әйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес, ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен 
өнерінде. Жақсы әйел жігітке шын серік, сарқылмас ырыс. 
Майлы шығармалары халықты адал еңбекке үндеуден жалықпайды. Ол адам өмірін жан-
жануарлар тіршілігімен ұштастыра мысалдап жырлайды. Мысалы, «Бұлбұл» өлеңінде 
ақын еңбек үшін табыс тауып, қыс қамын жасар шақ жаз күндерін босқа қызықтап өткізіп 
алмаудың керек екенін қатты ескертеді. 
Ақын өзінің «Не жүйрік өтті дүниеден» өлеңінде тіршілік өмірдің баянсыздығын, дүниеге 
келген адамның өлмесі де қақ болатынын түсіндіре келіп, санаулы күнді босқа өткізіп 
алмауға, мүмкін болғанынша оны маңызды, мазмұнды, қызғылықты өткізе білуге 
шақырады. 
Дүние, өмір туралы Майлы өлеңдерінен көрінетін тағы бір шындық – ол ақынның өмірден 
түңілмейтіндігі. Ол өлімді күтіп жатып алуға қарсы. Тіршілік қамы әр кезде де керек. Ол – 
адамды ілгері жетелеп отыратын күш. 
Ақын өзінің «Ажал бір келмес болсайшы» өлеңінде өлімге қарсы тіршілікті, жастық 
жігерді қоя жыр шертеді. 
Майлы шығармалары – өлеңге қойылатын биік талаптарға жауап беретіндей әрі мәнді, әрі 
сәнді жырлар. Ақын негізінен нақыл термелер шығарып, өлеңнің осы бір түрінен шеберлік 
танытады. Өзі тұстас оқушылары мен тыңдаушыларына мәтелдеп, мысалдап, нақылды сөз 
айтып, өз ойын тайға таңба басқандай анық білдіруді мақсат етеді. 


ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті тұлғаларымыздың бірегейі 
Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылық келбетіне тоқталғанда аңғарарлық бір 
жайт - оның рухани мәдениетіміздің тарихындағы орнының тек біржақты қаралатындығы. 
Ашып айтсақ, өткен ғасырдың орта тұсында өмір сүрсе де өмір деректеріндегі 
зерттеулердің шалалығы бір мәселе, сауат, білімі туралы сөз қозғалмайды да, өскен 
ортасы туралы дәйек мардымсыз, шығарма мәтіндері ауыздан ауызға жеткен қолжазба 
түрінде ғана, оның ішінде дінге қатысы бар туындылары әр замандарда әртүрлі 
редакцияларға ұшыраған, ұшырасқан айтыскермен тіл қағыстырып, айтқанының қайсысы 
өзінікі, қайсысы біреудікі екенін тек өзі білетін, оған қоса қожалығы тағы бар, Түркістан 
аумағынан шыққан «оңтүстік өлкесінің шайыры» екендігі тағы бір себеп, қоңыр 
домбырасымен көлеңкеде термесін айтып уақытын өткізген, қарапайым ауыл ақыны ғана 
секілді. Айтқанға ауыр болғанымен, бүгінгі ұрпақ үшін шын мәніндегі Майлықожаның 
әдебиетіміздегі келбеті осындай-лық. «Майлықожа да ертедегі қазақ ақындарының 
дәстүрін мықтап ұстаған, түр жағынан енгізген тың жаңалықтары жоқ. Солай бола тұрса 
да, ол шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан өз шығармаларының 
өрісін кеңейтуге, оларға жаңа өрнек, бояу беруге мүмкіншілігі мол екенін аңғарамыз. 
«ХІХ ғасырда ұлан-байтақ қазақ даласының әр қиыр, әр бұрышынан дербес 
өзгешеліктері бар авторлардың ақындық мектебі қалыптасты. Мәселен олар мыналар: 
Батыс Қазақстанда – Махамбет, Мұрат, Шернияз есімдері, Орталық Қазақстанда – 
Шортанбай, Дулат, Шөже, Оңтүстік Қазақстанда – Майлықожа, Нұралы және Молда Мұса 
секілді жазба ақындар; Жетісуда – Сүйінбай мен Жамбыл т.б. болып табылады»
 
[7, 50],- 
дейді әдебиеттанушы ғалым М.Қаратаев. Сыпыра жыраудан басталатын жауынгерлік 
жыраулық дәстүрден «жазба ақындардың» жаңа кезеңге түрлік, мағыналық жағынан 
табиғи ауысуы әдебиет тарихының заңдылықтарына сай келеді. Оған: «Жыраулар дәстүрі 
мен жаңа әдебиеттің аралығында күрделі ақындық-эстетикалық процесс өтті... Бұл әдеби-
көркемдік түлеп-жаңғыру заңдылығы ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында барынша 
айқын көрінді. (Махамбет, Дулат, Майлықожа т.б.). Тарихи жыраулық мектептерінің 
тынысына жаңа ағымның, жаңа дәуір әдебиетінің айшықтары кірігіп, жалпы әдебиеттің 
табиғаты түлеп-түрлене бастады»
 
[8, 61],- деген пікір дәлел. Ел тәуелсіздігімен бірге 
тәуелсіз зерттелініп, кітап баспасынан тәуелсіз шыққан Майлықожа ақынның 
шығармаларының бүгінге дейінгі жинақталған дүниелерінің толық нұсқасын 
(Майлықожа. Шығармалар. Жинап, зерттеп, жариялай жүріп құрастырған Ә.Оспанұлы.- 
Алматы. 2005ж.) аңдап қарағанға, ауыз әдебиетінің ертегі, аңыз, хикаят жанрларының 
үлгілері, тарихи, діни дастандардың түр-түрі, арнау, жоқтау, айтыс, прозалық 
шығармалар, сан-салалы өлең-толғаулар және терме мақамдары кәсіби әдебиет 
зерттемелеріміздің бастауы - «Әдебиет танытқыштарға» (А.Байтұрсынұлы) мысал болып 
енбей қалғанымен, қазақ әдебиетінің әдемі үлгісін «танытатын» нағыз нұсқа боларлық 
дүниелер екендігіне әділ-уақыт өз төрелігімен өз заманына алып келген секілді. Қалай 
болғанда да ақын шығармаларының бүгінгі ғылыми айналымға түсуі, өлең-сөздерінің 
терең зерттелінуі, сан-салалы шығармаларының оқулықтар, әсіресе мектеп оқулықтарына 
жүйелі түрде енуіне жаңа ғасырдағы майлықожатанушылардың жасар жұмысы көп. 
Жұмыстың бірінші бастамасы - әдебиет әлемімізді жоғарыда айтып өткен біржақты 
көзқарастан арылту. Ол үшін әлі де болса табан тер, көз майын тауысар ақын 
шығармаларын жинау жұмыстарын жалғастыра отырып, табылған дүниелерді ақпарат 
құралдары мен баспалар арқылы бүгінгі ұрпақ, жалпы оқырмандарға аманаттай жеткізу 
қажет. 
Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816 - 1888)
 
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс 
өңірінде туып-өскен. Ескіше хат таныған, өлең-жырды жазып та, ауызша да айтып 


шығарған. Өзі тұстас талай ақын-жыраулармен айтысқа түскен. Ол атақты Майлықожа 
ақынмен өнер жарыстырған. 
Негізінен толғау ақыны. «Қанай датқаға», «Майлы ақынға» деген толғаулары бар. 
«Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ 
едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығын 
көрсеткен. 
«Арыстанбайға» атты арнау өлеңі «Жас қайрат» журналында (1924, № 5) жарияланған. 
Көптеген өлең-жырлары, толғаулары, айтыстары қолжазба күйінде Ұлттық кітапхана 
қорында сақтаулы 
Қазақтың байтақ даласында көрнекті ақын әрі батыр атанған азаматтың бірі – Мәделі 
Жүсіпқожа ұлы. Мәделінің кіндік қаны тамған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан 
облысының Қызылқұм ауданының қожатоғай кеңшары (бұрынғы Ақбұлақ болысы, Бадам 
жері). Зерек, болашақ ақын жігіт жастайынан діни медреселерді оқып, жан-жақты болып 
өседі. Қолына түскен кітаптарды көп оқып, мұсылманша оқыған білімі арқасында 
Құранды да оқып жатқа білетін болған. Кезінде кеңінен тараған шығыс әдебиеті, оның 
ішінде араб әдебиеті үлгілерінен, ертегі, дастан, қиссаларды көңіл қоя оқиды. Мәделінің 
өз заманында діни білімімен молдалық құрған кездері де болған. Шариғатты да кем 
білмеген. Мәделі қожа өзінің толғауларын Құран аяттарына сүйене отырып шығарған 
десек артық кеткен болмас едік. Ондай қатарларды Мәделінің мына төмендегі өлең 
шумақтарынан көруге болады. 
Басында қатыра судан болдық пайда, 
Неше күн шайқатылып жүрдік бойда. 
Сол судан қан-сөл ғайып пайда болып, 
Сүйектен етке шаптық үш-төрт айда. 
Тарықпай тар құрсақтан тауып қорек, 
Тоғыз ай, тоғыз күн жаттық осы жайда. 
Қүдіреттің күшімен шарқи пәлек 
Келіппіз дүнис деген кең сарайға. 
Мына атап өткен Мәделінің өлең жолдары Қасиетті Құрандағы аяттардың мағынасына 
тура келеді. Құранның ол аяттары Муминин сүресінің 13-14 аяттарында келген. Ендігі 
кезекте Мәделінің өлең жолдарымен Құран аяттарын салыстырайық. 
Мәделіқожа өлеңдері Құран аяттары 
Басында қатыра судан болдық пайда – 
Содан кейін оны (адамды) жатырда тұратын тамшы қылдық. 
Сол судан қан-сөл ғайып пайда болып – 
Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық 
Сүйек пен етке шаптық үш-төрт айда – 
Ұйыған қанды кесек ет жасап, 
Кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық 
Тоғыз ай, он күн жаттық осы жайда…, 
Келіппіз дүние деген кең сарайға 


Содан кейін оны басқа жаратылыс (адам формасында) қылып, (оған) жан салдық. 
Соңғы шумақтан бұрынғы «Құдіреттің күшімен шәрқи пәләк» қатары жоғарыда аталған 
екі аяттың соңғы «Жаратушылардың шебері Ұлы Алла» деген аятының мағынасына 
жақын келеді. 
Шын мәнінде Құран тек діни емес, сонымен қатар ғылыми әрі әдеби кітап болып 
есептеледі. «Құран – араб әдебиеті тарихынан ең алғашқы жазба ескерткіш ретінде үлкен 
орын алды. Өйткені ол араб тілінің сақталып қалуы мен өзге елдерге тарауы, араб тілінің 
грамматикасының қалыптасуына барынша әсер етті. Кейінгі ғасырларда өмір сүрген 
шығыстың ақын, жазушылары (біздің елімізден шыққан ақын жыраулар да) шежіреші, 
тарихшы, географтары Құраннан көп дәйектемелер алып, өз шығармаларында 
пайдаланған» . 
Мәделіқожа 19 ғасырда өмір сүрген болса, Қасиетті Құран жетінші ғасырда, Жаратушы 
Алла тарапынан соңғы пайғамбар Мұхаммедке с.а.с. түсірілген. Мына жоғарыдағы 
Мәделіқожаның «Басында қатыра судан болдық пайда» өлеңі нәзирігөйлік әдіспен 
жазылған. Басқаша айтқанда Мәделі кітаби ақындар қатарына жатады емес пе, осы 
себептен сол заманда одан бұрынға уақыттарда да адамның қалай пайда болғандығы 
жайында жырлаған адам көп болған. Ақынның бұл өлеңіне басқа шығыс ақындарының 
жырларын бермей тікелей Құран аяттарымен салыстырдық. 
Енді, кезінде түркі елдеріне ғана емес Ислам елдеріне де атағы шыққан Ахмет Йүгнеки 
жайында сөз жүргізелік. Йүгнеки XII ғ. өмір сүрген аса көрнекті ақын, мәшһүр ғұлама 
болған. Осы кісінің бізге жеткен «Хибатул хақаиқ» (Ақиқат сыйы) деген туындысы бар. 
Аталмыш шығарма 14 тарау 254 бәйіттен тұрады. Йүгнеки Ислам дәуірі әдебиетінің 
көркемдік дәстүрін негізге ала отырып, дастанның алғашқы тарауын (1-10 бәйіттер) 
Қайырымды Мейірімді Аллаға, екінші тарауды (11-19 бәйіттер) соңғы Мухаммад (с.а.с.) 
пайғамбар жайында, одан кейінгі (20-33 бәйіттер) кітаптың жазылуына себепші болған 
Ыспаһсар бекті мадақтайды. Кейінгі бесінші тараудан бастап дастанның негізгі идеясы 
басталады. «Ақиқат сыйы» дастанында жомарттық пен сарандық, карапайымдылық пен 
сабырлық жайында айтылған ой пікірлер қазақтың ақын жыраулары поэзиясында өзінің 
көркемдік дәстүр жалғасын тапқан. Йүгнеки дастанында өмірді керуен сарайға теңейді: 
Бу ажун рабат ол түшүр көчгүлүг 
Рабатқа түшүгли түшар кечгүлүг 
Оң арқыш узады қанун йол тутуы 
Оңы қопмыш арқыш неча көчгүлүг 
Енді Б.Сағындықовтың ғылыми негізде жасаған жолма-жол аудармасын берейік: 
Бұл дүние керуен түсетін сарай сияқты 
Керуен сарайға түскен көш одан әрі сапар шегу үшін түседі 
Әдепкі кезден қозғалып, жолға шығып ұзап кетеді 
Тағыда жол тартып көшетін керуен қаншама. 
Ал осы жайында Мәделіқожа өзінің бір өлеңінде былай дейді: 
Дүние бұл бір керуен сарай екен, 
Не жетсін шамаң келсе сыйласуға. 
Кезекпен келтіріпті күн көрсін деп, 
Ұқсатып адамзаттың түлғасына. 


Сондай-ақ Мәделіқожа өзінің өлендерінде араб сөздерін қолданған. Араб тілінен көптеген 
араб сөздерінің қазақ тіліне енгендігі барлығымызға белгілі. Мысалға ондай сөздер 
арапша «китаб» болса біз кітап деп, «дафтар», «мажлис» сөздерін дептер, мәжіліс деп 
қолданып жатамыз. Осы секілді сөздерді Мәделіқожа өз өлендерінде қолданған. Мысалы: 
Халал жүрген жігітке Алла жар-ды Харам жүрген жігіттің пейілі тар-ды. Мәделі бұл 
жерде халал, Алла, харам деген араб сөздерін пайдаланған. Бүл сөздерді қазақтар 
халалды-адал, Алланы-Құдай, Тәңірі (кей жерлерде Алла деп те қолданады), харамды-
арам деп айтады. Мәделіқожа бұл сөздерді казақша айтылуымен емес араб 
махраждарымен (әріптің шығу орны) қолданған. Бүл жерденде Мәделіқожаның араб 
тіліне бір қадам болса да жақын болғаандығын байқауға болады. Ия, Мәделіқожаның 
Құран тіліне, араб әдебиетіне, Ислам дініне жақын болғандығында дау жоқ. Әрі ол кісі әр-
бір істеген істеріндс Құдайдан медет тілеп отырған. Оның бұндай істерін «Құдай-ау, өзің 
оңда бұл ісімді»,-деген өлең жолдарынан байқауға болады. Мәделіқожа Құдайдың 
барлығына сеніп, көмектің тек содан болатындығына еш күмән келтірмеген. 
Мәделіқожаның өз заманында молдалық құрған кездері де бар. Бірақ кейбір ишан-
молдалардың дін жолына қатты берілгендей көз бояушылық жасап, пара алу жолын 
қумаған. Қайта ондай ишандарға қарсы сөздер айтып отырған. Ол арамза молдаларға 
қарсы тұра алмасада Құдайдың аққа жақ екендігін айтып «Құдай бізді көтереді тоз 
демекке»,-дейді. Арамзаларға ашуланған ол «Бүгінде ақыл кетті-ау мұсылманнан»,-дей 
отырып, ондайлардың жазасын Құдайдың өзі берсін дейді. Бүндай мағыналы сөздерді 
Мөделіқожаның «Әр кімді алсын Құдай жолыменен»,-деген өлең жолдарынан байқаймыз. 
Дегенмен ақынымыз тым күйреуік емес, діндарлығын істеп, о дүниені айтып далағада 
лақпайды. Шын мәнінде мұсылман жан-жақты білімді болуы керек, тек діни білімімен 
ғана шектелуі тиіс емес. 
Орынбай Бертағыұлы (1813, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Көлдей 
елі, Дауқара ауылы – 1891, Аягөз) – айтыскер ақын, жырау, әнші, сазгер. Әкесі Байқожа, 
арғы атасы Бертағы ақын, жыршы болған. Ол. ел ішінде Қарауыл Орынбай ақын деген 
атпен мәлім. 13-14 жасынан өлең шығарған. Шығармаларында өз дәуіріндегі әлеум. 
мәселелерге үн қосып, болыс, аға сұлтан сайлауындағы әділетсіздікті әшкереледі. 
Жырларында билік басына қалталылардың келіп жатқанын ашық айтты (“Бір жан жоқ 
болыстыққа талас емес”), бақ-дәулеттің өткіншілігін жырлады (“Тұлпар бар ма тұяғы 
майрылмаған”, “Өлген соң бай мен жарлы мал демейді”, т.б.). Сондай-ақ “Адамның 
жаратылуы туралы”, “Қырық парыз”, “Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай”, “Жүз 
жұлдыз” атты толғаулары діни танымда жырланған. О-дың “Жазы биге”, “Шоң биге 
айтқаны”, “Алсай Құрақбайға айтқаны” секілді арнаулары бар. Ол Ш.Уәлиханов өмірден 
қайтқанда көңіл айтып, өлең шығарған (“Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым көтер басты”). Ол. өз 
тұсында Жанақ, Балта, Шөже, Тоғжан, Серәліқожа, Арыстанбай, Шортанбай, Сақау, 
Қожабек, Кемпірбай, Тезекбай, Өтеулі, Дана, Байкөкше, Нұркей, Ақан Сері, Құлтума, т.б. 
ақындармен айтысқан. Поляк саяхатшысы А.Янушкевич оның Жанақ ақынмен Аягөзде 
өткен айтысын таңданыспен суреттесе (1846), тегеурінді дарын иесін Шал ақын 
“ақындардың төресі” атаған. “Орынбай ақынның Ерден батырды мақтаған сөзі” 
Ы.Алтынсарин құрастырған “Киргизская хрестоматия” (1879) оқулығында жарияланды. 
Ш.Уәлиханов “Қазақ халықтық поэзиясының түрлері жөнінде” деген зерттеуінде ақын 
өлеңдерінің құрылымын, жүйесін талдады. В.В. Радлов (1870), Я.Я. Лютш (1888), 
С.Сейфуллин (1931), С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, т. б. зерттеушілер жоғары бағалап, 
шығармаларын жинап, жариялаған. Ақынның тағы басқа әлі баспа бетін көрмеген 
(«Абайділдаға», «Төрде отырған төрелер», «Тұрлыбекке», «Түбекпен кездескенде», т. 
б.)әлең-толғаулары Ұлттық кітапхана қорында сақтаулы. Орынбай ақын Өзбекістан, Иран 
елдерінде діни сопылық білім алған және Шөқан Уәлихановтын Сырымбет қыстаунда 
Шынғыс және Айғанымнын отбасыларынын кенесшісі болған Орынбай ақынын 
ұрпақтары қазырғы Көкшетау қаласы Красный Яр аулында турып жатыр. 


4. Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған 
демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай 
Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы 
қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, 
қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай 
әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш 
екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң 
кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — 
реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық 
әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа 
сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың 
төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай 
шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және 
олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары 
(Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, 
Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, 
Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек 
Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) 
жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап 
жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың 
барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. 
Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» - 1880, «Бала зар»- 
1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре 
бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа 
аудармалар пайда болды; қараңыз: Әдеби байланыс. 
Дәріс №5. Сүйінбай Аронұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Базар Оңдасұлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет