Негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
19-20

Мәди
Бәпиұлы
Мәди Бәпиұлы
1880 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Едірей болысы, 
№3 ауылда дүниеге келген. Туып, өскен жері Үшқара деген биік коңыр тау. Оның руы өзі 
асқақ әніне қосқан — Қаракесек. Арғы аталары Үш жүзге бәтуалы билік айтқан аузы 
дуалы Қаздауысты Қазыбек, одан туған Бекболат билер болып келеді де бұдан бергі 


Алшынбай, одан Жанықұл, Қақабай, Қосық, Шәпи, Бәпи болып тарайды. 
Мәди
Бәпидің 
баласы. Алшынбайдың алғашқы төрт ұлы «сен тұр да мен атайын» төрт құбыласы түгел 
бай-манаптар болса, Бәпи шаруасы коңторғай, әрі басқа да жарымаған, ешкімге жасар 
қиянаты жоқ момын адам екен. Ол осылай қам көңіл күй кешіп жүргенде маңдайына 
жұлдыз еткен, жалғызы 
Мәди
өмір есігін ашады. 
Алшынбай бидің кенжесі Бәпиден туған 
Мәди 
ұлтымыздың ежелгі дәстүрі бойынша қара 
шаңырактың иесі атанып, мейірбан әже Алшынбайдың бәйбішесі Ұлжанның бауырына 
салынып, тәрбиесіне беріледі. Көпті көрген көкірегі ашық зерделі әженің ешкімге бетінен 
қақтырмай, жасытып, жабырқатпай өсірген немересі 
Мәди
жасынан-ақ алғыр басынан 
өзгенің өктемдігін асырмайтын өжет болып өседі. Ол оңы мен солын тани келе ақындық, 
әншілік, сазгерлік, атбегілік, тіпті зергерлік пен етікшілік өнерге де бой ұрады. Ер жігітке 
сегіз өнер де аз дегендей табиғатынан тал бойына серілік дарыған 
Мәди
шын мәнінде ел 
еркесі, той-думанның серкесі атанады. Сөйте жүріп ол қиянатқа жаны қас, озбырлыққа 
жүрегі тас азамат болып қалыптасады. 
Сөзін де, әнін де өзі шығарып, оны әуелете шырқайтын 
Мәди
«Жігіттік ақ семсердің жүзі 
емес пе, қайрап ап қалың жауға сермегендей» деп қанаты талмас қырандай саңқылдайды. 
Бірақ өнерді-есерлік, бетке тура айтылған әділ сөзді -бас бұзар тентектік деп бағалайтын 
қолында билік бар оның дөкір кеуде ағайындары алмас қылыштай жарқылдаған 
Мәди
ді 
телі-тентекпен шайқасуға, кедей-кепшіктің жағасына жармасуға айдап салмақшы болады. 
Алайда дүниеқоңыздықты, зорлық-зомбылықты жастайынан жек көретін дарын иесі 
олардың ойлаған жерінен шыға қоймайды. Қайта ел тыныштығы үшін қиянатқа қасқая 
қарсы шығады, жарлы-жақыбайларды қанатының астына алуға тырысады. 
Халқымызда «Сүтпен біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» деген даналық сөз бар. Адамға 
құрмет, аяныш сезіммен қарау 
Мәди
дің бойына Тәңір жазған мінез болып қалыптасады. 
Оны ауыздан-ауызға тарап, қалың ел арасында айтылып жүрген әңгімелер бекіте түседі. 
Сірә, оның жүрегіңде адамгершілік асқақ сезімді оятқан, сөз жоқ Абай өлеңдерінің 
шарапаты болса керек. Демек 
Мәди
ұлы ақынның өлендерін жастайынан жаттап өскен. 
Бұған Абайдың оған жезде болуы (Абайдың үлкен әйелі — Ділда Бәпидің ағасы Жүсіптің 
қызы) игі әсерін тигізген. Ол он жасында-ақ Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас», «Сегіз 
аяқ», «Татьянаның қырдағы әні» өлең әңдерін шырқаған. Сонымен бірге Біржан сал, Ақан 
сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбрай, Шөже мен Кемпірбай — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет