Дәріс 14. Тақырыбы:Инклюзивті білім беруде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету Мақсаты:Мүмкіндігі шектеулі балалардыпсихологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Негізгі терминдер: Дәрістің негізгі сұрақтары: 1. Инклюзивті білім беруде балалардың педагогикалық-психологиялық жағдайлары.
2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек беру.
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек беру.
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің біріне әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» туралы Заңдарында қарастырылып, бекітілген.
Қазіргі таңда ата-аналарғапсихологиялық-педагогикалық қолдау қызметінсіз инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мүмкін емес. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі – оқу-тәрбие үдерісінде әр баланың мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, әртүрлі мамандардың жүйелі ұйымдасқан әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуі.
Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мектептің педагогтер ұжымымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мектеп басшысының бұйрығымен құрылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек беру концепциясын құруда бірқатар теориялар мен зерттеулер негізгі (маңызды) орын алады:
1) психофизикалық бұзылыстары бар баланың психологиялық-педагогикалық даму заңдылықтары, оның күрделі әлеуметтену процесінің нәтижесі.
2) дизонтогенез жағдайында даму арнайы түзете-дамыту ортасын құруды қажет етеді.
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық кеңес берудің алгоритмы:
1. Ата-аналармен, мамандармен, педагогтармен откізілген алғашқы әңгімелесуде алынған мағлұматты саралау, баламен байланыс орнату.
2. Баланың бұдан бұрынғы даму кезеңдерінің мағлұматын алуға бағытталған, оның отбасы ішілік байланысы және әлеуметтік жоспарының жағдайы туралы ата-аналармен әңгімелесу.
3. Басқа мекемелерден денсаулығы туралы мағлұмат жинақтау (қажеттілігіне қарай).
4. Табиғы жағдайда баланы бақылау.
5. Баланы тәжірибелік-психологиялық тексеруден өткізу.
6. Мәліметті өндеу, нәтижелерді саралау.
7. Балаға берілген психологиялық-педагогиқалық қорытындысы.
8. Баламен жасалатын психологиялық-педагогикалық жұмыстың үлгі жоспары.
9. Бақылау, қайта кеңес беру.
Ата-аналарменжұмыста: - ата-аналардыңпедагогикалықжәнедефектологиялықбілімдері мен түсініктеріаясынкеңейтуарқылыолардыңтәрбиелеубіліктіліктерінқалыптастыруғаықпалету;
- ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу тәсілдеріне, іс жүзінде бірлесіп әрекеттер ұйымдастыруға үйрету арқылы оларды белсенді қатысушылар ретінде білім беру үдерісіне тарту;
- ата-аналарға көзқарастарын өзгертулеріне және оларды қатынастың оң тәсілдерімен қарулануларына көмектесу;
- дамуының проблемалары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларының әлеуметтік кеңістігін кеңейту, ата-аналардың қоғамдастыққа бірігуіне жағдай жасау.
https://youtu.be/ANIuAqAZu60