Нәжмединова Н. Б, Сәдібек А. 6В09110- ветеринарлық медицина мамандығының студенттеріне арналған


МИКРОБТАРДЫ ТІРІ КҮЙІНДЕ ЗЕРТТЕУ. МИКРОБТАРДЫҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ



бет14/21
Дата06.09.2023
өлшемі1,58 Mb.
#180326
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Í?æìåäèíîâà Í. Á, Ñ?ä³áåê À. 6Â09110- âåòåðèíàðëû? ìåäèöèíà ìàìà

МИКРОБТАРДЫ ТІРІ КҮЙІНДЕ ЗЕРТТЕУ. МИКРОБТАРДЫҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ 


Микробтарды тірі күйінде зерттеу. Көптеген микробтар тірі күйінде қозғала алады. Қозғалыстың жылдамдығы мен сипаттамасы өсіндінің жасына, қоршаған ортаның жағдайларына және микробтардың түріне байланысты болады. Жас микроорганизмдердің жылжымалылығы жақсы байқалса, ал ескілерінің бұл қасиеті әлсіздеген немесе тіптен байқалмайды. Микроорганизмдердің жылжымалылығы олардың тіршілік әрекетінің, өнімдерінің қоректік ортада көбейген уақытында бәсеңдейді де, кейін біржола тоқтатылады. Микробтардың түрін анықтау кезінде олардың жылжымалылығының бары немесе жоғы еске алынады.
Қозғалыс органдары – қыл аяқтар микроб жасушасының бетінде әр түрлі позицияда орналасады. Қыл аяқтарының орналасуына байланысты бактериялар төрт топқа бөлінеді: монотрихтер – бір ған қыл аяғы бар бактериялар (1), лофотрихтер – таяқшаның бір ұшында бір шоқ қыл аяқтар орналасады (2), амфитрихтер – екі полярлы орналасқан қыл аяқтары бар бактериялар (3,4), перитрихтер – қыл аяқтар бактерияның барлық денесінің бетінде орналасқан (5). Монотрихтер мен лофотрихтер үдемелі қозғалыспен жылжиды. Амфитрихтер мен перитрихтер ретсіз қозғалыста болады.
Микробтардың қозғалуын анықтау үшін жас өсінділер алынады (12-24 сағаттық). Зерттеуді «аспа» және «қысылған» тамшылардың препараттарын дайындау арқылы жүргізеді.
«Аспа» тамшысын шұнқыршасы бар зат шынысында дайындайды. Шұңқыршаның шетіне вазелинді жұқалап жағады. Микроорганизмдерді жамылғы шынысының бетіне тамызады. Егер микроорганизмдер сұйық қоректік ортада өсірілген болса, онда зерттеуге осындай өсіндінің бір тамшысы алынады. Ал егер тығыз ортада өсірілсе, жамылғы шынысының бетіне әуелі физиологиялық ерітіндінің бір тамшысын, сонан соң оған микроб өсіндісін тамызады. Зат шынысын 180°-қа аударып, жамылғы шынысындағы тамшыны шұнқыршаны ортасына бағыттай отыра, төмен түсіреді. Сонан соң зат шынысын бастапқы қалпына келтіреді. Мұндай препаратта тамшы жамылғы шынысының ішкі бетінде асылып тұрады, басқаша айтқанда, тамшы герметикалық жабылған дымқыл камерада ілініп тұрады. Бұл препаратмикробтардың жылжымалылығын көп уақыт аралығында бақылауға мүмкіндік береді. Препарат шамалы қараңғыланған көз шалымында (диафрагманы тарылтады) зерттеледі. Бұл блялмаған формалардың көрінісін айқындата түседі.
«Қысылған» тамшыны кәдімгі зат шынысының бетінде дайындайды. Бұл үшін оның микробтардың бір тамшысын тамызып, жамылғы шынысымен жабады. Дайын препарат жоғарыда аталғандай көз шалымында тексеріледі. Микробтардың қозғалыс реакциялары (таксистері) химиялық заттармен (хемотаксис), молекулалық оттегімен (аэротаксис), жарықпен (фототаксис), электр тоғымен (электротаксис), сумен (гидротаксис) және т.б. бір жақты тітіркендіру әсерінен пайда болады. Оң таксисте қоғалыс тітіркендіргіштерге бағытталады (жақындайды), теріс таксисте керісінше бағытта байқалады.
Микробтардың жылжымалылығын зерттегенде нағыз қозғалысты микробтар бір орында тұрып, қоршаған ортаның молекулаларының әсерінен тербеліп тұрады немесе сұйықтықтың ағысы бойынша жылжиды.

6 Тақырыбы: Зертханалық ыдыстарды және мақталы тығындарды әзірлеу. Ет суын және ет-пептонды сорпасын (ЕПС), ет-петонды агарын (ЕПА) дайындау.


Сабақтың мақсатты: Зертханалық ыдыстарды және мақталы тығындарды әзірлеу. Ет суын және ет-пептонды сорпасын (ЕПС), ет-петонды агарын (ЕПА) дайындау. Қоректік орталардың рН-ын колориметриялық және басқа да тәсілдермен анықтау.


Жабдықтар мен материалдар. Еттің суын дайындауға арналған ыдыс, 1000 с-қа дейінгі бөліктері бар термометр. Аралыстыруға арналған шыны таяқшалар. Ет тартқыш, ет, пышақ, дәке, мақта, воронка. Эрленмейердің сыйымдылығы 1 литрлік екі колбасы, 500 мл-ге дейінгі бөліктері бар мензуркалар мен цилиндрлер. Электр және газ плиталары. ЕПС мен ЕПА дайындау үшін: әр студент үшін сыйымдылығы 250 мл Эрленмейер колбасы, 100-200 мл-лік мензуркалар. Тығындарды дайындауға арналған мақталар. Сүзгіш қағаздар. Воронкалар. Қоректік орталарды дайындау рецептері. Екі-үш таразы. Пептон, натрий хлориды (ас тұзы), агар-агар, фарфордан немесе пластиктен жасалған қасықшалар. рН метр, 10% натий гидоксидінің ерітіндісі. Шаюға және рН анықтауға арналған дистильденген су (екі стаканда 200 мл-ден), 0,1; 1; 10 мл-лік пипеткалар. Бу стерилизаторлары, Кох аппараты, кептіргіш шкаф (Пастер пеші), Зейтц сүзгіші, су стерилизаторлары және басқа жабдықтар. Студенттер ет суын, ЕПС, ЕПА дайындаған соң шыны түтіктерге құйып (3-4 мл), стерильдейді.
Микроорганизмдердің қоректенуі. Жасуша ішіне сыртқы ортадан енген қоректік заттардан жаңа заттардың түзілуі немесе олардың ыдырауы күрделі биохимиялық процестердің көмегімен іске асып отырады. Микроорганизмдер табиғатта қоректік заттарды өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан немесе тірі жасушалардан алады.
Зертханаларда микроорганизмдерді өсіру үшін арнайы әзірленген қоректік орталар қолданылады. Оларды өздерінің құрамына қарай табиғи (сүт, сарысу, жұмыртқа, ет, картоп, бұршақ, сәбіз, т.б.) және жасанды қоректік орталар деп екіге бөлінеді. Жасанды қоректік орталар арнайы рецептер бойыншадайындалады. Олар жануар текті (ЕПС,ЕПА, ЕПЖ) және өсімдік текті (сыра суслосы) болып екі топқа бөлінеді. Барлық микроорганизмдер бір ғана қоректік ортада өсе бермейді. Әр организм өзінің өсіп дамуына арнайы құрамы бар қоректік орталарды элективті (таңдаулы) орталар деп атайды. Дайындалған орталарды құрғақ, салқын орындарда ұстайды, қоректік орталарға арналған ыдыстарды (шыны түтіктерді) жақсылап жуып, нейтралдап, кептірген соң бу стерилизаторында немесе кептіргіш шкафта стерильдейді (160-1700С). Мақталы тығындарды қолмен немесе тығын жасағыш қондырғы көмегімен әзірлейді. Қолданылған тығындарды әуелі кептіреді, сонан соң стерильдейді. Мақталы тығындар құрғақ және шыны түтікке жақсы үйлестірілген болуы керек. Дымқыл жерде олар ылғалды тартып алып, зең саңырауқұлақтардың өсуіне жағдай туғызады. Бұл саңырауқұлақтар және басқа микроорганизмдер шыны түтіктің ішіне түседі де, қоректік ортаның стерильділігін бұзады.
Жасанды қоректік орталар және олардың компоненттері. Еттің суы көптеген қоректік орталардың негізгі компоненті болып саналады. Ол жылқы немесе қара малдың сапалы еттерінен дайындалады. Сүйек, сіңір, фасция және майлары алынып тасталады. Кәрі малдың етін қоректік отаны дайындауға қолданбау керек. Етті еттартқыштан өткізіп, өлшейді, сонан соң оған ағын суының екі есе мөлшерін құяды да, 18-24 сағатқа салқын жерде қалдырады. Фаршты сығып алып, еттің экстрактын 30-40минут әлсіз отта қайнатады. Мақталы дәке сүзгіштен экстракты өткізгеннен соң, қайта қағаз сүзгішпен сүзеді де бастапқы мөлшеріне ағын суын құю арқылы келтіреді. Ет суын шыны сауыттарға құйып 1200С-та 30 минут стерильдейді.
Ет суын дайындау процесін жеделдету үшін фаршқа екі есе мөлшерде ағын суын қосады да, бір сағат бойы 500С-та қыздырады. Пайда болған массаны екі қабатталған дәкемен сүзіп, етті сығып, алынған сұйықтықты 30 минут қайнатады. Ұйып қалған белоктарды мақталы-дәкеден, сонан соң сүзгіш қағаздан өткізу арқылы бөліп алады. Фильтратқа оның бастапқы мөлшеріне дейін ағын суын қосып, шыны сауыттарға, шыны түтіктерге құйып, 1200С-та 30 минут стерильдейді. Дайын ет суының рН мөлшері 6,8-6,5 шамсында болады.



Ет-пептонды сорпа (ЕПС). Ет суына 1% пептон мен 0,5% натрий хлоридын қосады. Ет суын пептонның толық ерігеніне дейін араластыра отыра қайнатып, оның рН мөлшерін потенциометрдің көмегімен анықтайды. Қоректікортаның рН-ын 10% натрий сілтісінің ерітіндісі немесе натрий гидрокарбонатынң (ас содасының) қаныққан ерітіндісімен 7,4-7,6-ға жеткізеді. Сілтіні сорпаға қосқаннан кейін, оны тағы да 5-10 минут қайнатады. Сонан соң сорпаны дистильденген сумен дымқылданған сүзгіш қағаздан өткізеді. Ет-пептонды сорпаны шыны түтіктерге құйып 1200С-та 20-30 минут стерильдейді.
Ет-пептонды агарды (ЕПА) дайындау үшін ЕПС-ға 2-3% агар-агарды қоса отыра балқытады. Балқыту кезінде қоректік ортаны агар-агардың күйіп кетпеуі үшін әлсін-әлсін араластырып отырады. Балқытылған ЕПА-ын ыстық күйінде тез сүзіп (мақталы-дәке арқылы) шыны түтіктерге құяды. «Қиғаш» қатырылған ЕПА-ды 3-4 мл-ден, ал «тік» қатырылған ЕПА-ды шыны түтіктерге 10 мл-ден құяды. Шыны түтіктер тығындармен жабылып 1200С-та 20-30минут стерильденеді.
Ет-пептонды желатин (ЕПЖ) микроорганизмдердің белокты ыдырату қасиетін анықтау үшін қолданылады. ЕПЖ-ды 10-15% желатин қосу арқылы дайындайды. Әуелі желатинді 15 минут ЕПС-нда ісіндіріп алған соң су моншасында 500С температурада балқытады. Ортаның рН-ын 7,3-ке дейін апарып, 20 минут 1200С-та стерильдейді.
Сусло-агар (СА) зең саңырауқұлақтарды, ашытқыларды және басқа микроорганизмдерді өсіруде қолданылады. Сусло (сыра ашытқысы) құрамында көмірсулар, амин қышқылдары, В тобы витаминдері минералды тұздар және басқа пластикалық материалдар мен энергияның көзі болып табылатын заттардың көптеген мөлшері (20% дейін) болады.Сусло-агарды қызбаған суслоға 2-3%агар-агарды қосу арқылы әзірлейді. Қызбаған суслоны сыра қайнататын зауыттан алуға немесе зертханада дайындауға болады. Жаңа дайындалған сыра ашытқысында қанттың концентрациясы 14-180-ке дейін жетеді. Баллинг градустары (0Б) ареометрдің көмегімен анықталады. Қанттың керекті концентрациясын келтіру үшін ортаға ағын су қосады.
Зең саңырауқұлақтарды – 4 – 60Б, ашытқыларды – 6 – 80Б, сүт қышқылды микробтарды – 8 – 120Б мөлшерінде қанттары бар ортада өсіреді.
Агар және желатин қосылған орталарды мақсаты бар дәкемен сүзу арқылы немесе тауық жұмыртқасының белогы көмегімен мөлдір етуге болады. Сарысынан ажыратылған жұмыртқаның белогын сол мөлшердегі сумен араластырып, көбіктің пайда болуына дейін араластырады. Көпіршіктелген белокты балқытып 500С-қа дейін суытылған ортаға қосып, жақсылап араластырғаннан кейін қайнап жатқан су моншасында бір сағат бойы қыздырады. Белок ұйып, қоректік ортадағы қаоқып жүрген бөлшектері өзіне тартып алады. Орта сүзілгеннен кейін мөлдірленеді.
Қоректік ортаның жоғарғы бөлігінің мөлдіреуі сонымен қатар баяу салқындату кезінде де байқалады. Бұл үшін қоректік ортаны стерильдегеннен соң оны бу стерилизаторының ішінде 10-12 сағатқа қалдырады. Қоректік орта тығыздалғанға дейін қалқып жүрген бөлшектер шыны түтіктердің немесе шыны ыдыстардың түбіне шөгеді.
Дифференциальды-диагностикалықортасы (Эндо)

Анаэробтарды өсірудің әдістері. Анаэробтарды өсіру үшін ауада немесе ортада олармен жанасатын оттегінің төменгі порциалды мөлшерін жасау керек. Бұл әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.



  1. Ең қарапайым тәсіл- қант агарынан жасалған пробиркада биік етіп қатырылған ортаға анаэроб культураларын тікелей шаншып себу.

  2. Ортаға редукциялаушы заттарды қосу. Бұл үшін құрамында 0,5 % глюкоза және малдың (немесе ет фаршы) органынан алынған кесекше еті бар сорпа, яғни Китта -Тароцци ортасы қолданылады. Кесекше етпен глюкозаның редукциялаушы қасиеті бар. Ортаның бетіне май құяды.

  3. Анаэробтарды себу үшін алдынан қоректік ортаны « регенерациялайды», яғни оттегін одан айдап шығу үшін қайнатады. Сеуіп болғаннан соң ауа енбеуі үшін ортаның бетіне парафин немесе вазелин майын құяды.

  4. Ортадан ауаны (оның ішіндегі оттегін) механикалық жолмен айдап шығару. Бұл үшін ауаны сорып алатын арнаулы аспапты - анаэростаттарды пайдаланады. Анаэростаттар жоқ болған жағдайда эксикаторды қолданады.

  5. Бұрыннан келе жатқан бір тәсіл - Кипп аппаратының көмегімен индеферент газды, мәселен, сутегін пайдаланып ауаны айдап шығу. Қосқыш түтік арқылы Кипп аппаратына жіберілген бұл газ анаэробтар орналасқан ыдысқа барып, ондағы оттегімен бірге ауаны да ығыстырып шығарады.

  6. Ауа оттегінен механикалық жолмен қорғану. Бұл үшін Виньяля-Вейон тәсілі қолайлы. Алдымен ұзындығы 50 см, ені 3-6 мм шыны түтік алады. Бір шетін капиллярлар етіп созады. Ал екінші жағын созу арқылы ептеп тартып, оған мақта тығып қояды. Балқытылған агарға зерттелетін материалды себеді, ортамен араластырып, агарды зарарсыздандырылған түтікке сорып алады. Содан соң капиллярды балқытып дәнекерлейді де, түтікті термостатқа орналастырады. Егерде себетін материал тым қою болса (бірнеше сұйылту жасау ұсынылады ) ортада сыртынан анық байқалатын бактериялар колониялары өсіп шығады. Түтікті кесіп, оларды шығарып алуға болады.

  7. Ауа оттегін химиялық тәсілмен, мәселен, арнаулы пробиркалар арқылы пирагаллолдың сілтілі ерітіндісі, 10%-ті сілті ерітіндісі мен пирагаллолдың қосылысы арқылы сіңіріп алу.

  8. Биологиялық тәсіл - анаэроб пен аэробты микробтарды қосып (Фартнер әдісі, 1928) себу. Бұл үшін Петри аяқшасына құйылған қан агарын зарарсыздандырылған ұстарамен (пинцет) қақ ортасынан бөледі. Агардың бір бөлігіне аэробтарды, ал екінші бөлігіне – анаэроб культураларын себеді. Аяқшаны төңкеріп, оны жоғарғы және төменгі беттерінің арасына ерітілген парафин майын құйып, ол қатқаннан кейін, термостатқа қояды. Алдымен аэробтар өседі. Олардың әсерінен аяқшадағы оттегі таусылғаннан соң, анаэробтар өсе бастайды.

Китта-Троцци ортасы (ЕПБС) анаэробты микроорганизмдерді өсіруге арналған.


Оның құрамында қоректік сорпа, 0,5% натрий хлориды, оттегін сорып алуға қажетті бауыр немесе бұлшық ет түйіршіктері болады. Ортаның рН-ын 7,6-7,8-ге жеткізеді. Ортаның бетіне жұқалап индифферентті вазелин майын құйып 30 минут қайнатады. Микробтарды қоректік ортаға себер алдында, қоректік ортадағы ауаны кетіру үшін, ортаны қайнап жатқан су моншасында 15 минут ұстайды. Дайындалған қоректік орталардың стерильділігін тексеру үшін оларды 3 тәулікке 370С-қа ретелген термостатқа қояды. Ешқандай микроорганизмдердің өсуінің байқалмауы ортаның жақсы стерильденгенінің дәлелі, ал өсуі бар орталар байқалса, барлық партия жарамсыз деп табылады.


Өсіруге арналған орталар
Китта-Тароцци және Цейслердің қантты қан агары. Китт –Тароцци ортасында анаэробиоз жасау принципін түсіндіреді. Цейсслердің ортасында анаэробиоз әр түрлі тәсілдермен – физикалық, химиялық, биологиялық және құрастырма әдіспен жасалады.
Анаэробты өсіруге арналған аппараттарды көрсету
Студенттердің өз бетімен істеуіне арналған.
Анаэроб культураларын студенттер топырақ лайынан бөліп алады. Сондықтан олар бір-бір пробиркадан Китт-Тароцци ортасын, Пастер пипеткасын және бір пробирка топырақ лайын алады.
Қоректік орта компоненттерінің қысқаша сипаттамасы.
Агар-агар кейбір теңіз балдырларын сумен қосып қайнату кезінде пайда болатын экстракт. Судағы пайда болған масса сілікпе тәрізді болады. Жоғарғы сапалы агар-агар ТМД, Жапония және басқа да елдерде қызыл түсті теңіз балдырларынан дайындалады. Құрамына қарай агар-агар өте күрделі органикалық қоспа (70-80% полисахарид) болып табылады. Агар-агар әлсіз сары түсті ұнтақ, пластина және жіп тәрізді болады.
Пептон – қышқыл ортада ферменттердің әсерінен толық ыдырамаған белоктардың өнімі. Оның құрамы микробтардың тіршілігіне қажетті полипептидтер мен амин қышқылдарының қоспасынан тұрады. Пептонды ірі және ұсақ қара малдың үлкен қарнынан алады. Ол суда жақсы ериді, қыздырғанда ұйымайды, тұз ерітінділерін қосқанда тұнбаға түседі.
Желатин – белоктан тұратын жануарлар желімі. Оны шеміршектерді, сүйектерді, сіңірлерді әбден қайнату арқылы алады. Олардың сырт көрінісі ашық қоңыр түсті жапырақшалар тәрізді болып келеді. Иісі, дәмі болмайды, 32-340С температурада балқи бастайды, 160С-та қатады.
7- зертханалық жұмыс: Стерильдеу тәсілдері

Сабақтың мақсатты: Стерильдеу тәсілдерімен танысып, дайындалған қоректік орталарды бу стерилизаторында стерильдеу және олардың стерильділігін термостатқа қою арқылы бақылау. Бу стерилизаторының, Кох аппаратының, кептіргіш шкафтың, Зейтц сүзгішінің және т.б. құрылысы мен істеу тәртібімен танысу.


Жабдықтар мен материалдар. Еттің суын дайындауға арналған ыдыс, 1000 с-қа дейінгі бөліктері бар термометр. Аралыстыруға арналған шыны таяқшалар. Ет тартқыш, ет, пышақ, дәке, мақта, воронка. Эрленмейердің сыйымдылығы 1 литрлік екі колбасы, 500 мл-ге дейінгі бөліктері бар мензуркалар мен цилиндрлер. Электр және газ плиталары. ЕПС мен ЕПА дайындау үшін: әр студент үшін сыйымдылығы 250 мл Эрленмейер колбасы, 100-200 мл-лік мензуркалар. Тығындарды дайындауға арналған мақталар. Сүзгіш қағаздар. Воронкалар. Қоректік орталарды дайындау рецептері. Екі-үш таразы. Пептон, натрий хлориды (ас тұзы), агар-агар, фарфордан немесе пластиктен жасалған қасықшалар. рН метр, 10% натий гидоксидінің ерітіндісі. Шаюға және рН анықтауға арналған дистильденген су (екі стаканда 200 мл-ден), 0,1; 1; 10 мл-лік пипеткалар. Бу стерилизаторлары, Кох аппараты, кептіргіш шкаф (Пастер пеші), Зейтц сүзгіші, су стерилизаторлары және басқа жабдықтар. Студенттер ет суын, ЕПС, ЕПА дайындаған соң шыны түтіктерге құйып (3-4 мл), стерильдейді.

Стерильдеу тәсілдерімен танысып, дайындалған қоректік орталарды бу стерилизаторында стерильдеу және олардың стерильділігін термостатқа қою арқылы бақылау. Бу стерилизаторының, Кох аппаратының, кептіргіш шкафтың, Зейтц сүзгішінің және т.б. құрылысы мен істеу тәртібімен танысу.


Стерилизация (лат. sterilis – ұрықсыздандыру, тұқымсыздандыру) – материалдардағы патогенді және патогенді емес микроорганизмдерді, олардың формаларын (споралары, капсулалары) өлтіреді. Бактериологиялық зертханада қоректік орталарды, шыны ыдыстарды, саймандарды, тығындарды және т.б. стерильдейді. Асептикалық жұмыстарды жүргізуге жағдай жасау үшін бокс бөлмелері мен қажетті заттарды стерильдейді. Стерилизацияда физикалық және химиялық әдістерді қолданады. Олардың механизмдік әсері әр түрлі болғандықтан екі негізгі талаптар: стерильдеуге алынған материалдардың физикалық – химиялық қасиеттерінің сақталуы және толық залалсыздануы керек.


Физикалық әдіске 1) ыстық құрғақ ауамен стерильдеу (жалында күйдіру, қыздырылған құрғақ ауамен), 2) ылғалды ыстық ауамен (қайнату, қыздырылған құрғақ ауамен), 2) ылғалды ыстық ауамен (қайнату, 1000 С ыстық бумен, 1000 С-тан жоғарғы температурадағы қысыммен, пастерлеу), 3) сүзу арқылы, ультракүлгін лампалармен, ультрадыбыспен стерильдеу жатады.
Ыстық құрғақ ауамен стерильдеу тәсілдері. Жалында күйдіру арқылы бактериологиялық инелерді, пинцеттерді және басқа да темірден жасалған заттарды стерильдейді.
Қыздырылған құрғақ ауамен стерильдеу жұмыстары арнайы кептіргіш шкафтарда жүргізіледі (12 сурет). Кептіргіш шкаф екі қабатты металдан жасалған. Оның сырты асбестпен немесе басқа ыстыққа төзімді, жылу жібермейтін материалмен қапталады. Шкаф ішіндегі ауа электр энергиясының немесе басқа жылу көзінің көмегімен қызады. Стерильдеу үрдісі 1400 С-тан төменгі температурада жоғарылаған сайын, стерильдеу мезгілі азая береді (1400 С – 2 сағат, 1700 С – 45минут). Жанғыш заттарды, қоректік орталарды, резеңкеден жасалған бұйымдарды ыстық құрғақ ауамен стерильдеуге болмайды.
Ылғалды ыстық ауамен стерильдеу тәсілдері. Қайнату арқылы шприц, ине, пинцет, скальпель, т.б. инструменттер мен кейбір резеңке және шыныдан жасалған заттарды арнайы стерилизаторларға салып, стерильдейді. Стерилизатордың екі қабатталған дәкесі бар торшасының бетіне саймандарды салып, қажетті мөлшерде 2%-дық натрий гидрокарбонаты қосылған су құйып, 20-30 минут қайнатады.
Ыстық ағымды бумен стерильдеуді Кох аппаратында 1000 С температурада 30-40 минут жүргізеді. Оның қақпағының үстінде тесіктері бар (термометрге және будың шығуына арналған) цилиндр тәрізді, бір қабаттан тұратын темір ыдыс. Ыдыстың ішінде тесіктері бар, стерильденетін заттарды қоюға арналған қойғыштары болады. Стерильдену уақытын су қайнағаннан бастап есептейді. Стерильдеу жұмыстарын үш күн жүргізеді. Себебі, біріншісінде микроорганизмдердің вегетативті формалары ғана өледі. Бациллалардың споралары стерильдеу аралықтарында вегетативті формаға айналып, үшінші күні толық жойылады. Бұл тәсілмен қоректік орталарды, т.б. материалдарды стерильдейді.
Тиндализация – 1000 С-тан төменгі температурада дробты стерильдеу. Мұндай жұмысты су моншаларында жүргізеді. Стерильдеу уақыты қолданылған температураларға байланысты болады. 70-800 С – 3 күн, 60-650 С – 5 күн, 56-580 С – 7 күн. Бірінші күні материалды 2 сағат, қалған күндері 1 сағаттан стерильдейді.
Автоклавтау – қақпағы тығыз жабылған арнай қондырғыларда (автоклавта) температурасы жоғары бу қысымымен стерильдеу (13-сурет). Автоклавта 1000 С-тан жоғары температураға төзімді қоректік орталарды, физиологиялық ерітінділерді, қағазға оралған шыны ыдыстарды, метал бикске салынған таңғыш материалдарды, халаттарды, қолданылған бактерия өсінділері мен ыдыстарды 1,5 атмосфера 1 сағат стерильдейді.
Таза материалдарды 0,5 атмосферада 30-40 минут залалсыздандырады. Автоклавтағы будың қысымы көтерілгенде температурасы да көтеріледі.
0,0505х105 ПА (0,5 атм) –температурада 110-1120 С
1,01х105 ПА (1 атм) –температурада 120-1210 С
1,515х105 ПА (1,5 атм) –температурада 124-1260 С
2,02х105 ПА (2 атм) –температурада 132-1330 С
Пастерлеу тағамдардың қоректік (сүт, ет, балық, жеміс консервілері) заттарының құндылығын сақтап қалу мақсатында қолданылады. Пастерлеу кезінде өнімдерді 30 минут 800 С-қа дейінгі температураға қыздырып, сосын тез арада 4-80 С-қа суытады. Өндіріс орындарында суытқыш жүйесі бар пастеризаторлар болады.
Сүзу арқылы стерильдеу сұйық материалды бактериологиялық сүзгілерден өткізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілмен қыздыруға болмайтын сұйық қоректік орталарды, қан сарысуларын, антибиотикті ерітінділерді залалсыздандырады. Сүзгілер қатты – керамикалық, асбесті және мембраналы болады.
Ультракүлгін сәулелермен стерильдеу зертханалардың және тағам өнімдерін ұзақ сақтау үшін залалсыздандыруға негізделген.
Ультрадыбысты су, сүт, тері өнімдері мен басқа да заттарды стерильдеуге қолданады. Ультрадыбыстардың әсерінен пайда болған кавитациялық көпіршіктер бактериялардың цитоплазмасына еніп, жасушаның ішкі құрылымын талқандайды.
Химиялық заттармен стерильдеу қоректік орталарды, вакциналарды, сонымен қатар емдік – профилактикалық қан сарысуларын химиялық заттармен консервілеу үшін қолданылады. Қоректік орталарды хлороформ, толуол, кейде эфирмен консервілейді (консерванттардан тазарту үшін ортаны 560 С-қа дейін қыздырады). Вакциналар мен емдік қан сарысуларды 0,25-0,5% фенол, 0,05% формалин немесе мертиолатпен консервілейді. Агглютинирлеуші қан сарысуларын бор қышқылы, толуол немесе глицеринмен консервілейді.
Химиялық заттарды зертхананы дезинфекциялау үшін қолданады (1-3%-ды хлорамин, 3-5%-ды фенол, 70%-ды спирт, т.б.).
Бақылау сұрақтары: 1 Қоректік орталардың түрлері мен олардың компоненттері. 2 Қоректік орта компоненттерін алу жолдары. 3 Китта – Тароцци ортасын қандай микроорганизмдерді өсіруде қолданады? 4 «Стерилизация» және «дезинфекция» туралы түсінік. 5 Стерильдеу тәсілдері 6 Ыстық бумен, қыздырылған құрғақ ауамен және дробты стерильдеудің маңызы. 7 Пастерлеу әдісі. 8 Бактериологиялық сүзгілермен сүзу техникасы, сүзу нәтижелерін тексеру.
1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік нұсқауы. Астана, 2005ж. 27-33 беттер. 2 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва, «Агропромиздат». 1988. С. 46-57. 3 Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 60-66.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет