263-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасының мазмұны Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) адамның мемлекеттік тіркеуге дейінгі және одан кейінгі аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі;
2) туған күні, айы, жылы, туған жері;
3) азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлты;
4) тіркелген жері, туу туралы акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы жазбаның негізі;
6) жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
7) мемлекеттік баждың төленгені туралы мәліметтер;
8) құжаттың берілген күні және оны берген тіркеуші органның атауы;
9) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
264-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты бұл туралы акт жазбасының негізінде адамның өзіне қатысты жасалған туу туралы акт жазбасына ғана өзгеріс енгізіледі. Басқа жазбаларға өзгерістер енгізу жүргізілмейді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру жүргізілгенін растау үшін белгіленген үлгідегі атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік көрсетіледі.
265-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік беру Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін азаматқа атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік беріледі.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік тек қана ауыстыру жүргізілген адамға мемлекеттік тіркеу орны бойынша беріледі.
266-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы мемлекеттік тіркеуге дейінгі және одан кейінгі атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін;
2) туған күні, айы, жылы мен туған жерін;
3) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасының жасалған күнін және нөмірін;
4) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізген тіркеуші органның атауын;
5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің берілген күнін;
6) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;
7) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.
Ескерту. 266-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).