Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Азаматтың аты, әкесінің аты, тегі ауыстырылғаны туралы хабарланатын мемлекеттік органдар тізбесі



бет106/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

267-бап. Азаматтың аты, әкесінің аты, тегі ауыстырылғаны туралы хабарланатын мемлекеттік органдар тізбесі
Ескерту. 267-бап алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
31-тарау. ҚАЙТЫС БОЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
268-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін:
1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.
269-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу орны
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
Ескерту. 269-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


270-бап. Қайтыс болу туралы мәлімдеме
1. Қайтыс болу туралы мәлімдемені қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын-үй пайдалану ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, қайтыс болған адамды күтіп-баққан не адам сонда қайтыс болған ұйымның әкімшілігі немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы жазбаша нысанда береді.
Осы Кодекстің 268-бабында көзделген қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге электрондық түрде келіп түседі.
Егер мәлімдеме беруге уәкілеттік берілген адамдар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжатты берген немесе соттың қайтыс болу фактісін анықтау немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермесе, онда тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге келіп түскен қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу негізіне сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны өз бетінше жүргізеді.
2. Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша сот-медициналық сараптамасы ұйымының лауазымды адамы жазбаша нысанда береді.
3. Мәлімдеме жасаушы қайтыс болу туралы мәлімдемеде қайтыс болған адам туралы мынадай мәліметтерді: қайтыс болған адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін, туған жылын, соңғы тұрғылықты жерін және оның отбасылық жағдайын, қайтыс болған жылын, айы мен күнін, қайтыс болу себебін, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін және тұрғылықты жерін көрсетеді.
4. Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаттары, әскери билеті тіркеуші органға тапсырылуға жатады.
Ескерту. 270-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.29 N 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет