Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы



бет28/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

74-бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы
1. Ата-аналар баланы заңның немесе сот шешiмiнің негiзiнсiз өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы.
Бұл талаптарды қарау кезiнде сот, егер баланы ата-аналарына беру баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
2. Егер сот ата-аналары да, бала қолында отырған адамның да оның тиісті түрде тәрбиесін және дамуын қамтамасыз етуге жағдайы келмейтінін анықтаса, сот баланы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқорлығына бередi.
12-тарау. АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕКТЕУ
75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
1. Егер ата-аналар:
1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
2) өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса;
3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;
4) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;
5) құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық заттарға және (немесе) сол тектестерге салынса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.
2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады.
Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет