Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы



бет44/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

111-бап. Жалпы ережелер
1. Құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын, аккредиттеу туралы өтініш берген кезде өз мемлекетінің аумағында аталған салада филиалдар немесе өкілдіктер құру жолымен өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асыратын бала асырап алу жөніндегі агенттіктер (бұдан әрі – агенттіктер), сондай-ақ құрылтайшылары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, аккредиттеу туралы өтініш берген кезде жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті кемінде бес жыл жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады.
2. Аккредиттеу агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі есептік тіркелгенге дейін жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органдардың, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жұмыскерлері, олардың жұбайларын (зайыптарын) және жақын туыстарын қоса алғанда, сондай-ақ адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметкерлері, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қызметкерлері бола алмайды.
4. Агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
5. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің жалпы саны жиырмадан аспауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет