Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Бала асырап алудың күшін жою негіздері



бет42/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

106-бап. Бала асырап алудың күшін жою негіздері
1. Егер бала асырап алушы:
1) өзіне жүктелген ата-аналар міндеттерін атқарудан жалтарған;
2) ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған;
3) асырап алынған балаға қатігездік көрсеткен;
4) асырап алынған балаға күш қолданған немесе психикалық зорлық жасаған;
5) асырап алынған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаған;
6) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп танылған;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген бала құқықтарын бұзған жағдайда бала асырап алудың күші жойылады.
2. Сот баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, басқа негіздер бойынша да баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы.
Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


107-бап. Бала асырап алудың күшін жою
1. Бала асырап алудың күшiн жою сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
2. Бала асырап алудың күшiн жою туралы iс бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады.
3. Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады.
Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде сот осы шешiмнiң үзінді көшірмесін тууды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi.
107-1-бап. Баланы қайта асырап алу
Сот бала асырап алу туралы шешімнің күшін жойғаннан кейін ғана баланы қайта асырап алу мүмкін болады.
108-бап. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар
Баланың ата-аналарының, бала асырап алушылардың, бала асырап алушының жұбайының, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың баланың мүддесінде бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет