Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Агенттік филиалының және (немесе)өкілдігінің құқықтары мен міндеттері



бет47/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

114-бап. Агенттік филиалының және (немесе)өкілдігінің құқықтары мен міндеттері
1. Агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі:
1) агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтарына бала асырап алуда жәрдем көрсетуге;
2) асырап алынатын бала туралы белгіленген тәртіппен және көлемде ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымды адамдардың және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне шағым жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы, бала асырап алу тәртібіндегі өзгерістер туралы ақпарат және өздерінің тікелей қызметіне қатысты басқа да ақпарат алуға құқылы.
2. Агенттіктердің филиалы және (немесе) өкілдігі белгіленген тәртіппен:
1) аккредиттеу алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін есептік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен есептік тіркеуден өтуге;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсынуға;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органын өз қызметінің басталғаны туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;
4) берілген күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болатын (асырап алуға кандидаттардың құжаттарында көрсетілген мерзімдерді қоспағанда) асырап алуға баланы таңдау үшін асырап алушыға кандидаттардың құжаттарын Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына, сондай-ақ асырап алу үшін сотқа ұсынуға;
5) бала асырап алуға үміткерлердің өтініштері негізінде баланың аты, жасы, жынысы, денсаулық жағдайы туралы ақпарат алуға;
6) бала асырап алуға үміткерлерді қабылдау мен орналастыруды және оларға бала асырап алуды ресімдеуде қажетті көмек ұйымдастыруға;
7) бала асырап алу туралы істерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуға, бала асырап алу туралы сот шешімін алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен кету үшін баланың тууы, бала асырап алу туралы куәліктерді және баланың паспортын ресімдеуде бала асырап алушыларға жәрдем көрсетуге;
8) Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алуға үміткерлердің, сондай-ақ бала асырап алушылардың мүдделерін білдіру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыруға міндетті.
3. Агенттіктердің филиалдары және (немесе) өкілдіктері Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына аумағында асырап алынған бала тұратын мемлекеттің құзыретті органы дайындаған, бала асырап алушылардың өздерінің отбасындағы балалардың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесі туралы есептер (бұдан әрі - есептер) ұсынуды ұйымдастырады.
4. Бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін алғашқы үш жылда есеп әрбір алты ай сайын ұсынылады. Кейіннен есептер жыл сайын ұсынылады.
5. Есептер тиісті шет мемлекеттің ресми тілінде ұсынылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұсынылатын есептер белгіленген тәртіппен заңдастырылуға, сондай-ақ қазақ немесе орыс тіліне аударылуға тиіс. Бұл ретте, аударманың мәтіні не аудармашының қолтаңбасы бала асырап алушылардың тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде куәландырылады не оны Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус куәландырады.
6. Асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы есептер мен ақпараттың есепке алынуы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

114-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған көлемде жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісуімен алуға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, қабылдаушы отбасыға) қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеуді жүзеге асыруға;
3) жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдар тәрбиеленушілерін отбасыға орналастыруға жәрдем көрсету үшін олардың ата-ана қамқорлығынан айырылуының нақты мән-жайларын айқындауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) бала асырап алу құпиясын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын писхологиялық даярлауды жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге, психологиялық және психологиялық-педагогикалық консультация беруге;
4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым отбасыға тәрбиелеуге орналастырған баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен қарау, оның ішінде балаға физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықты жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлауға;
5) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына өзінің қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынуға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге міндеттерді сақтауға міндетті.
Ескерту. 14-тарау 114-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4-БӨЛІМ. Қорғаншылық немесе қамқоршылық, Республикалық деректер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет