Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу



бет8/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

20-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу
Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін алты ай шегінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.
Ерлі-зайыптыларға татуласу үшін мерзім тағайындалып, істің қаралуы кейінге қалдырылған жағдайда, сот ерлі-зайыптылардың бірінің талап-арызы бойынша осы Кодекстің 22-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді шешеді.
Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық) бұзылады.
21-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) өзге де негіздер бойынша сот тәртібімен бұзу
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі болған кезде, ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін.
2. Егер кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың біреуі бір-біріне мүліктік талаптар болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өтініш берсе, ал екіншісі өзінің қарсылықтарының болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін.
22-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелер
1. Неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады. Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейінгі тектері көрсетіледі.
2. Егер ерлі-зайыптылар арасында осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша келісім болмаған жағдайда, сондай-ақ, осы келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталған жағдайда, сот:
1) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде балаларды күтіп бағуға алименттер төлейтінін айқындауға;
3) кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуге;
4) жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екінші жұбайдың талап етуі бойынша осы қаражат мөлшерін айқындауға міндетті.
3. Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті бөлу туралы жеке іс жүргізуді талап етуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет