Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Отбасының басқа мүшелерінен сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері



бет70/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

156-бап. Отбасының басқа мүшелерінен сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
1. Осы Кодекстің 151-155-баптарында аталған адамдарға алименттің мөлшері мен оны төлеу тәртібі тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.
2. Тараптардың келісімі болмаған кезде сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот әрбір жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.
3. Егер отбасының алимент талап етуші мүшесін бір мезгілде бірнеше адам күтіп-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық және отбасылық жағдайларына қарай олардың әрқайсысының алимент төлеу жөніндегі міндетін орындауға қатысу мөлшерін айқындайды. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот алимент төлеуге міндетті адамдардың бәріне, олардың біреуіне немесе бірнешеуіне талап-арыз берілгеніне қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.
22-тарау. АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
157-бап. Алимент төлеу туралы келісім жасау
Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады.
158-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны
Алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және ол нотариатта куәландырылуға тиіс.
Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларында көзделген салдарларға әкеп соғады.
159-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі
1. Алимент төлеу туралы келісімді жасауға, орындауға, өзгертуге, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасауды, орындауды, өзгертуді, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.
2. Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге тыйым салынады.
3. Тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайлары елеулі түрде өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде, мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешу кезінде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет