Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Алимент алушының мүддесін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану



бет71/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

160-бап. Алимент алушының мүддесін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану
Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін күтіп-бағу шарттары олардың мүдделерін елеулі түрде бұзатын болса, атап айтқанда, осы Кодекстің 161-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда, мұндай келісім кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
161-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшері
1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар осы келісімде айқындайды.
2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу туралы келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған кездегі алуы мүмкін алименттің мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
162-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің тәсілдері мен тәртібі
1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің тәсілдері мен тәртібі осы келісімде айқындалады.
2. Алимент оны төлеуге міндетті адамның табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлеспен кезең-кезеңмен төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; біржолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ақ келісімде қол жеткізілген өзге де тәсілдермен төленуі мүмкін.
Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің әртүрлі тәсілдерін ұштастыру көзделуі мүмкін.
23-тарау. АЛИМЕНТТІ СОТ ТӘРТІБІМЕН ТӨЛЕТТІРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІП АЛУ ТӘРТІБІ
163-бап. Алиментті сот шешімі бойынша өндіріп алу
Осы Кодекстің 143-155-баптарында аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
164-бап. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері
1. Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.
2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады.
Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет