көзделген жағдайларды қоспағанда,
ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;
2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі
болмаған;
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-
әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған;
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған
жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
3. Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтініш берген
күннен бастап бір ай өткен соң неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
4. Ерекше жағдайларда сот осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге
дейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқылы.
20-