«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешім шығару кезінде сот



Pdf көрінісі
бет57/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   295
Байланысты:
Неке

бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешім шығару кезінде сот 
шешетін мәселелер
1. Неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке 
толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) 
еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың 
мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді соттың 
қарауына ұсына алады. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылар 
өзінің тегін таңдауды некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеу кезінде 
шешеді. 
2. Егер ерлі-зайыптылар арасында осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер 
бойынша келісім болмаған жағдайда, сондай-ақ, осы келісім балалардың немесе ерлі-
зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталған жағдайда, сот: 
1) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-
аналарының қайсысымен тұратындығын айқындауға; 
2) ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде балаларды күтіп бағуға алименттер 
төлейтінін айқындауға; 
3) кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың өздерінің 
мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен 
ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуге; 
4) жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екінші жұбайдың талап етуі 
бойынша осы қаражат мөлшерін айқындауға міндетті. 
3. Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті 
бөлу туралы жеке іс жүргізуді талап етуге құқылы. 
23-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет