«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


бап. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың өз міндеттерін атқаруы



Pdf көрінісі
бет156/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   295
Байланысты:
Неке

бап. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың өз міндеттерін атқаруы
1. 
Қорғаншылар заң жүзiнде қамқорлыққа алынушылардың өкiлдерi болып табылады 
және олардың атынан және олардың мүддесінде барлық қажеттi мәмiлелердi жасайды. 
2. 
Қамқоршылар өздерiнiң қамқоршылығындағы адамдардың өз бетiнше жасауға 
құқығы жоқ мәмiлелердi жасауға келiсiм бередi, қамқорлыққа алынушыларға өз 
құқықтарын жүзеге асыруына және мiндеттерiн атқаруына жәрдем көрсетедi, сондай-ақ 
оларды үшiншi тұлғалардың тарапынан жасалатын қиянаттардан қорғайды. 
Қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыларды өз есебiнен күтіп-бағуға 
мiндеттi емес. Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу қамқорлыққа алынушының алатын 
жалақысы, алиментi және басқа да әлеуметтiк төлемдерi есебiнен, сондай-ақ оған тиесiлi 
мүлiктің есебiнен жүзеге асырылады. 
Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға жеткiлiктi қаражат болмаған кезде, 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар 
оны күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындайды. 
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы 
тағайындау тәртібін және төлеу мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
айқындайды. 


3. 
Қорғаншылар немесе қамқоршылар өздерiнiң қамқорлығына алынғандарды күтіп-
бағу, олардың күтімі мен емделуiн қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерiн 
қорғау жөнінде қамқорлық жасауға мiндеттi. Көрсетілген мiндеттер сот әрекет қабiлетi 
шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың және әрекетке толық қабілетті деп 
жарияланған кәмелетке толмағандардың қамқоршыларына жүктелмейдi. 
4. Егер адам әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған негіздер 
жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп 
тану туралы сотқа өтініш беруге міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет