137-4- бап. Бала қонақтайтын отбасына берілетін бала 1. Шарт бойынша бала қонақтайтын отбасына баланы беру үшін баланы алдын ала
таңдауды бала тұрып жатқан білім беру ұйымымен және қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала
қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адам жүзеге асырады.
Балалардың мүддесіне сай келетін және балалар өзінің туыстық қатынасы туралы
білмейтін, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, аға-iнiлер
мен апа-сiңлілердi (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
2. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдауға тілек білдірген адамға баланы беру
оның пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала оның келісімімен
ғана берілуі мүмкін.