Азаматтық кодексіне
сәйкес оларға, оның мүдделерін білдіру үшін сенімхат беріледі.
242-
бап. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе ұзақ
мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-
зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны
үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені
(ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеген жағдайда, тіркеуші орган өтініш түскен
күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз
жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне
қорғаншыға хабарламаны алған күннен бастап қырық бес күн мерзім белгілей отырып
хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы
өтініш бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы жазбаша хабарлауға құқылы.
243-
Достарыңызбен бөлісу: |