«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру



Pdf көрінісі
бет271/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   295
Байланысты:
Неке

246-
бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының негізінде белгіленген 
үлгідегі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті тіркеуші орган олардың өтініші 
бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу уақытына қарамастан, 
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркелген орны бойынша ерлі-
зайыптылардың әрқайсысына береді. 
247-
бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік 
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік мынадай мәліметтерді: 
1) атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін (неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға 
дейінгі және одан кейінгі, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер 


бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке басын куәландыратын құжатта 
көрсетілген болса, ұлтын; 
2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын 
құжат туралы мәліметтерді; 
3) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күнін; 
4) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актінің жасалған күні мен нөмірін; 
5) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік берілген адамның атын, әкесінің 
атын (егер бар болса), тегін; 
6) 
құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның атауын; 
7) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін қамтиды. 
Егер неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылса, некені (ерлі-зайыптылықты) 
бұзу туралы куәлікте некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің заңды 
күшіне енетін күні көрсетілуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет