252-
бап. Бала асырап алу туралы акт жазбасының мазмұны
Бала асырап алу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) баланы асырап алуды мемлекеттік тіркегенге дейінгі және одан кейінгі баланың
аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі;
2) баланың туған күні, айы, жылы, туған жері және азаматтығы;
3) ата-анасының аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, азаматтығы, акт жазбасында
немесе баланың туу туралы куәлігінде болған кезде, ұлты;
4) бала асырап алу туралы акт жазбасының жасалған күні және нөмірі, баланың тууын
мемлекеттік тіркеуді жүргізген тіркеуші органның атауы;
5) бала асырап алу туралы актінің жасалған күні;
6) бала асырап алушылардың аттары, әкелерінің аттары (егер бар болса), тектері,
азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе, ұлты, табыс көзі
немесе жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері;
7) бала асырап алушылардың баланың ата-анасы болып жазылғаны не жазылмағаны;
8) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылатын құжат туралы
мәліметтер;
9) бала асырап алу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
253-
Достарыңызбен бөлісу: