249- бап. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу бала асырап алу туралы сот шешім шығарған,
баланың туған немесе тұрған жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.
250- бап. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш 1. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу жеке басын куәландыратын құжаттарды
көрсеткен және соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін
ұсынған кезде бала асырап алушының жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.
Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанын Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
Бала асырап алушылар бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беруге
жазбаша нотариатта куәландырылған нысанда басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
2. Егер бала асырап алушылар немесе уәкілетті адам соттың бала асырап алу туралы
шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде бала асырап алуды мемлекеттік
тіркеу туралы өтініш жасамаған жағдайда, тіркеуші орган бала асырап алу туралы шешім
шығарған соттан түскен шешімнің көшірмесі немесе сот шешімінің үзінді көшірмесі
негізінде бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны дербес жүргізеді.