30) отбасылық жағдай - некеде (ерлі-зайыпты) болу не болмау немесе некені (ерлі-
зайыптылықты) бұзу, жесірлік, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің
болуы немесе болмауы;
31) патронат - жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған
балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт
бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны;
32) репродуктивтік денсаулық - адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін
көрсететін денсаулығы;
33) суррогат ана - суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін
қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ
көтеретін және бала (балалар) туатын әйел;
34) суррогат ана болу - сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар
арасындағы шарт бойынша, күні жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала
(балаларды) көтеру және туу;
35) суррогат ана болу шарты - некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және балалы
болғысы келетiн адамдар мен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды
қолдану жолымен бала көтеруге және тууға өз келiсiмiн берген әйел арасындағы
нотариатта куәландырылған жазбаша келiсiм;
36) туыстар - үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық
байланыстағы адамдар.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, «бала (қыз) асырап алу» және «бала асырап
алу», «бала (қыз) асырап алушылар» және «бала асырап алушылар», «асырап алынған
балалар (қыздар)» және «асырап алынған балалар», «бала (балалар)» және «бала», «ата-
аналар (ата-ана)» және «ата-аналар», «ерлі-зайыптылар (жұбайы, зайыбы)» және «ерлі-
зайыптылар» деген ұғымдардың мәні бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: