3-
бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасымен реттелетін
қатынастар
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1) отбасы мүшелері: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және
шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді,
мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді;
2) некеге отырудың (ерлі-зайыпты болудың), некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың
және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына
орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейді;
5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың функцияларын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |