«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері



Pdf көрінісі
бет39/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   295
Байланысты:
Неке

2-
бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері
1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында 
болады. 
2. 
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы: 
1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі; 
2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі; 
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік; 
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу; 
5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-
ауқатты болуына қамқорлық; 
6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің 
құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау; 
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы 
құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері; 
8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына 
негізделеді.
3. Тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана танылады. 
Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші 
органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық 
салдарлар тудырмайды.
Еркек пен әйелдің, сондай-ақ бір жыныстағы адамдардың шын мәнінде бірге тұруы 
неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды. 
4. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) кезінде және отбасылық қатынастарда шығу тегi, 
әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, нәсiлі, ұлты, тiлі немесе діни көзқарасы 


немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез 
келген нысандарына тыйым салынады. 
Азаматтардың неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарындағы құқықтары 
тек заң негізінде және бұл тек конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, 
адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершілік 
құндылықтарын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сол шамада шектелуi 
мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет