Неліктен мемлекеттер сәтсіздікке ұшырайды



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата02.03.2022
өлшемі209,13 Kb.
#133984
1   2
Байланысты:
Неліктен мемлекеттер сәтсіздікке ұшырайды аударма
ай мен кун

Document Outline

  • 4. Оң және теріс циклдар
  • Ел даму барысында бірқатар оқиғалар мен жағдайлар орын алады. Бұл оң(өркендеу) және теріс(кедейшілік) салдарларға алып келеді.
  • Оң цикл (virtuouscircle) — бұл оң нәтижеге алып келетін шешімдер, оқиғалар мен жағдайлар. Оң цикл инклюзивті мемлекеттің дамуына ұмтылатын елдерге тән. Циклдің логикасы саяси және экономикалық плюрализмді насихаттауға негізделген.
  • Осылайша, Англияда заң үстемдігі, заң алдындағы теңдік, тәуелсіз БАҚ және білім берудің жоғарғы деңгейі сияқты саяси және экономикалық жүйенің инклюзивті маңызды белгілері пайда болды. Бұл индустриялық төңкерісті ынталандырып, экономикалық өсудің жоғарғы деңгейіне, сондай-ақ мемлекеттің ары қарай дамуына жол ашады.
  • Ал кері үдерістер теріс циклде (viciouscircle) пайда болады. Англияның африкалық отарын мысал ретінде алсақ, қателеспейміз. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел билеушілері Америка ашылу кезіндегі дамуын, құл саудасын, яғни экстрактивті институттардың механизмін қолданып, олардан құтылуға әрекет жасамады. Теріс циклдің логикасы – экстрактивті саяси институттардың саяси элита билігін шектемеуі. Көптеген адамдардың байлық көзіне қызығушылығы және қоғамдағы теңсіздіктің артуы.
  • 6. Өндіріс төңкерісінің өзгерісті кезеңі
  • Өндірістік төңкеріс басқа елде емес, Англияда болуы кездейсоқ жағдай емес болар. Экономикалық және техникалық прогресс елдің көркеюіне әкеледі. Бірақ шығармашылық жою мен саяси рөлдерді қайта бөлуі саяси элитаны қорқытады. 1265 жылғы Англиядағы Парламент пен бұрын соңды болған Ұлы Хартия, монархтардың еркіндігі мен билікті асыра пайдалануын шектеген. Парламент тең құқықты адамдардың қоғамдық тобынан құрылып, олардың құқықтары мен мүддерлерін қорғады. Шіркеу билігін шектеу үшін әрекеттер жасалып, бұл мемлекеттің инклюзивтік дамуына әкелді. Монарх пен саяси элитаға наразылық білдіруге қабілетті топтардың кеңеюі мен қоғамдық тәртіпсіздіктер осы саяси өзгерістердің себебі болды. Парламенттің сайлануымен, петиция - экономикалық институттарға өзгерістер енгізудің маңызды құралы болды. Олардың көмегімен монополиялар жойылып, еркін сауда-саттық енгізілді. Банк және қаржы жүйесінің рөлі кеңейді. Мемлекеттің дамуы мен қайта құрылуы барлық жағынан дамыды.
  • Англия мен Францияда индустрияландыру мен технологияны дамыту белсенді түрде жүзеге асып жатса, басқа елдерде абсолютизмнің басым болуы, Өндіріс Революциясының қозғалысын айтарлықтай тежеді. Кейіннен мемлекеттер арасында үлкен айырмашылықтар байқалды. Мысалы, Испанияда, ағылшын парламентіне ұқсас мемлекеттік орган бар еді. Бірақ тек атаулы түрде жұмыс атқарып, барлық шешімдер корольдің пайдасына шешілді.
  • 7. Сыртқы әсерлер
  • Жеке географиялық аймақтардағы институттардың дамуы, көптеген жағдайларда, сыртқы араласу арқылы анықталды. Орта ғасырларда дәмдеуіштерді экспорттайтын Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, өз бақылауын орнатуға тырысқан еуропалықтардан зардап шекті. Агрессивтік дипломатия, жергілікті билік өкілдері арасында келіссөздер, кейбір жағдайларда әскери күштер жүріп отырды.
  • Осылайша, Банда архипелагында мускат жаңғағының экспортына бақылау орнатуға тырысқан голландиялықтар, жергілікті халықтың шамамен 15 000 жойды. Нәтижесінде, Еуропа алдыға дамуға мүмкіндік алып, ал Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ұзақ уақыт тәуелді болды. Өркендеу үшін қолайлы мемлекеттік институттарды құруға ешқандай мүмкіндіктері болмады.
  • Дәл осындай ұқсас жағдай, Африка елдерінде дамып, құлдар саудасы бой алды. Ол XVII ғасырдың бірінші жартысында, Кариб теңізінің қант өсімдіктерінің дамуы кезінде шыңына жетті.
  • Арам бизнеске еуропалықтар мен американдықтар емес, сонымен қатар африкалық елдердің саяси элиталары, тіпті діни ұйымдар да қатысып, өз отандастарын сатты. Бұл мемлекеттік институттардың тиісті өзгерістерімен жүріп отырды. Кейбір елдерде кез келген теріс қылық үшін құлды сату заңы қабылданды.
  • 8. Мемлекеттердің қазіргі жағдайы қандай?
  • Әр түрлі елдер дамуының тарихи динамикасын қарастырғаннан кейін, қазіргі заман мысалдарына сүйену маңызды. Бүгінде мемлекеттер бұрынғыдай құлдырау үстінде, себебі экстрактивті экономикалық институттар мемлекеттің өсуі мен инновацияларды дамыту үшін қажетті ынталандырмайды. Ал саяси институттар қазіргі жағдайдан жеке пайдасы бар адамдардың билігін күшейтеді.
  • Зимбабве президенті Роберт Мугабе билік басына келгенде, конституцияны қайта жазып, биліктің үш тармағын жойды. Содан кейін, бірінші халықтық толқуларда, қатаң тәртіпті әрі қарай қатайтуды жалғастырды. Нәтижесінде, қазіргі кезде мемлекет абсолюттік монархиялы ел. Экономикалық жағдайы нашар, инфляция деңгейі жылына 200-300% құрайды.
  • Азия елдерінің мысалы ретінде Солтүстік Кореяны алайық. Ел жоспарланған, орталықтандырылған экономикалы, коммунистік партия билік жүргізетін ел. Билік Ким әулетінің қол астында шоғырланып, билік әкеден балаға мұра ретінде қалады. Халық мемлекеттік мекемелерде еңбек етіп, төмен жалақы алуға мәжбүр болды. Қытай елінен жиі заңсыз жеке сауда және контрабандамен айналысады. Аса тиімді инклюзивтік институттар, яғни жеке кәсіпкерлікті заңдастыру ел экономикасы дамуына қажетті ынталандыру. Бірақ бұл қазіргі абсолюттік билікті қатерге ұшыратады.
  • Экстрактивті институттар түрлі жолдармен ұйымдастырылуы мүмкін, бірақ олардың өмір сүруі әрқашан өзгеріссіз. Олар мемлекеттердің тұрақты дамуына жол бермейді. Егер мемлекеттің құлдырауына экстрактивті институттар себеп болса да, бұл кейін болатын жағдайдың өзгересін білдірмейді. Көтерілістер мен революциялар жағдайында да, инклюзивті дамуға қажетті ынталандырулары жоқ жаңа үкімет, қазіргі жағдайды пайдалануды жалғастырады.
  • ҚОРЫТЫНДЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет