Немат Келімбетов Үміт үзгім келмейді



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата30.11.2023
өлшемі1,09 Mb.
#194265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Үміт үзгім келмейді

— 
Жерге көмеді
— 
Неге?
— 
Өиткені ол ешқашанда қайтып тірілмейді
— 
Мені де сөйте ме?
— 
Иə
Сонда шаһзада қатты ашуланып «Жок, өмірді енді қайтып көргім
келмейді!» — деп үңгіріне кіріп кеткен екен. Содан қайтып шықпапты
Ақылбек хикаясын аяқтап, сəл күлімсірегендей боп — Иə, жігіттер,
аурусыз, кəріліксіз, өлімсіз өмір жоқ, — деді. Шынында да, өмір бар
жерде өлім бар. Бұл атам заманнан бері мəлім ақиқат қой. Несіне оған
бас қатырам? Əйтсе де, əр қадым сайын аңдысып жүретін ажал қатерін
адамға біржола ұмыттырып жіберудің өзі-ақ өмір күшінің ұлылығын
дəлелдемей ме?
Тыныштық, бейбіт кез түгілі, кейде адам борап тұрған оқ астында
жүріп-ақ ажал үрейінен қаймықпайды ғой. Алға қойған биік мақсат-
мұратына жету үшін үрей атаулыны мүлдем ұмытып кетеді. Жоқ!
Ұмытпайды. Оны менсінбейді. Мойындамайды. Тіпті оны ойлағысы да,
түсінгісі де келмейді. Ажалды есепке алмайды. Оның бары Да, жоғы да


бəрібір оған. Мұндай жандарды мен өмірдің нағыз қожалары дер едім.
Олар ешқашанда жалтақтамайды. Сары уайымға салынбайды. Көлденең
келген көк аттыға мүңын шаға бермейді.
Гауһар' Осындай, табанды жандарға қызығамын. Қолымнан келсе, мен
де тура солардай болар едім «Болмасаң да ұқсап бақ» деген емес пе?
Несі бар, мүмкін ақыры ұқсап та қалармын. Мен ертеңгі операциядан
тайсақтамай, оған бекем бел буып отырмын ғой. Соның өзі осы мақсатқа
жетер жолдағы алғашқы адым емес пе? Əйтпесе бағана профессор
кабинетіне кіргенде «Жігітім, əлі де ойлан. Біз сені зорламаймыз. Тек
осылай юте деп кеңес қана береміз», — деді. Демек, мен операцияға өз
қалауым бойынша, тіпті өзім сұранып бара жатырмын. Солай емес пе?
Мен тек бір ғана нəрсеге өкінем, Гауһар. Мына қайталанбас өмірдің
барша құнын кештеу түсіңдім бе деп қорқам «Ертең операция», — деген
сөзді естіген соң ғана ұйқыдан оянғандай, көзім ашылғандай болды.
Өмірден де, табиғаттан да, адамдардың жүзінен де осы күнге дейін
көрмей келген ізгілікті, сұлулықты, жылылықты аңғардым Бірақ


тіріліктің бар қүнын ажал алдында ғана сезініп, кеш ұғынудан үрейлі
азап жоқ шығар. Осыны ойлағанда ет жүрегім езіліп, ішім бордай
үгіледі. Кеш те болса соны əйтеуір бір түсінгеінмді көңіліме демеу
тұтам. Əйтпегенде ше? Қара жерге кіргенше соны ұқпай, өмірдентəлім
алуға да жарамай, тұғырдан тайып кетіп жатқандар аз ба?!
4
Гауһар' Мен осында бір кісімен таныстым. Жасы алпысты алқымдап
қалса керек. Əйтсе де, өзі сондай ширақ. Əзілқой, қуақы, қалжыңбас
адам. Маңайына жанап кетсең-ақ күлкіден аузыңды жиғызбайды. Аузын
ашса-ақ шіексілең қатып күле бересің. Ол жатқан палатаны аурулар өзара
«күлкі бөлмесі» деп атайды.
Кейде біздер палатада қанша қамығып отырсақ та, əлгі кісі келгенде
бəріміз жадырап сала береміз. Онымен əңгімелескен соң көңіліміз
көтеріліп, масайрап, бір түрлі рақаттанып қаламыз. Сиқыры бар сияқты
Қашан көрсең де ол жайма-шуақтанып, шат шадьшан боп, жайраң қағып
жүреді.
Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ осы адамның төрт құбыласы түгел шығар
деп ойлаушы едім. Сөйтсем, ол байғұстың өмірде көрмеген азабы жоқ
екен. Əбден көр азабын тартып, сан рет тағдырдың уын ішіпті. Бірақ
басына түскен таудай тауқымет те оныңмеселін қайырып, қажырын
мұқата алмаған екен. Мұның бəрін мен кейінірек өзінен емес, өзгелерден
естіп білдім.
Сол адам кешегі сұрапыл соғысқа бір қол, бір аяғын беріп қайтыпты.
Əйтсе де, оның ағаш аяққа жақсы машықтанып алғаны сондай, оның
жалғыз аяқпен жүргенін ешкім сезбейтін болған. Ол өзі бір аяқ, бір
қолмен жүріп- ақ көп жылдар бойы осындағы үлкен бір заводта бас
инженер боп істеп келген. Осыдан бес жыл бұрын ол қатты науқасқа
шалдығып, əлгі жалғыз сау аяғы да жансызданып қалады. Дəрігерлер
омыртқасының ішінде ісік бар деп табады. Сөйтіп, оған операция
жасайды.
Ауруханада сарғайып екі жыл бойы жатады. Енді ол бір таяққа
сүйеніп, əрең қозғалатын боп қалды. Бірінші топтағы мүгедек ретінде
завод оған тəп-тəуір пенсия беріп, құрметті демалысқа шығарды. Жеңіл
машина сатып алуына көмектеседі.
Бірақ ғұмыр бойы тер төгіп, адамдар арасында жүріп үйренген жан


үйінде жайбарақат отыра алмайды. Жасы елуден асып қалған шағында
мамандығын өзгертеді. Алты айлық бухгалтерлік курсты бітіреді де, сол
өзі істеген заводта экономист болып істей береді.
Алғашқы кезде оның машинаға мініп, түсіп жүруіне əйелі көмектескен
екен. Бірақ күйеуінің енді қайтып өз аяғына мініп, жер басып кете
алмайтынына көзі жеткен соң əйелі ажырасып, басқа біреуге тұрмысқа
шығып кетіпті.
Сол кезде ер жетіп қалған жалғыз ұлы автомобиль апатына ұшырап
қаза табады. Қазір үш бөлмелі үйде жалғыз өзі тұрады. Омыртқасына
екінші рет операция жасатпақ боп жатыр.
Міне, нағыз адам деп осыны айт, Гауһар.
Ал, кейбір жаны жасық, сүйегі күйреуік біреулер болмашы нəрсені
көтере алмай, ақыр заман орнап қалғандай басын тауға да, тасқа да
соғады. Жанын қоярға жер таппай аласұрады. Бұлар — дəрменсіздер.
Қорқақтар. Бейшаралар. Мұндайлар ащы шындықтың бетіне тік қарауға
қорқады. Өздерінің дəрменсіздігін жүртқа білдіргісі келмейді. Сол үшін
өмірдің өзінен қашып, үңгірге барып бой тасалайды Өзіне-өзі қол
жұмсайды. Басқа түскен қиындықтан өліп құтылуға тырысады.
Алғашында мен оларды жүрек жұтқан батыр жандар шығар деп
жүрдім. Өзіне-өзі қол жұмсағандардың қоян жүрек қорқак, бейшара
екенін кейінірек өз басыма таудай тауқымет


түскен кезде ғана ұқтым. Ұқтым да əлденеден жиіркендім.
Біреулердің дəрменсіздігі арқама аяздай батты.
Бұлар — көзі болса да көрмейтін, құлагы тұрса да естімейтін, тілі бар
десек те сөйлей алмайтын тірі жансыздар. Олар өмірдің қайталанбас
ғажайып көркін көруге, барша құнын түсінуге, сиқырлы əуенін тыңдауға
дəрмені жетпегендер. Олар анадан туып, жарық дүниеге келгенмен де,
айналасына жалтақтап қарағанмен де ешқашан мына өмірдің шынайы
бейнесін көрген емес, сезген емес, ұққан емес. Өмірге үйқылы-ояу кеп,
өмірден сол дел-сал күйінде аттанып кеткендер олар.
Əйтпесе көкірек көзі ашық адам табиғаттың осыншама сұлулығын,
адамдардың көл- көсір ықылас-мейірімін, балалардың кіршіксіз күлкісін
қалай ғана қиып, өзін-өзі өлтіреді, ə? Қайта адамдар өмір қызығын көру,
сезіну, есіту үшін күресіп, сол үшін жан пида етіп жатқан жоқ па?!
Майданда кейбір жүрексіздер қолында қаруы бола тұрып, жаумен бетпе-
бет ұшырасуға дəті шыдамай зəресі ұшып қорқады да, өз ықтиярымен
күрестен бас тартады — душпанына өзі барып түтқын болады. Сөйтіп
қара бастың қамы үшін бүкіл елін, достарын, туған-туыстарын сатып
шыға келеді.
Өзіне-өзі қол жұмсағандарды да, меніңше, ел-жұртына дəл сондай
опасыздық жасағандар деп есептеу керек. Рас, бізде ондайлар көп емес.
Бірақ бар ғой. Бірен-саран десек те үшырасып қалады емес пе? «Мың
досың болса — аз, ал бір дұшпаның болса — көп» дейді халық
даналығы. Демек, арамызда бір опасыз жан жүрсе, ол аз емес.
Бұлар өздерінің түкке түрғысыз, рухани жағынан қайыршы жандар
екенін іштерінен жақсы біледі. Бірак ғүмыр бойы сонысын басқаларға
сездірмеуге тырысып, сол үшін жан ұшыра əрекет жасайды. Сол
құпиясы ашылғанша іштей қалтырап-дірілдеп жүрсе де, сыртқа дөң
айбат көрсетумен болады. Бірақ жұрт ақыры бір күні оның кім екенін
біледі. Шындықты бетіне басады. Сол сəтте ол қолға түскен ұрыдай
масқарасы шығады. Сонша жыл «артист» боп жүрген адам енді мына
күйінде жүрттың бетіне қарауға жүрегі дауаламайды. Ақыры өзін-өзі
құртып қана тынады ондайлар.
Əрбір адам өмірдің қызығын, тіршіліктің лəззатын, адамның
ұлылығын бұдан да асқар шыңдарға асқақтата түсуге өз халінше үлес
қосу керек емес пе? Міне, осындай киелі парызды өтеуден өз еріктерімен
əдейі бас тартқан адамды кім деуге болады? Əдетте еліне опасыздық
жасағандарға қатал үкім шығарады. Соттайды. Заң солай.


Ал, ел-жұрттан теріс айналып, өмір сүруден өз еркімен безгендерді
не істейді? Не істеуге болады? Олар өздеріне- өздері-ақ өте əділ үкім
шығарып қойған жоқ па? Соның өзі-ақ жетпей ме? Жоқ! Олар үшін бұл
жаза тым аздық қылады. «Өліп кету қиын емес, өмір сүру қиын», —
депті ғой бір данышпан. Сол қиындықтан қашқандардың əділ жазасын
тірілер беруі керек. Егер менен біреу ондайларға енді не істеуге болады
деп сұраса, мен былай дер едім: «Осындай ғажайып өмірден қашқан
қарабеттердің есімін өзгелер түгілі, өз ұрпақтары да ешқашанда ауызға
алмайтын болсын! Халқына осылайша опасыздық жасаған
сатқындардың есімі жаңа туған күнəсіз нəрестелерге берілмейтін
болсын! Көзінің тірі кезінде өз халқымен бірге жүріп, бірге тұрып
көрмеген, оның қуанышы мен қайғысына ортақ болғысы келмеген
мұндай қорқаулардың өлексесін де қасиетті адамдардың беиітіне
жолатпайтын болсын!»
Міне, сонда ғана біздер бүкіл жер бетіндегі мұндай опасыздық
атаулыға əділ үкім шығарған боламыз.
Қайдағы-жайдағыны ойлай береді екенсің деп маған ренжіме, Гауһар!
Мынадай ауруханада, яғни өмір мен өлім күн сайын, сағат сайын
арпалыска түсіп, бірде адам, бірде ажал жеңіп жатқан жерде кісі өзінен-
өзі-ақ қиялшыл боп кете ме деп қалдым. Шынымды


айтсам, мен ғұмырымда бұрын-соңды өзім хақымда, сен туралы,
балаларымыз жөнінде, жалпы айналамыздағы адамдар жайында дəл
қазіргідей көп ойланып, толғанған емеспін. Бұл жағынан алып қарасақ:
менің ауырып қалғаным зиян емес, қайта өзіме пайдалы болды ма деп
ойлаймын.
Айдың күні аманда біздер еш нəрсеге шындап ой тоқтатып
жатпаймыз ғой. Бəрін асығыс ойлап, асығыс істеп келген сияқтымын. Бір
қызығы сау-саламат шағымда өзіме түсініксіз боп келген құбылыстың
бəрі қазір маған ап-айқын, түсінікті боп тұр. Бұрын тіпті кейбір
достарымның аумалы-төкпелі, құйты мінездеріне, оғаш қылықтарына
миым жетпей іштей қайран қалып жүруші едім. Бүгін сол оғаш
қылықтардың астарын өз көзіммен көріп тұрғандаймын. Баяғыдан бері
осылайша, бүгінгідей ойлай алғанымда ғой, мен осы күнге дейін
басқалар сезбеген көп нəрсенің сырына қанық болар едім.
Мүмкін, дос-жарандар, туған-туысқандар хақында онша көп біле
бермегеніміз дұрыс та шығар. Əйтпесе б і з шамадан тыс міншіл,
сыншыл, кінəмшіл боп кетер едік. Ал, жөнді білмеген соң б і з əдетте
жаманын жасырып, жақсысын асырып, белден басып кете береміз ғой.
Тегінде, сол дұрыс болар.
Гауһар! Мені біресе оны, біресе мұны əңгімелеп, əр нəрсенің басын
бір шатып кетті деп ойлайтын шығарсың. Жоқ! Өтінем, нақ осы тұста
мені дұрыс түсінуге əрекет жасашы. Саған бағанадан бері айтып
отырғаным да, енді айтарым да тек жалғыз ғана пікір. Егер өзіңе бір ғана
ойды дəл жеткізу үшін шамадан тыс езбеленіп, ділмəрлік жасап кеткен
болсам, онда мені кешірерсің.
Темірдің сапасы қандай екенін отқа қыздырып көрген соң ғана біледі
емес пе? Меніңше, адам да солай. Əншейін кезде кісі өзін-өзі білмейді.
Ғұмыр бойы өзін-өзі білмей, дүниеден өтіп кететіндер де аз емес. Əрбір
адам өз басына таудай тауқымет түспей, аздап азап отына күймей өзін-
өзі біле алмаса керек. Ал, мен «ертең операция» деген сөзді естіген
минуттан кейін ғана өзімнің кім екенімді білдім десем иланасың ба? Бұл
сөзім саған сенімсіздеу естілуі ықтимал. Өйткені жай уақытта адам басқа
біреу түгілі, өзін-өзі терең түсініп, терең сезінуге əрекет жасамайды.
Мұндай сезімдерге мəн бермейді. Жалпы адамның табиғаты солай
шығар.
«Адам үшін ең киын нəрсе не?» Бұл сауалға сонау көне заманның
ақыл-ой алыптарының бірі Фалес: «Өзін-өзі танып-білу», — деп жауап


беріпті. «Өмірдегі ең оңай іс не?» — деген достарының сауалына
данышпан: «Басқа біреуге кеңес беру», — деген екен. Бұл — ақиқат
пікір. Бірақ сол шындыққа кейде көз жеткізіп, көңіл сендірудің өзі де
жеңіл-желпі іс емес қой.
Мен сияқты басқалар да өзінің қандай адам екенін жаны жарға
таянғанда ғана сезе бастай ма екен? Əлде өзінің не қорқақ, не ер жүрек,
не мейірімді, не тасбауыр, не нанғыш, не күдікшіл екенін о бастан-ақ
жақсы біле ме? Бірақ сын сағат соққан сəтте сол жайшылық кездегі өзің 
туралы пікірдің көбі қате боп шығады-ау деп ойлап қалдым. Мен бұрын 
өзіме-өзім құдды жас баладай нанғыш адам боп көрінуші едім.
Күдікшілдеу жан екенімді қазір ғана байқадым. Өткенге ой жүгіртіп
қарасам, менің сапты аяқтан ас құйып, сабынан қарауыл қарайтындай
тым секемшіл боп кеткен кездерім де болған екен. Оған тек қазір ғана
анық-қанық көзім жетіп, көңілім сенген сияқты.
Ақиқатқа көз жеткізу үшін адам кейде əлденеге күдіктеніп те қалады.
Бұл табиғи құбылыс. Бірақ ашығын айтқанда сенімсіздік жиіркенішті
сезім емес пе? Соны қалай ұқпай келгем. Рас, күдіктің жақсы нəрсе емес
екеніне бұрын да ақылым жететін сияқты еді. Бірақ оны бар жан-
жүрегіммен тек қазір ғана сезіндім. Ақылмен түсіну бір басқа да,


ал жүрекпен сезіну бір басқа екен. Бүұл екеуінің арасында жер мен
көктей айырма барын қалай ғана сезбей келгем?
Рас, мен өмірімде орынсыз күдікпен сені ренжіте қойған жоқ
шығармын, Гауһар Ал, егер абайсызда өзіңе шүбə келтірген болсам, онда
бүгін кешірім сұрамақпын.
Бүгін менің ойымда тырнақтай да күдік қалмаған сияқты. Мүмкін,
сондықтан болар, қазір маған барлық нəрсе ап-айқын, кіршіксіз, мөлдір
боп көрініп тұр. Тіпті өзімнің ой- пікірім де əрі ашық, əрі қалтқысыз
сияқты. Қазір кез келген адамға иланғым кеп тұр.
Профессорға да нанам. Ертеңгі операцияның сəтті аяқталарына да
күмəнім жоқ
Рас, соңғы кездесуде профессордың көзінен болар-болмас күдік
ұшқынын сезіп, іштей тіксініп қалдым. Сонда ол өз мүмкіндігше шүбə
келтірді ме екен? Егер ол өзіне- өзі сенбесе операция жасамауы керек қой.
Демек, көңілінде күдігі жоқ. Бүгін қалайда оған сенуім керек. Əйтпесе
бес- алты сағатқа созылатын мұндай операциядан тірі шығу мүмкін емес.
Профессорға ғана емес, өзіме-өзім де іштей берік болуым қажет-ақ
Ертеңгі операцияның сəтті бітеріне бүкіл жан-жүрегімді ешбір
қалтқысыз, тас-түйін етіп иландыра алам ба? Соған бойымдағы күш-
қайратым, ерік-жігерім жете ме? Міне, бар гəп осында
Талайларды арандай ашылған ажал аузынан суырып алған атақты
профессорға неге күдіктенем? Кеше марқұм болған жігіт есіме түсіп
тұрған шығар. Сол жадымнан көтерілмей-ақ қойды. Бір адамның өлімі
қаншама кісінің көңіліне шүбə тудырды десеңізші. Жүздеген науқас
құлан- таза сауығып, аяқтарына қайта мініп кетіп жатыр.
Оларды ешкім көрмей ме деп қалдым. Ал, кешегі жігіттің кім екенін,
қайдан келгенін, неше жаста екенін, қандай науқасқа шалдыққанын күллі
аурухана бес саусақтай біледі. Менің де одан хабарым бар.
Сонымен мен профессорға сенбеймін бе? Əлде операциядан қорқам
ба? Мүмкін, бұл екеуі бір ғана сауал шығар. Профессорға
күдіктенетіндей-ақ мен өзім кім едім? Жоқ.
Оның өз ісіне жетік екеніне титтей де күмəнім жоқ. Демек, мен ертеңгі
операциядан да жасқанып тұрғам жоқ. Бірақ өзіме де беймəлім бір
тықырдың таянғанын жүрек құрғыр сезгендей ғой. Ол не өзі?
Көпке дейін осы сауалга жауап іздеп жаттым. Ақыры таптым-ау
деймін. Бұл — үрей.
Бірақ ол өзі профессорға да мүлдем байланысты емес. Жақындап келе


жатқан қауіп- қатерден туатын, тірі жанның бəріне тəн, табиғи қорқыныш
сезімі. Бұдан ешкім, ешқашан қашып құтылған емес. «Мен өлімнен
қорықпаймын деп айту — барып тұрған өтіріктің көкесі». Бұл ұлы
гумманист Жан-Жак Руссоның пікірі. Адам өз бойында күн сайын
туатын сан килы қоркыныш сезімін жеңіп отыратыны мəлім ғой.
Ұсақ-түйек үреймен күресу аркылы біз өзіміздің ерік- жігерімізді
қайрап, өткірлеп алатынымыз мəлім емес пе? Əйтпесе біздің қашанда
пышақтай өткір ерік-жігеріміз əлдеқашан-ақ мұкалып қалар еді ғой.
Мүмкін, шынында да, өзім сəл су жүректеу де шығармын. Мейлі.
Коркақ-ак болайын. Жүрт не десе о десін. Оған қылшығым да
қисаймайды. Тек қана мені анадан аяр туған, тірі пендеге иланбайтын
күдікшіл демесе екен. Пəленше күдікшіл дегенді құлағым шалып қалса-
ақ ішімнен: «Мен де сондай шығармын» деп көңілім қарайып, əлекей-
шəлекей боп кетем.
Маған əрқашанда күдік атаулының кені жүрек емес, ми — ақыл-ой
сияқты болады да тұрады. Мүмкін, солай да шығар. Өйткені менің
түсінігімде — жүрек ана сүтіндей ақ, бұлақ суындай мөлдір нəрсе.
Тегінде, табиғатты таза жүректі ақыл-ой қанша қамшылап


жатса да, ол жамандыққа қарай аттап баспайды. Жүрек о баста-ақ тек
ізгілік үшін жаратылған ба деп те ойлаймын.
Ал, адамның миы, ақыл-ойы ше? Небір зұлым, зымиян, қулық-
сұмдықтарды ойлап табатын кім? Парасат па? Ақыл-ой ма? Жоқ.
Түнектей түнерген жанкешті адамның миы. Мұндайларда нағыз жүрек
болмайды. Қара тас боп қатып қалған жұдырықтай ет қана бар Бұлар
жарық дүниеден жасқанып, тек түн қараңғысы түнекте ғана қанат қағуға
жарайтын, басқалардан ұрланып тіршілік ететін байғыз күс іспеттес. Рас,
сүрқия-құс сирек кездеседі. Бірақ оқта-текте көріп қалғанның озінде-ақ
иесіз қалған ескі жүрт, көне қорғандар, қабір басы көзіңе елестеп, аяқ
астынан көңілің қүлазып сала береді ғой.
Құртақандай сіріңке шырпысы ұшан-теңіз орманды ертеп жіберу үшін
молынан жетіп жатыр. Ал, тырнақтай ғана күдік бірте-бірте үлғая келіп
екі достың арасындағы сенім қамалының құлпаршасын шығарып,
талқандап тастағанын талай мəрте көрдік. Күдік құрты, əсіресе, аурухана
ішінде өте-мөте қатерлі екен. Ең қиыны — миға бір кіріп қалған ызғарлы
күдікті сол адамның өзі ахмалдап ойынан куып шықпаса, басқа ешкімнің
де қолынан келмейді. Бұл бас сүйектің ішіне өсіп шыққан жаман ісіктен
де қауіпті. Өйткені ісікті нейрохирургтер операция жолымен алып
тастайды Ал, көңілге ұялап қалған күдікті алып тастауға олар дəрменсіз.
Нейрохирург үшін əдетте ең қиыны — операцияға түсетін наукасты
психикалық тұрғыдан əзірлеп, оның көңіл-күйін бəйге атындай баптап
алу екен. Бұған дəрігер айрықша мəн береді. Өйткені мұндай аса
күрделі операцияға түсетін науқас адам дене күшінен гөрі, қыруар
рухани, моральдық күш-жігерге, берік сенімге көбірек мұқтаж ғой
Əлдеқашан-ақ өмірге өзіндік козқарасы қалыптасып, болары
болып, бояуы сіңіп қалған кексе кісілерді «үгіттеп», оперцияға
«көндіруден» қиын іс жоқ па деп қалдым. Əйтеуір біздің профессор
ызаланғанда: «Маған операция жасаудан гөрі, ауру адамды соған
көндіру қиынырақ соғып жүр», — дейді екен.
Кейде дəрігердің қайраты селге кетеді. Жатпай-тұрмай, жалынып,
жалбарынғандай боп зорға көндірген адамы дəл операция күні нілдей
бұзылып, табанда айнып қалады. Жұртты осылайша аумалы-төкпелі ала
мінез етіп қоятындар əлгі көңіліңе мəңгі-бақи күдік ұялап қалған, жаны
жасық, жігерсіздер.
Осыңдай күдік дертіне шалдыққан бір науқас жан бізбен көршілес
палатада жатты Жасы жер ортасына кеп қалған, өзі қолтоқпақтай ғана,


бет-аузы бір уыс, біреумен сөйлескенде жақ сүйектері ыржыңдап үрей
туғызатын, тарамысша тырысып қалған біреу еді.
Ол өзі маған басқа да адамдар сияқты ет пен сүйектен емес, күдіктен,
сенімсіздіктен, үрейден жаралғандай боп корінетінді. Жұрттың бəріне
сезіктене қарайды. Көзімен көріп, қолымен ұстап тұрған нəрсесіне де
иланбайды. Дəрігердің сөзіне де, өзіне қойылған диагноздың
дұрыстығына да, біреуді операциядан кейін құлантаза айығып кетіпті
дегенге де сенбейді.
Бұл кісі, сірə, күндіз-түні тыным таппайды. Күн үзаққа жүгіріп,
аяғынан тозады. Оның ашпайтын есігі, кірмейтін палатасы, сөйлеспейтін
адамы жоқ. Тіміскілеп жүріп бəрін қазымырлап сұрап, тəптіштеп қойын
дəптеріне жазып алады. Ауруханада ол білмейтін
«жаңалық» жоқ. Кімге, қашан, қандай операция жасалатынын жатқа
соғады. Ол тіпті кімнің, қашан, қандай операциядан кейін өлгенін де
қойын дəптеріне табанда жазып алып жүреді.
Алайда, оның аурулар арасында «даңқын» шығарған бұл қылығы
емес. Оның ең сүйікті «өнері» — бүгін-ертең операцияға түсуге
іштей бел буып, дап-дайын отырған


адамды айнытып қою. Науқастың көңіл-күйін бұзу, шүбə тудыру,
жазылып кетеріне сенімін жою.
Адам неден қорықса, соған тезірек сенеді ғой. Кейбір өзі қорқақтау,
мінезі жұмсақтау, босбелбеу кісілер əлгі «білгішпен» он-он бес минут
сойлескен соң-ақ сабындай бұзылып, күні ертеңгі операциядан бас
тартып шыға келеді. Мұндайда жаңағы жымысқы өзінен-өзі масайрап,
дəрігерден де күштімін дегендей тəкаппарланып кетеді.
Мен əр жолы соның тапқырлығына таңданушы едім. Тегінде, өзі су
жүрек адам басқаларды қорқытуға өте-мөте шебер келеді ме деп қалдым.
Өйткені ол өзі күні-түні тек жан шошырлық үрейді ғана көзіне елестетіп
жүреді де, тылсым қараңғылықтай қорқыныш сезімнің жиіркенішті
бейнесін өзге жұрттан гөрі айқынырақ сезетін боп қалады екен.
Сол көршіміз науқасқа «кеңес» беріп жатқанда өлген балықтың
көзіндей бозғылт жанарын əлгі ауру кюіге қадап қойып, кірпік қақпай,
құдды торғайды арбап отырған жыландай қыбыр етпей, сілейіп қатып
қалушы еді. Ал, айтқаны өтіп, атқаны жете бастаса- ақ өзінен-өзі бейне
бір түлкі соғып жатқандай екіреңдеп, елеріп шыға келеді. Ділмəрсіп,
көбік ауызданып, қатты қызып кеткен сəттерінде тіпті өз өтірігіне өзі де
шынымен-ақ нанып, өз əңгімесіне өзі елтіп, өзі рақаттанып, делебесі
қозып, өрекпіп кететінді.
Сол неме маған да келді. Ертеңгі операцияны есітсе керек. Бірақ маған
тісі батпады. Өзім де сол əзəзілдің келерін сезіп, көңілім қарайып,
қанымды торсыққа құйып отыр едім. Ол менің көңілімді көзімнен жазбай
таныды да, ұры мысықша аяғының ұшымен басып, зып беріп шығып
кетті.
Сол-ақ екен, дəл осы сияқты Бəкір дейтін бір туысым есіме сап ете
түсті. Бұрын бас аман кезде оған жөнді мəн де бермеген екем-ау, ə!
Соның қызық-қызық қылықтары тап қазір ғана ойға оралып отыр.
Қашан көрсең де ол əлдекімдерден өзінше сақтанып, өмірде жоқ
адамдардан үрейленіп, «Сақтықта қорлық жоқ» дейді де жүреді. Бар
əңгімесі: «Пəленшеге жолай көрме — қарасы жұғады, түгеншеге
жакындама — бəлесі жұғады, бұл əңгіме тісіңнен шықпасын», — деген
сияқты боп келеді. Біреудің үйіне қонаққа баруға да жасқанады. Ал егер
сəті түсіп, бара қалса да бəрібір үй иесінің құлағына сыбырлап: «Менің
мұнда келгеніңді пəленшелер білмесін», — деп жата жалбарынады. Осы
жалғыз адамның өзі-ақ қаншама ақ жүрек адал жандардың көңіліне
көлеңке түсіріп, қаншама кісінің кеудесіне күдік дертінің ұрығын сеуіп


жүр десеңізші. Ол жалғыз болса бір сəрі, мұндайлар əр ауылдан
табылады ғой.
Олар адам бойындағы ең қасиетті нəрсе — Сенімге жармасады.
Адамдар осы сенімнен айрылса не болмақ? Ең қатерлі нəрсе де осы
емес пе?! Ешкімге нанбай қалай ғана өмір сүруге болады! Бəріміз бір
күні өз қабілетімізге өзіміз сенбей қалсақ сұмдық қой.
Ал, əлгі Бəкір туысым бəріне шек келтіріп отырады. Тіпті ертең тағы
да бүгінгідей таң атып, тағы да күн шығарына ұдайы күдіктеніп жүреді.
Ол бүгін жер басып жүрген біздерге ғана емес, əлі жарық дүниеге
келмеген болашақ ұрпақтың жақсы адам боларына да күмəн келтіреді.
Сондықтан ол өзінің бүгінгі еңбектің жемісі ертеңгі ұрпаққа қалып қоя ма
дегі зəресі ұшып қоркады «Мен өлген соң əлемді топан су бассын» дейтін
шығар ішінен. Осындай мысық тілеулес жандармен осы күнге дейін неге
күреспей келдім?
Көрсем де көрмеген, білсем де білмеген боп жүре бердім ғой. Неге?
Қорықтым ба? Əлде жиіркендім бе? Сондай шіріктерге ешкімнің де қол
былғап, жаман атқа қалғысы келмейді Сонда мұндай қатерлі дертпен кім
күреседі?


Гауһар' Мүмкін, мен бүгін өзімше кемеңгерсіп шынында да
əдеттегіңен көбірек сезімге беріліп кеткен шығармын. Олай болуы əбден
ықтимал. Бірақ сеп менің бүгінгі көңіл-күйімді дұрыс түсінші Егер осы
ауруханаға түсіп, қазіргідей жан азабын тартпағанымда мен сыр
сандықтың түбінде жаткан бүл ойлардың бірде-бірін өзіңе айтпаған
болар едім. Тіпті ондай ой-пікір тумас та еді ғой. Осы күйты сезімдердің
төркіні де науқасыма, ертеңгі операцияға байланысты ма деп қалдым
Сонымен саған бүгінгі көңіл-күйімнен туындап жатқан іштеп
сырымды шертейіп. Көп нəрсенің осы күнге дейін қалайша ойыма кіріп те
шықпай жүргеніне қайран қалам. Сен, сірə, мəселен, Сенім хақында
ойланып-толғанып көрдің бе? Жоқ, əрине Айдың аманында кісі ондай
«ұсақ-түйекке» мəн бере қоймайды ғой. Ал, мен Сенімнің не екенін, тек
бүгін ғана, яғни отыз бес жасқа келгенде əрең түсінген сияқтымын.
Енді ой тоқтатып қарасам, адамға ең керегі де осы Сенім екен ғой.
Бізді ғұмыр бойы, сірə, шаршатпай, шалдырмай, қалжыратпай, ұдайы
биік арман асуларына бастап отыратын қандай күш екенін білесің бе?
Ол — Сенім. Өз күшімізге деген Сенім, достарымыздың мейіріміне
деген Сенім, ертеңгі күннің бұдан да шуақты болатынына деген Сенім.
Күн сайын бойымызға күш-қуат құйып, көңілімізге шалқар шабыт,
жүрегімізге ыстық махаббат сыйлайтын да сол Сенім емес пе?!
Ең алдымен, адам өзіне-өзі əбден сенімді болуы керек, Гауһар Сонда
ғана басқаларға илану онша қиынга соқпайды Əрине, көрінгенге нанып,
жалпақ шешен бола беру де дұрыс емес шығар. Бірақ өзіңе-өзің мықтап
сенсең, онда кімге көз жұмып сене беруге болағыны, ал кімнің күмəнді
кісі екені бесенеден белгілі боп тұрады. Бүгін осыған көзім жетті.
Енді саған осы пікірдің ақиқат екенін дəлелдеп көрейін. Мəселен, өз
ойын өзгелерге ашық-жарқын, узілді- кесілді жеткізе алмай, сипалақтап,
күмілжіп, міңгірлеп сөйлейтін адамдар меніңше өзіне-өзі анау айтқандай
сене қоймайтын жандар шығар деп шамалаймын. Мұндай адам өзінің
күш-қуатына да, ерік-қабілетіне де, ақыл-парасатына да азды-көпті шəк
келтіреді-ау деп қалдым. Ол тіпті өзінің жан салып істеп жатқан
жұмысының жүртқа өте- мөте қажетті нəрсе екеніне де берік сенімде
емес.
Мен бір жас дəрігер жігітті білем. Өз ісін ол ешкімнен кем білмейді.
Жүйке ауруларын емдейтін дəрігер — невропатолог. Жап-жақсы адам.
Жолдастарының арасында да, өтейтін жерінде де құрметті
Бірақ соның бір мінезінен секем алып қалдым. Сол дəрігер медицина


жөніндеп əңгімені онша жақтырмай, сəл күрең қабақтанып
тыңдайтынына таңырқап, мұнысына көпке дейін түсіне алмай жүрдім. Ə
дегенде, бұл мінезіне жете мəн бере қойған жоқ едім Бірте-бірте еріксіз
назар аудара бастадым. Бірнеше рет ауру адамдарды қалай
қабылдағанын көріп, іштей тіксініп қалдым
Гауһар' Қазіргі ауру адамдардың көбі білімді, мəдениетті жандар
ғой Олар газет, журнал, телевизор арқылы оз науқастары хақында
азды-көпті мағлұматы бар адамдар
Сондықтан дəрігермен əңгімелескенде өз науқасының неден
болғанын, қалай асқынып кеткенін, неліктен операция жасауға зəру
екенін егжей-тегжейлі сұрап білгін келеді. Ал жаңағы мен айтып
отырған жігіт өзіне көбірек сауал қойған ауруларды жақтырмай,
сұрағына жауап бермей, кейде тіпті кейіп тастайды екен. Жалпы, ауру
жөніндегі əңгімені жаны жақтырмайтыны сезіліп-ақ тұр. Өзі дəрігерлер
жиналған отырыстарға да көп бара бермейді екен
Бір қызығы — ол өзіне көрінуге келген ауру адамдармен
əңгімелескенде өзінен-өзі шамданшақ аттай кібіртіктеп, табанда
керенау тартып, науқасқа өзі айтып отырған


дəрігерлік кеңесінің дұрыстығына өзі де кəміл сене қоймайтын кісідей
күмілжіп, сылбыр сөйлейді
Ал, табиғаты аса сезімтал, ішкі эмоциялық əсері күшті дамыған
адамдар дəрігердің үніндеп, көзқарасындағы, қимыл-əрекетіндегі мұндай
сенімсіздікті қалт жібермей кағып алып, одан өзінше қорытынды
шығарады. «Дəрігер өзі айтқан сөзге өзі де онша сенбей отыр» деп
ойлайды мұндайда науқас адамдар. Содан барып, қаралуға келген
адамдар тəп- тəуір дəрігердің қабілетіне, біліміне, мүмкіндігіне шəк
келтіре бастайды. Ал, көңіліне мұндай күмəн түскен науқас кісіге
ешқандай ем қонбайтыны мəлім ғой.
Сол дəрігер жігттің тағы бір мінезіне аң-таң болдым. Ол өзі
жұмыстан тыс кезінде, дастарқан басындағы отырыстарда, көшеде,
демалыс үйлеріне барғанда кез келген адаммен ашық-жарқын сөйлесіп,
лезде-ақ əмпей-жəмпей боп қетеді екен. Ең бастысы — мұндай кезде ол
күмілжемей, кібіртіктемей, сипақтамай бəйге атындай аңқылдайды.
Аурухана ішіндегі өзінің енжарлығын да, күйректігінде, адамдарға деген
салқындығы мен самарқаулығын да мүлдем ұмытып, жайраңдап шыға
келеді.
Əсіресе, біреу- жарым археология жайында əңгіме қозғап қалса-ақ
əлгі дəрігер жігіттің құдайы беріп қалады екен. Көктен іздегені жерден
табылғандай өзінен- өзі майсарап, табанда жүзі нұрланып, көздері
ойнақшып, құлпырып кетеді. Жер астынан жақында табылған көне
шаһарлар хақында делебесі қозып, тамсана сөйлегенде ол ауыздыға сөз
аттыға жол бермей, желдей еседі. Мұндайда ол шабыттанып, аруақтанып,
өз ойының растығына шексіз сеніммен, батыл-батыл сөйлеп жібереді.
Сондағы əңгімесінің шын екеніне, оған ешкімнің де шүбə келтіре
алмасына сен де титтей де күдік күмəнсіз сенер едің, Гауһар. Ол үшін
дəрігердің бар жан-тəнімен қалай беріле сөйлегенін көзбен көрудің өзі-ақ
жеткілікті. Аяқ астынан жанданып кеткен қөзқарасына, қайсар үніне,
батыл қимылына қарап, оған сенбей қалу мүмкін емес.
Өзінің археология хақында білмейтіні жоқ. Ол жөнінде небір
қызық-қызық хикаяларды түйдек-түйдегімен айтып тастайды. Бұл
саладағы ғалымдардың өмірін, еңбектерін ғана емес, əрқайсысының
мінез-құлқы қандай болғанын, қайсысының қандай аурудан өлгеніне
дейін біледі.
Дəрігер жігіттің мінезіндегі осы бір ерекшеліктің сырын мен кейінірек,
сол дəрігермен жақын дос боп, өзімен бүкпесіз сырласатын дəрежеге


жеткен кезде ғана түсіндім.
Сөйтсем, дəрігер досым жас кезінен-ақ археолог болуды, сөйтіп көне
тарихтың құпия беттерін ашуды армандап келген екен. Сол алыста, қиял
жетпес қияда қалып қойған арман оты əлі де сөне қоймай, көңілінде
маздап жатқанын сезгенімде оған бір түрлі жаным ашып кетті.
Үйіндегі кітап сəресінде археологияға қатысты кітаптар, сурет-
альбомдар, журналдар сіресіп түр. Ал медицина кітаптары онша көп емес
сияқты. Оны кезінде қоярда- қоймай медицина институтына апарып,
зорлағандай етіп оқытқан өзінің туған ағасы екен. Жалғыз ағасының
көңілін жығуға ынжықтығы жібермесе керек. Ақыры институтты
əжептəуір бағамен бітіріп, дəрігер дипломына ие болды. Мамандығы
бойынша біраз жылдан бері істеп келеді. Абыройы жаман емес. Өз
кəсібін біледі. Жұрт сыйлайды.
Бірақ ол күн бүгінге дейін өзінің дəрігер екеніне іштей сенбейді. Ең
қиыны — сенгісі келмейді. Жыл өткен сайын оның өз қабілетіне деген
сенімі артудың орнына азая түсіп, бұрынғы күш-қайраты ұйлығып
барады екен. Ол маған бірте-бірте сөніп бара жатқан шам сияқты боп
көрініп кетті.
Ал, біздің ауруханада бір жап-жас нейрохирург жігіт бар. Бұл мүлдем
басқаша адам.
Өзінің жастығына қарамай атақты профессордың көмекшісі. Профессор
кейбір


операцияларды соған сеніп тапсырып, өзі тек бақылап қана тұрады.
Бірақ гəп оның білгіштігінде, қолының ептілігінде емес. Басқада Ол өзі
қараған науқас жандардың іші- бауырына кіріп, оларды демнің арасында
ұршықша үйіріп əкетеді. Өзімен қалайша əкей- үкей боп, қалайша оған
шікі сырымды дастарқандайжайып салғанымды өзім де аңғармай
қалдым. Соның жұлдызы ыстық-ау деймін. Əйтеуір осындағылардың
сауы да, ауруы да соған үйір. Соңынан топырлап, шұбап жүреді.
Бір жолы осы палатада онымен əңгімелесіп отырып:
— 
Сіз өз кəсібіңізді қатты ұнататын сияқтысыз, — деп қалдым.
Ол өзі топырағы ауыр, салмақты жігіт еді. Сол жолы тұңғыш рет
ол жоқтан өзгеге шытынай қалатын шырт етпе мінез көрсетті.
Үнжырғасы түсіп, танауы делдиіп, əлгі сұрағыма кəдімгідей ренжіп
қалды. Мен не істерімді білмей, қипақтай бердім. Менің сауалыма
жауап берудің орнына бір сəт ол маған сұрақ қойды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет