Анықтамасы:
Шықшыт безінің, жүйке жүйесінің зақымдануымен жүретін жұқпалы ауру
Қоздырғышы – фильтрленуші вирус
Ауру көзі – ауру адам
Таралу жолы – ауа тамшылы және тұрмыстық заттар
Клиникасы: Жасырын кезең 11-21 күнге дейін
Бастапқы кезең: – дене қызуының көтеріліп, сілекей безі қабынады, беттің мойынның бір жағы ісінеді.
Өршу кезеңі – аурудың 2-3 күнінде екінші жағы ісіне бастайды. Ісік қатты иленген қамыр тәріздес, қолға ыстық, терінің түсі өзгермейді
Жазылу кезеңі 8-10 шы күндерден басталады
Асқынуы : жақ асты, тіл асты, сілекей, жыныс бездерінің (орхит), жүйке жүйесінің зақымдануы, ісіну, қызару
Емі Дене қызуы болса төсектік режим, Тамақ: жылы, жұмсақ, сұйық болу керек, Симптоматикалық ем
Ісіктің үстіне құрғақ жылы басу, ерітінділермен аузын шаю
Алдын алу:
Арнайы алдын алу – баланың 12-15 айлығында вакцинация жасалады. ККП 0,5 мл тері астына, ревакцинация 6 жасында жасалады.