Нәресте гемолитикалық ауруының анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы



бет1/26
Дата14.04.2022
өлшемі10,61 Mb.
#139396
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Емтихан сұрақтары-1


  1. Нәресте гемолитикалық ауруының анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы.
    Анықтамасы
    НГА-бұл ана мен ұрық қанының резус-фактор,қан тобы және эритроцитті антигені бойынша сәйкес келмеуі нәтижесінде болатын иммунологиялық шиеленісі салдарынан туатын ауру.
    Этиологиясы:
    Нәрестенің гемолитикалық ауруы жалпы ұрық пен анасының Rh-факторының не АВО антигенінің сәйкессіздігінен, сирек басқа антигенді жүйенің әсеріне пайда болады. Көбіне нәрестенің гемолитикалық ауруы ұрық пен анасының қаны резус-антиген бойынша сәйкес болмағанда дамиды. Нәрестенің гемолитикалық ауруына соқтыратын АВО-антиген сәйкессіздігі, әдетте ана қаны 0(1) топта және сәби қаны А(ІІ), кейде В(ІІІ), топта болғанда дамиды. Науқас бала туғанға бұрынғы жүктілік(соның ішінде түсік, аборт), анасының терісрезусы, резус-Д антигеніне сенсибилизациясы әсер етеді. Ұрық пен ана қаны АВО және резус-антигені бойынша сәйкес болмағанда, не сәйкессіздік А-және В-антигені бойынша болғанда нәрестенің гемолитикалық ауруы сирек болады. АВОкеліспеушілікте АВ нәрестенің гемолитикалық ауруы бірінші жүктілгкте де болуы мүмкін, әсіресе анасында соматикалық патология, жүктілік токсикозы болуына байланысты бала жолдасының кедергілік қызметі бұзылғанда болады.
    1)Ана мен ұрық қандарының D,C,E резус-факторлар бойынша сәйкес келмеуі;

2)BO-антиген жүйесі бойынша қан топтарының сәйкес келмеуі (7%);
3)Басқа да антигенді жүйелер бойынша (1%);
Клиникасы:
3 клиникалық түрі болады:
1)Анемиялық түрі
2)Сарғаю түрі
3) Ісіктік түрі
1.Анемиялық түрі:
Бала орта есепте салмақ-бой көрсеткіштерімен туады,жалпы жағдайының бұзылуы болмашы ғана;
7-10 күнге қарай тері қабатының бозаруы анықталады,алғашқы күндері нәрестенің физиологиялық эритемасы және сарғаюы себебінен көзге көрінбейді;
Бауыр мен көкбауыры ұлғаяды,пальпация кезінде-тығыз;
Шеткері қанның көрсеткіші:гемоглобин-9,31 ммоль/л(140г/л);
Кіндік қанындағы билирубин-60 мкмоль/л төмен;
2.Сарғаю түрі:
Бала туғаннан кейін сарғаю жылдам артады (кейде бала туғанда сарғаю байқалады,сонымен қатар ұрықмаңы суы және баланың шаранасы да сары түсті болады),тері қабаты біртіндеп қола түске айналады;
Бауыр мен көкбауыр көлемі ұлғайған,пальпация кезінде-тығыз;
Зәрдің түсі өзгереді (сары күрең түсті);
Нәжіс түсі өзгермейді;
Шеткері қанның көрсеткіштері өзгереді:гемоглобин-9,31 ммоль/л-ден 5,59 ммоль/л-ге дейін төмендейді;
Кіндік қанындағы билирубин мөлшері артады-3-4 тәулікте 85 мкмоль/л артық;
Тікелей емес билирубин мөлшері өте жорғары сандарға артады-307-341 мкмоль/л;
3.Ісіктік түрі:
Баланың жағдайы өте ауыр,туған бетте жүрек,тыныс алу қызметтерінің бұзылуы анықталады;
Геморрагиялық синдром қосылады;
Тіндер ісігі айқын(беті,іші,сыртқы жыныс мүшелері,аяқтары),тері қабаты өте бозарған;
Барлық қуыстарда сұйықтықтың жиналуы (анасарка) анықталады;
Бұлшықет тонусы күрт төмен,рефлекстері бәсең;
Бауыр мен көкбауыры күрт ұлғаяды;
Шеткері қан көрсеткіштері өзгереді:гемоглобин төмен (5,59 ммоль/л төмен);
Көбіне ұрық туғанға дейін өледі немесе өте ауыр халде туады да бірнеше сағат өткеннен кейін өледі;
Емі:
Емнің мақсаты:
Нәресте өмірін сақтап қалу;
Гемолиз ауруының қауіпті асқынуы-ядролық сарғаю дамуының алдын алу;
Анемияны жою;
Гемолиздің ауыр түрі дамыған жағдайда перзентханада орындалатын шұғыл шаралар:
Жаңа туған нәрестенің алғашқы тазалығын жылдам өткізгеннен жне кіндігін байлағаннан кейін реанимациялық шаралар “температуралық қорғау” жағдайына өткізіеміз;
Трахеяны интубациялау және өкпені жасанды желдету жүргіземіз;
Кіндік көктамырын катетеризациялау және ондағы қысымды көктамырдан қан алу жолымен төмендетеміз (жайлап 10мл/кл салмағына);
Көктамырдан қан алғаннан кейін шұғыл О-резус-теріс эритроцитарлы масса трансфузиясын өткіземіз;
Айқын гидроторакс немесе асцит кезінде қуыстардың фракциялы пункциясы жайлап жасаймыз;
Міндетті түрде ацидозды қалпына келтіру және дигитилизация өткіземіз,көктамырға дигоксин және фуросемид енгізу арқылы;
Қан ауыстырып құямыз;
Үзіліссіз фотоем жүргіземіз;





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет