Нәресте гемолитикалық ауруының анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы


Нәресте сепсисі, анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы



бет3/26
Дата14.04.2022
өлшемі10,61 Mb.
#139396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Емтихан сұрақтары-1

Нәресте сепсисі, анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы.
Анықтамасы
Сепсис- қабыну ошағына қарсы ағзаның жергілікті және жалпы иммунитетінің жеткіліксіздігінен туындайтын ауыр жұқпалы ауру.
Этиологиясы:
Жетіліп туған балалардағы негізгі этиологиялық факторы алтын тәрізді стафилакокк (50-60%) грам теріс флора(36%). Шала туылғандарда оның себебіне 60-70% жағдайда грам теріс бактериялар жатады.
Сепсистің дамуына әсер ететін факторлар: анасындағы инфекцияның созылмалы ошақтары, шала туылу, толық жетілмеу, туа біткен гипотрафия, босану жарақаты, нәрестелердің гемолитикалық ауруы, перзентханалар мен үй жағдайындағы күтім бұзылыстары мен санитарлы эпидемияға қарсы жағдай, тері мен кіндік аурулары.
Патогенезі:
Инфекция енген жерде қабынудың біріншілік ошағы пайда болады. Жақын жатқан тамырлар мен қоршаған тіндер зақымдалады. Бала ағзасының қорғаныш факторлары әлсірегенде, микроорганизмдер жылдам көбейіп, бактериялардың бір бөлігі мен тіршілік өнімдері қанға түседі- массивті бактеремия, токсемия пайда болады. Микробтар мен токсиндердің әсері, жүйке реттелуінің бұзылыстары барлық мүшелер мен жүйелердің дисфункциясы мен зақымдалуына алып келеді. Пайда болу уақытына байланысты құрсақ ішілік және постнатальды сепсисті ажыратады.
Клиникасы:
Клиникалық ағымы мен патоморфологиялық көрінісі бойынша нәрестелер сепсисінің екі түрін ажыратады: септицемия және септикопиемия. Нәрестелерде ауру алды симптомдарына жатады: кіндік қалдығының кеш түсуі, нәрестенің сарғаюының ұзақ сақталуы мен қатты құсу. Аурудың бастапқы клиникалық симптомдарына үдемелі интоксикация белгілері жатады.
Диагностикасы:
Диагноз қойғанда анамнез мәліметтерін ескеруі (жүктілік, босану ағымы, анасында созылмалы инфекция ошақтарының болуы, нәрестелік кезеңдегі асқынулар т.б.), сепсистің клиникалық ағымының ерекшеліктерін, ЖҚА өзгерістерін (лейкоцитоз, нейтрофиллез, ЭТЖ жоғарлауы, эритроциттермен гемоглобин төмендеуі), қанның стерильдікке зерттеу мәліметтері (екі үш рет), біріншілік ошақтағы флораны бактериологиялық зерттеу қорытындылары ескерілуі керек.
Емі:
Қоздырғышты басуға, іріңді ошақтардың санациясын жүргізуге бағытталған. Антибактериальды терапия қоздырғыш сезімталдығын ескере отырып, бір мезгілде 2-3 антибиотикпен максимальды жастық дозаларда 10-15 күн жүргізіледі, кейін препараттар алмастырылады. Негізінен, жартылай сентитикалық пенициллиндер, цефалоспориндер, аминогликозидтер қолданылады. Бұзылған зат алмасу процестерін қалпына келтіру үшін витаминотерапия қолданылады(А,В,С,Е). Баланы табиғи тамақтандырудың маңызы ерекше. Бала омырауға салынбаса сауылған ана сүтімен емізек немесе асқазан зонды арқылы енгізеді. Реконвалесценция кезінде массаж, емдік гимнастика, таза ауада серуендеу, гигиеналық процедуралар, жалпы УФО маңызды орын алады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет