Нәресте гемолитикалық ауруының анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы


Нәрестелердегі босану жарақатының анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы



бет5/26
Дата14.04.2022
өлшемі10,61 Mb.
#139396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Емтихан сұрақтары-1

Нәрестелердегі босану жарақатының анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы
Анықтамасы:
Босану кезіндегі нарестелердің жарақаты, перинатальды аурулардың және нәресте өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Босану жарақатында жиі кездесетін аурулардың бірі бас миының жарақаты, омыртқа және жұлынның босану кезіндегі жарақаты өзекті мәселелердің бірi. Осыған орай босану кезіндегі нәрестелердің жарақаттарын алдын алу мақсатында, түрлі іс шараларды қолға алуымыз тиіс.
Босану жарақаты — босану барысында нәресте денесінің механикалық немесе гипоксиялық жарақат алуын айтамыз.
Механикалық жарақатқа:
• - босану кезіндегі ісік,
- кефалогематома
- бұлшықеттер арасына қан құылу,
- сүйектедің сынуы
- жүйкелердің зақымдалуы.
Гипоксиялық жарақатқа:

- жұлын-ми жарақаты
- ішкі мүшелердің жарақаты
Босану жарақатының түрлері
1. Кефалогематома.; 2. Иық өрімінің жарақаты (плечевого сплетения); 3. Бас сүйегінің, омыртқаның, бұғананың, иық және жамбас сүйектерінің сынуы.; 4. Төс-бұғана-емізікше тәрізді бұлшықеттің жыртылуы.; 5. Бас ми ішілік қан құйылу; 6. Бас миының қысылуы; 7. Бауыр гематомасы; 8. Ми қан айналымының бұзылуы; 9. Бет нервісінің парезі; 10. Жүйке жүйесінің гипоксиясы.
Босану жарақатының себептері
1. Тар жамбас және ірі нәресте; 2. Ұрықтың аномальды жатуы; 3. Акушерлік бұру; 4. Гипоксия; 5. Босану күшінің әлсіздігі немесе күштілігі; 6. Вакуум-әдісінің әсері; 7. Жамбаспен жату т.б
Босану жарақатының асқынуы
1. Кефалогематома, омыртқа, бұғана және бас миының сынуы
2. Мишықтың, орақ тәрізді өміндінің, көпір веналарының жыртылуы
3. Мидың қысылуы
4. Бауырдың субкапсулярлы гематомасы, жыртылуы
5. Ми қан айналымының бұзылуы
6. Жүйке жүйесінің перинатальды зақымдалуы:
- ДЦП
- Тыныс алудың бұзылуы
- Диспепсиялық бұзылыстар
Босану жарақатымен туылған нәрестелерді жүргізу тактикасы:
Босану кезінде орталық және шеткері жүйке жүйесінің жарақатымен туылған нәрестелерді қауіп дәрежесіне қарай диспансерлік есепке алады. Әр 2-3 айлығында педиатр мен невропатологқа қаралады.
Нәрестенің ата-анасы балысының еміне қарқынды түрде қатысады. Оларға жүйке жүйесінің зақымдалу ұзақ үрдіс екенін түсіндіру қажет, сондай әдістерді үйрету қажет. Массаж, емдік гимнастика т.б
Диагностикасы және емі
Диагностикасы:
1. УДЗ, рентген, нейросоногафия, ми қан тамырларының доплерографиясы.
Емі:
1. Сынған жағдайда иммобилизация жасау
2. Бас миының жарақаты кезінде, тағайындайды:
Антигеморрагиялық терапия
Дегидратациялық терапия
Антиоксидантты және метаболикалық терапия
Тырысуға қарсы терапия
Босану жарақаты кезінде диагностикалаулың негізгі белгілері:
Босану жарақаты босану бөлімінде дәрігер неонотолог және басқа мамандармен қаралады. Диагностикалаудың белгілері: нәрестенің мазасыздануы, тырыспалары, ұйқышылдығы, атониясы, дұрыс емес алмауы көрсеткіш болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет