Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:
Секірудің қандай түрлерін білесіңдер?
Секіру бойынша олимпиада чемпиондарынан кімді білесіңдер? (Ольга Рыпакова).
1. Сапқа тұру, сәлемдесу, ақпар беру, түгелдеу,
сабақтың мақсатын түсіндіру,
қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;
2. Жүру үстінде орындалатын жаттығулар:
а) қолды жоғары ұстап, аяқтың ұшымен
жүру;
ә) қолды белге таянып, өкшемен жүру.
3. Жүгіру үстіндегі жаттығулар:
а) тізені жоғары сермей жүгіру;
ә) аяқты артқа сермей жүгіру;
б) аяқты алға сермей жүгіру;
в) оң және сол жанымен секіру;
г) жартылай отырып жүру;
д) жартылай отырып секіру;
е) дем басу.
4. Бір орнында тұрып жасалатын жаттығулар:
а) денені түзу ұстаймыз, қол белде аяқты
иық көлемінде бірдей алшақ қоямыз, санақ
бойынша 1-4 оңға,1-4 солға басты айналдыру;
ә) оң қол жоғарыда, сол қол төменде, санақ
бойынша 1-2 қолды артқа жазамыз, 3-4
ауыстырамыз;
б) денені тік ұстап қолды алдыға созып
қайшылаймыз;
в) оң қолды жоғары көтереміз сол қол белде
екі жаққа иілеміз;
г) қолды белге қойып, оңға 2 рет солға 2 рет
белді айналдырамыз;
д) қолды тізеге қойып, тізе буынын ішке қарай
2 рет сыртқа қарай 2 рет айналдырамыз;
е) қолды алдыға созып оң аяққа және сол
аяққа отыру жаттығулары;
ж) орнымызда тұрып терең демаламыз.
|