Балада тамақ ауруы мәселесі, ауызындағы ойық-жаралары, балада құлақ мәселесі(БЖАЫЖ) бағалаңыз, жіктеңіз,емдеңіз. Қашан қайта қаралу керек, қандай жағдайда тез арада қайтып келу керек.
ИВБДВ бағдарламасы бойынша Жөтел бар балада 4 белгілерін анықтаныз.
Вирусты гепатит А және Е анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы.
Вирусты гепатит А: жедел циклмен өтетін ауру.
А гипатиті (син. жұқпалы, эпидемиялық гепатит, Боткин ауруы)- фекальды-оралды механизмі арқылы берілетін вирусты ішек инфекциясы.РНҚ-лы вируспен тудырылатын жедел бауырдың қабынуы,әдетте өзіндік сауығуымен аяқталады.Бұрын бұл ауру тек балалар арасында тіркелетін, ал қазір батыс елдерінің гигеналық деңгейінің жоғарлауына байланысты, ересек адамдардың арасында кездеседі.
Гепатит көбінесе балаларда кездеседі
Этиологиясы
А гепатит вирусы (HAV) энтеровирустар тұқымдастығына Picornaviridae жатады.Кей кезде вирусты 72 типтегі энтеровирус деп те атайды.Ол дөңгелек, сәл жиектелген, көлденеңінен алғанда 27-32 нм бөлшек.Вирустың нуклеокапсидінің сыртқы қабығы және беткейлік шығыңқысы жоқ.Вирионның орталық компоненті болмайды.Вирустың геномы молекулярлық салмағы 2,25 мегадельтон, жалғыз спиральды сызықты РНҚ молекуласынан тұрады.Әлемнің әр бөлігінде вирусының әр түрлі штамдары анықталған, бірақ олардың бәрінде барлығын бір серотипке жатқызатын бірдей антиген бар және қарамақарсы протективті иммунитет туғызады.Жплғыз антиген болғандықтан анти (HAV)- антиденелері
Клиникалық көрінісі:
Ауру түрлерінің ажыратылуы:
-ағымы бойынша:жедел,ұзағырақ;
-ауырлық дәрежесі бойынша:жедел, орташа, ауыр;
Жасырын кезеңі 6-50 күн (жиі 15-30 күн)
Клиникалық белгілерімен өтетін гепатитке 4 кезеңнің ауысып ағуы тән:
1.Жасырын кезең
4.Реконвелесценция
2.Продромалды (сарғыштық алды)
3.Аурудың өршу кезеңі(сарғаю кезеңі)
1.Жасырын кезеңі 6-50 күн (жиі 15-30 күн)
2.Продромалды (сарғыштық алды) кезең – 2-14 күн (жиі 5-7 күн).Продромалды кезең әр түрлі вариантпен өтуі мүмкін,грипп тәрізді,диспепсиялық, астеновегатативті, аралас.
1. Грипп тәрізді варианты жедел басталады, дене қызуы 38-39 °С, 2-3 күн байқалады;басы,бұлшық еттері ауырады,катаральды белгілері болуы мүмкін.
2.Диспепсиялық вариантта тәбет төмендейді,эпигастрий аймағында ауырлық немесе ауру сезімі болады, оң жақ қабырға асыты ауырып, науқаста жүрек айну,құсу болады.
3.Астеновегатативті вариантта, әлсіздік,ұйқышылдық,ашушаңдық,басы ауырып, айналып, жұмысқа қабілеті төмендейді.
4.Аралас түрінде бірнеше варианттардың симптомдары кездеседі.Ауру басталғаннан кейін 2-4 күн өткен соң несеп сарғаяды, түсі қою шай немесе сыра түстес болады сонымен қатар үлкен дәреті түссізденеді.
3. Аурудың өршу кезеңі(сарғаю кезеңі) сарғаюдан басталады,ол шамамен 2-3 аптаға (орташа тербелісі 1 аптадан 1-2 ай) созылады.Сарғыштық басталғаннан соң аурудың дене қызуы қалыптасып, бас ауруы және де басқа да жалпы ауру белгілері басылады,жағдайы жақсарады, осы белгілер А гепатитінің В ме С гепатитінен салыстырмалы диагностикалық ерекше белгі болып саналады.
4. Реконвелесценция кезеңінде біртіндеп клиникалық –биохимиялық көрсеткіштер қалпын келеді.Науқас 4-6 апта мерзімнде айығады.Науқастардың 5-10%-да аурудың ұзақ ағымды түрі кездеседі,ауру бірнеше айға созылып, науқас айығады.Кейбір науқастарда реконвелесценция кезінде 1-3 айдан соң рецидивтер (аурудың қайта өршуі) байқалады, клиникалық белгілері мен лабораторлық көрсеткіштері өзгереді.
Диагностикасы А гепатиті диагнозы эпидемиологиялық (А гепатитімен науқаспен жанасқаннан кейін 7-50 күнге ауыруы), клиникалық белгілері (аурудын циклділігі симптомдарының алмасу заңдылығымен өтетін продромалды және сарғыштық кезеңі), лабораторлық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.
Лабораторлық зерттеу келесі нетижелерге негізделеді:
1.Перифериялық қан анаилизінің өзгеруі;
2.Пигмент тесттерінің өзгеруі;
3.Бауыр сынамаларының өзгеруі;
4.Серологиялық анализ;
5.Аспаптық.
Қанның жалпы анализінде лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз және моноцитоз байқалады.Қалыпты жағдайда жалпы билирубин 20,5 мкмоль/л құрайды.Гепатит кезінде гипербилирубинемия тікелкей фракция көбеюімен байқалады.
Емі А гепатитінің еміне төсек режимі, “жартылай” төсек режимі,тиімді тамақтану және витамин емі сияқты емдеу шаралары жатады. Аурудың жеңіл және орташа ауырлығында науқастар “жартылай ” төсекте жату керек, ал ауыр ағымында –төсек режимі.Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін ауыр жұмыс істеуге болмайды. №5 емдәм үстелі (Певзнер бойынша),ауыр қорытылатын майды тамақтарды (сиыр,қой,шошқа еті), қуырылған , ащы тағамдарды жеуг болмайды.Ауруханадан шыққын соң 6 айға дейін емдәм сақтау керек. Дезинтоксикация мақсатымен науқасқа тәулігіне 1,5-2,0 л сұйықтық беріледі.Анорексия белгісімен, қайта-қайта құсатын науқастарға паренталды жолмен глюкоза, Рингер сұйықтығы құйылады.А гепатиті Қатерсіз ағымды, циклді, сауығуымен өтетін болғандықтан науқастарға вирусқа қарсы препараттар тағайындалмайды.
Е вирусты гепатиті Е вирусты гепатиті құрамында РНҚ бар вируспен тудырылады (HEV). Бұл гепатиттің таралу механизмі
фекалды- оралды.
Этиологиясы 1990 жылы молекулярлы гибридизация әдісімен вирусспецификалық клон бөлініп алынған.Бұл клон
Азияның әртүрлі аймақтарындағы эпидемияялық өршулер кезінде науқастардың нәжісінен бөлінген клонға ұқсас болды.Иммундық-электронды микроскопиялық зерттеу барысында Е гепатит вирусның құрылымы анықталды. Сынамаларда димаетрі 27-33 нм (көбінесе 3234 нм) сфера тәрізді вирусқа ұқсас бөлшектер табылады. Вирус –бір жіпшелі құрамында РНҚ бар:қабықшасы жоқ.HEAAg –ге ие.Е гепатит вирусының таксономдық жіктелуі әлі толығымен анықталған емес.
Клиникасы Е вирусты гепатиті клиникалық көріністері бойынша А вирусты гепатитке ұқсас. Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру біртебірте басталады. Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негізгі белгілеріне әлсіздік, немқұрайлық, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбісі эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38° С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенінің
ұзақтығы 1-3 апта. Вирусты А гепатиттен ерекше сарғаю пайда болған кезде итоксикация белгілері жоғалмайды. Е гепатиті көбінесе жеңіл және орташа ауыр түрде өтіп, сауығымен аяқталады. Бірақ
кейбір науқастарды(әсіресе, ересек адамдарда) Е гепатиті ауыр және фульминантты түрде өтіп, жедел бауыр жетіспеушілігіне әкеледі де өліммен аяқталады.
Диагностикасы Е вирусты гепатиті диагнозы клиникалық және эпидемиологиялық ерекшеліктердің негізінде қойылады.ИФА әдісімен HEV әдісімен HEV-ге антиденелер анықталады.Анти HEV IgM қанда аурудың10-12 күні пайда болып 1-2 ай сақталады.Содан кейін, қысқа уақыттан соң анти HEV IgС қаннан анықталады.Бұл антидененің анықталуы HEV –мен қатынас болғаны туралы айтады.Инфекцияның процестің ерте фазасына HEV-РНҚ табылуы мүмкін.
Емі Е вирусты гепатиті кезінде жүргізілетін емдеу комплексі А вирусты гепатиті кезіндегі емге ұқсас.
Болжамы. Ауруханадан шығару ережелері және диспансерлік бақылау А гепатитіне ұқсас.Е гепатитінің нәтижелері де А гепатитіне тән,бірақ жүкті әйелдер арасындағы жоғары өлім көрсеткіші ерекше.
Алдын алу шаралары А гепатитінің ауырушылдықты Төмендетуге бағытталған гигиеналық шаралар (соның ішінде, тұрғындары сумен қамтамасыз етуді жақсарту),Е гепатиті кезінде де эффективті болып табылады.