Нәрестенің жетістіктері – қарым – қатынасты қажетсінуі. Жетекші іс-әрекеті – эмоционалдық қарым-қатынас. Жанама түрде эмоциямен, ым-ишара мен, вербальді емес жолмен беріледі. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас баланың көңіл күйінің жақсы болуына мықты әсер етеді. Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе,сол кезде қасына үлкен кісі жақындаса –ақ болды, оның көңілі көтерліп, ашуы басылады да өзінен-өзі тағы да жалғыз қалып, жаңа ғана жаратпай тастаған ойыншығымен қайтадан ойнай бастайды. Туғанына төрт –бес ай болғанда үлкендерді таңдап қарайтын болады. Сәби өз үйінің адамдарын басқалардан ажырата бастайды, таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады. - Баланың дамуында зор маңызы бар эмоционалдық қарым –қатынас қажеттілігі әрине, жағымсыз қылықтар жасауға да әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер үлкен адам үнемі баланың қасында болуға ұмтылса, онда бала осыған үйреніп кетеді де, үнемі оған назар аударуды талап етеді, егер бір минуттай –ақ жалғыз қалса, ойыншықтарға көңіл аудармай жылайды.
- Дұрыс тәрбие әдістері үсітінде, нәрестелік шаққа тән тікелей қарым-қатынас (қайткенде де қарым-қатынас жасау керек болғандықтан), кешікпей белгілі бір затпен , ойыншықпен жасалатын қатынасқа ауысады да үлкен кісі баланың бірлескен іс-әркетіне айналады. Үлкендер баланы әлдебір заттық дүниеге ендіреді, оның назарын заттарға аударып, олармен не істеуге болатынын сан алуан әдістермен көрнекі көрсетіп, балалардың қимылын бағыттай отырып, оған қимылды орындауға жиі тікелей көмектеседі. Үлкендермен қарым-қатынастағы қажеттіліктің ариуы кейде қарама-қарсылыққа д әкеліп соғады. Бұл қайшылық сәби сөзге түсініп, өзі де сөйлей білген кезде ғана шешіледі.
|