Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет22/72
Дата08.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#190087
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)

Құрылысы/хим.табиғаты: Майда еритін А витамині циклді қанықпаған бip атомды спирт.
Ол бета-ионон сақинасынан, 2 изопрен қалдығынан және 6 біріншілік спирт тобынан құрылады.
Биологиялық әсері: 1)Көздің тор қабатында қараңғыда ретинол тотығып, цис-ретиналь түзіледі. Ол опсин белогімен қосылып родопсинге ауысады. Сәуленің әсерінен цис-ретиналь транс-ретинальға айналады. Сонымен жарық кезде родопсинге қажеті жоқ, ал кешке родопсин көздің көру қабілетін арттырады, фото­ сенсибилизатор рөлін атқарады.
2)А витамині кератиндену процесін (кератин түзілуі) төменгі деңгейде ұстап тұрады. Ретинол цистеинді цистинге тотьқтыратын купрум- ферменттің активтілігін тежейді. Цистин кератиннің синтезіне қажет. 3)Дамып келе жаткан ағзаның (эмбрионның, жас организмнің) жасушаларының калыпты ecyi мен дифференциациясын реттейді 4)А витамині антиканцерогенді болып табылады. 5)А витамині және ретиноидтар жасушалық им­мунитет реакцияларын стимульдейді, Т - киллерлердің активтілігін арттырады. 6)Дәнекер, шеміршек, сүйек тіндерінің түзілуіне, өсуіне қатысады.
Авитаминозы: А витаминінің жетіспеушілігінің клиникалык көріністері: кешқұрым көрудің бұзылуы (гемералопия немесе акшам соқырлык), қараңғыға бейімделіктің күрт төмендеуі. А витаминінің авитаминозынан көз алмасының закымдануы - ксерофтальмия, яғни көз жиегі эпителий қабатының қатпарланып, эпителийдің мүйізденунее байланысты көздің жас шығатын жолдарын жауып, жас бөлінуіне кедергі болады. Бұл өз кезегінде конъюктивиттің, көздің қасан кабығының ісінуі, кебyi және жұмсаруы, яғни кератомаляцияға әкеледі. Егер дұрыс ем қолданбаса, адам соқыр болып қалуы да мумкін. Балаларда авитаминоз кезінде сүйектердің өcyi тоқтайды. Барлық мүшелердің эпителий жасушаларыныц кератозы, соның салдарынан тер шамадан тыс мүйізденуі, ас қорыту жолдарының, зәр-жыныс, тыныс алу жолдарының эпителийлерінің зақымдануына әкеледі Бассүйектің өсуінің тежелуі орталық жүйке жүйесі тіндерінің зақымдануына, сондай-ақ жұлын-ми сұйыктығы қысымының артуына әкеледі.
Тәуліктік қажеттілігі: 1,5-2 мг
Тағам көздері: А витамині тек жануар текті тағамдарда- ipi қара мал мен шошқаның бауырында, жұмыртқаның сарысында, сүт тағамдарында, балық майында кездеседғ. Өсімдік текті тағамдарда (сәбіз, томат, бұрыш, салат, т.б.) А витаминінің провитаминдері каротиноид бар болады. Ішектің шырышты қабатында және бауыр жасушаларында арнайы фермент каротиноксидаза бар, ол каротиноидтарды А витаминінің активті формасына айналдырады.


Витамин Е, токоферол.
Құрылысы/хим.табиғаты: Е дәрумені өзінің химиялық табиғаты бойынша туыстық қосылыстардың- токоферолдардың тобын құрайды. Токоферол молекулалары екі компоненттен тұрады: бензохинон туындысы болып табылатын хроманол сақинасы және изопреноид бүйір тізбегі. Е витаминіне токоферолдардан басқа α-, β-, γ- және δ-токотриенолдар - сәйкес токоферолдардың аналогтары кіреді, олар соңғыларынан бүйірлік тізбекте қос байланыстардың болуымен ерекшеленеді. Ең үлкен биологиялық белсенділікті α токоферол көрсетеді.
Биологиялық әсері: Токоферолдың биохимиялық функциялары алуан түрлі:

  • Әсер ету механизмі бойынша токоферол антиоксидант, ол мембрана фосфолипидтерінің құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарының оттегімен жанасуына кедергі келтіретін орында (гидрофобты комплекс тузіп) орналасып, мембрананы пероксидтік тотығудан қорғайды. Е витамині каротин мен А витаминінің молекуласындағы қос байланысты тотығудан қорғайды. Е витамині (аскорбатпен бірге) селенді глутатионпероксидазаның активті орталығының құрамына енгізіп, ферменттік антиоксиданттық қорғаныш жүйесін активтендіреді (глутатионпероксидаза липидтердің гидропероксидтерін залалсыздандырады).

  • Токоферол митохондрия мембранасын тұрақтандырып, жасушаның оттегіні жұмсауын үнемдейді. Е витаминінің мембрананы тұрактандырушы әсерінен митохондрияда биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың қабысуы артады, АТФ пен креатинфосфаттың түзілуі күшейеді. Е витамині тыныс алу жүйесінің және митохондрияның басты антиоксиданты - убихинонның биосинтезін қадағалайды.

  • Токоферол нуклеин қышқылдарының (транскрипция жеңгейінде), гемнің, микросомалык цитохромдардың және басқа да гемі бар белоктардың синтезін бақылайды.

  • Е витамині мембрана фосфолипидтерін бұзатын лизосомалардағы фосфолипаза А2 активтілігін төмендету кабілетіне ие.

  • Е витамині организмнің иммундық қорғаныстық күшін нығайтуға кабілетті тиімді иммуномодулятор болып табылады.

Авитаминозы: Е витамині жетіспегенде эритроциттердің гемолизі байқалады, оларда антиоксиданттық қорғаныс функцияларының активтілігі төмендейді Токоферолдыың жеткіліксіздігінің симптомдары: бұлшық ет дистрофиясы, бедеулік, бауыр некрозы, ми бөлімдерінің, әcipece мишықтың жұмсаруы барлық жасушалар мен субжасушалық құрылымдардың мембраналарының өткізгішітігінің артуымен, оларда липидтердің пероксидті тотығуының өнімдерінің жиналуымен түсіндіріледі. Е витамині гиповитаминозының алғашкы сатыларында зақымданған тіндерден ферменттердің (креатинфосфокиназа, аланинаминотрансфераза) қан сары суына шығуы және қан сары суында липидтерің пероксидті тотығуының өнімдерінің мөлшерінің көбеюі байқалады.
Тәуліктік қажеттілігі: 20-40 мг
Тағам көздері: өсімдік майы, салат, орамжапырақ, астық өнімдерінің ұрықтары, сары май, жұмыртқа сарысы.


Д витамині, кальцеферол


Құрылысы/хим.табиғаты: Д витамині- циклопентанпергидрофенантрен туындысы, 9 витамері бар. Биологиялық активті формалары Д2 (эргокальциферол) жэне Д3 (холекальциферол) витамерлері болып табылады. Д2 витамині эргостериннің туындысы, ал Д3 витаминінің 80% адам терісінде УКС әсерәнен 7-дегидрохолестериннен тузіледі.
Биологиялық әсері: Адам организмінде Д витамині бауырда және бүйректе 25 және 1 орындарда С витаминінің қатысуымен гидроксилденіп, биологиялық активті косылыс 1,25-дигидрооксохолекальциферолға (кальцитриол) айналады.

  • Кальцитриол Са2+ мен фосфаттардың реттелуіне катыса отырып, гормональдық қызмет аткарады, ішекке кальцийдің сіңірілуін, сүйек тінінің кальцийленуін, бүйрекке кальций мен фосфаттардың реабсорбциялануын стимулдейдін Са2+ концентрациясы төмендегенде кальцийдің сүйектен шығуын стимулдейді.

  • Кальцитонин сүйек кемігінің жасушаларының өcyi мен дифференциациясын ретгеуге қатысады. Ол антитоксикалық және антиканцерогенді әсер керсетеді.

Авитаминозы:

  • Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына шалдықтырады. Бұл кальцийдің жетіспеушілігінен жүзеге асады. Ең алдымен остеогенез бұзылады: аяқ-қол сүйектерінің (стеомаляция- сүйектің жұмсаруы нәтижесінде қисаюы), бассүйектің (баланыц еңбегінің бітпеуі) жіне кеуде суйегінің деформациясы, тic жарудың кеш байқалады. Бұлшык еттің гипотониясы (iш ұлғаюы) дамиды, жүйке-бұлшық еттік қозу (сәби басын көп козғалтатындықтан, желке тұсындағы шашы түсіп калады) күшейеді, cipecпe пайда болуы мумкін.

  • Ересектерде кальцийдің жетіспеуі кариес және остеомаляцияға, ал қарт кісілерде остеопороз (остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі байқалады. Суйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің тапшылығы сүйек тінінен кальцийдің шайылуының кушеюімен және бүйрек каналдарында кальций реабсорбциясының бұзылуымен түсіндіріледі.

Тәуліктік қажеттілігі: 0,02 мг
Тағам көздері: жануар текті тағамдарда: сары майда, жұмыртка сарысында, балық майында кездеседі.


К витамин3, нафтохинондар, антигеморрагиялық витамин
Құрылысы/хим.табиғаты: К витаминінің бірнеше формалары белгілі, химиялық табиғаты бойынша олар бүйір изопреноид тізбектері бар хинондар. Өсмдіктерде филлохинон (K1), ішек микрофлорасының жасушаларында менахинон (К2).
Биологиялық әсері: К витамині қан ұю үрдісне қатысады. Ол қан ұю факторларының: протромбиннің (II фактор), проконвертиннің (VII фактор), Кристмас факторының (IX фактор) және Стюарт факторының (X фактор) активтенуіне қатысады. Аталған белоктық факторлар активсіз алғы заттар түрінде синтезделеді. К витамині гамма-глутамилкарбоксилазаның коферменті болып табылады. Бұл фермент глутамин қышқылын карбоксилдеп, кальций байланыстырушы белоктардың қызмет атқаруына керек кальций байланыстырушы амин қышқылына жататын гамма-карбоксиглутамин қышқылын түзеді.
Авитаминозы: К витаминінің авитаминозының негізгі белгісі - қан кету, бұл организмнің өлуіне әкеп соғады. К витаминінің остеосинтезге қатысуына байланысты оның жетіспеушілігі остеопороздың дамуына әкеледі.
Тәуліктік қажеттілігі: 1-2 мг
Тағам көздері: К витмаинінің көзі өсімдіктер (орамжапырақ, көктоматтар, шпинат,тамыржемістер, рябина жидектері, жемістер).



  1. Көмірсулар алмасуы. Көмірсулардың қорытылуы және моносахаридтердің сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогеногенез, гликогенолиз. Анаэробты гликолиз (схема).Аэробты тотығу. Глюкозаның аэробты жағдайда гликолитикалық жолмен тотығуы. Энергиялық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы және оның маңызы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет