Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет2/72
Дата08.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#190087
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)

НӘРУЫЗДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Нәруыздар құрылысына қарай 2-ге бөлінеді: жай нәруыздар (протеиндер) және күрделі нәруыздар (протеидтер).
Құрамына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Күрделі нәруыздар – фосфопротеидтер, гликопротеидтер, хромопротеидтер, металлопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер болып бөлінеді.
Нәруыздар молекулалық пішініне қарай: глобулярлы және фибрилярлы болып бөлінеді. Глобулярлы түріне – альбуминдер, глобулиндер, гистондар және проматиндер жатады.
Ал суда ерігіштігіне қарай нәруыздар – суда еритін және ерімейтңн болып бөлінеді. Суда еритіндерге миозин, фибриноген, актин, ал суда ерімейтіндерге коллаген, эластин, кератиндер жатады.
ЖАЙ НӘРУЫЗДАР
Жай нәруыздар – тек аминқышқылдарының қалдықтарынан құралады.
Альбуминдер – жай нәруыздарға жататын, теріс зарядталған, қышқыл, молекулалық массасы төмен қан түзілуге қатысатын нәруыздар. Альбуминдер қанның осмостық қысымын сақтауда маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, тасымалдау және адсорбциялық қызмет атқарады. Олар бауырда түзіледі.
Глобулиндер – жай нәруыздарға жататын, альбуминдерге қарағанда молекулалық салмағы мен суда ерігіштігі жоғары глобулярлы қан нәруыздары. Глобулиндер – қан нәруыздарының көбісін құрайды, ағзаның иммундық қасиеттерін анықтайды, қан ұюына өатысады, қан арқылы темірді тасымалдауға және басқа да зат алмасу процестеріне қатысады. Глобулиндер бауыр мен иммундық жүйелерден түзіледі.
Протаминдер – гистондардың өзіндік биологиялық алмастырғыштары. Бірақ олар гистондардан аминқышқылдары құрамы мен құрылымы жағынан ерекшеленеді. Молекулалық салмағы бойынша ең төмен нәруыздар болып табылады. Олар сілтілермен тұнба түзуге, қышқыл белоктармен комплекс түзуге қатысады.
Гистондар – көп жасушалы ағзалардың тіндерінде кездесетін хроматинмен байланысатын нәруыздар. Гистондардың жалпы 5 түрін ажыратады: Н1 Н2а Н2в Н3 Н4. Гистондардың мағыздылығы: ДНҚ кеңістік құрылысын тұрақтылығын сақтауға қатысады, нуклеосома құрауға қатысады.
Склеропротеиндер – бұлшықет, тері, сүйек, шеміршек, шаштың нәруыздары болып табылады. Бұл нәруыздар әртүрлі еріткіштерге төзімді болып келеді. Маңыздылығы: ағзада қатты немесе пластикалық күйде болып органдардың механикалық беріктігін қамтамасыз етеді, жасушалар мен мембраналар ішіндегі торлы құрылымды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет