Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік


РНҚ түрлері, ролі. Генетикалык кодтың қасиеттері



бет6/72
Дата08.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#190087
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)

РНҚ түрлері, ролі. Генетикалык кодтың қасиеттері
РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылықтары:

  • РНҚ бір полинуклеотидтік тізбектен тұрады, сондықтан М.м. ДНҚ-ға қарағанда жеңіл;

  • ДНҚ-ның жасушадағы мөлшері тұрақты, ал РНҚ-ның мөлшері жасушаның жасына,физиологиялық жағдайына, қай органның құрамында болатындығына байланысты өзгеріп тұрады;

  • РНК молекуласында Чаргафф ережесі сақталмайды;

  • РНҚ-да пентозадан рибоза (ДНҚ-дағы дезоксирибозаның орнына),пуриндік негіздерден А, Г, пиримидиндік негіздерден Ц, У (ДНҚ-дағы Т орнына) болады;

Атқаратын қызметі мен кездесетін жеріне қарай РНҚ үш түрге бөлінеді:матрицалық – мРНҚ,тасымалдаушы – тРНҚ,рибосомалық – рРНҚ.
мРНҚ жасушадағы жалпы РНҚ-ның 2-3% құрайды.Барлық РНҚ-ның І реттік құрылымы ДНҚ-ның молекуласындағы І реттік құрылымына ұқсас.Айырмашылығы: тимин мен рибозаның болуында.мРНҚ-ның қатаң түрдегі арнайы ІІ реттік құрылымы жоқ, полинуклетидтік тізбек иілген ілмектер түзеді. Бұл ілмектер ерітіндінің иондық күшіне қарай өзінің түрі мен көлемін өзгертіп отырады.РНҚ-ның ІІІ реттік құрылымы мРНК шумақталып, белокпен байланысқан түрде болады.
мРНҚ ДНҚ-ның белгілі бір телімінен (оперон) ақпаратты көшіріп алады, цитоплазмада рибосомамен байланысып, матрица түзеді, осы матрицада белок синтезделеді.
тРНҚ цитоплазмада болады, барлық РНҚ- ның и 5%-н құрайды. М.м.20000 Д, 73-93 нуклеотидтен тұрады. т-РНК молекуласы «адапторлық» молекула ролін атқарады, ол сәйкес амин қышқылдарын таңбалап, белок синтезі өтетін орынға тасымалдайды және АҚ полипетидтік тізбектегі орнын белгілейді.
тРНК-ның І құрылымы – 1 полинуклеотидтік тізбек.ІІ құрылымы жоңышқа жапырағы сияқты үш жапырақты (денатурацияға ұшыраған кезде). т-РНК- ның ІІ реттік құрылымында активті орталық бар:

  • 1 акцепторлық сабақша аймағы, ол барлық т-РНКда бірдей АЦЦ нуклеотидтерінен тұрады. Осы аймаққа амин қышқылдары жалғасады.Акцепторлық аймағының арнайылығы жоқ, демек өзінің АҚ тани алмайды.

  • 2.аминоацил-т-РНК-синтетаза ферменті байланысатын бөлігі, арнайылығы жоғары, осы фермент арқылы тРНҚ өзінің АҚ тани алады.

  • 3.антикодон деп аталады, бұл орынға м-РНК- ның кодоны байланысады. АҚ полипептидтік тізбектегі орны осы аймаққа тәуелді.

  • 4.рибосомамен байланысатын бөлімі,арнайылығы жоқ, барлық тРНҚ-да бірдей.тРНҚ-ның ІІІ құрылымы “L” әрпі сияқты болады.

р-РНҚ барлық жасушалардағы РНҚ-ның 80%-н көбін құрайды.р-РНҚ рибосоманың құрамында кездеседі.Рибосома – 65% рРНҚ-дан, 35% жай белоктан тұратын рибонуклеопротеидтік комплекс.р-РНҚ-ның 1 молекуласы белоктың 30молекуласымен байланысады. Әрбір рибосома үлкен және кіші суббірліктен тұрады. Үлкен бөлігі кіші бөліктен 2,5 есе үлкен. рРНҚ–ның полинуклеотид тізбегі оңай иіледі, белокпен бірге жинақталып, тығыз денешік түзеді. рРНҚ-ның бүтіндігі рибосоманың функциясына міндетті түрде қажет. рРНҚ тізбегінің бір жері үзілсе, рибосома өзінің активтігін түгелдей жояды.Рибосома м-РНҚ-мен бірігіп, матрица түзеді. Бір рибосома әр түрлі белоктың синтезіне қатыса алады, себебі, рибосома әмбебап. Олар ақпаратты бөгде мРНҚ-дан да оқи алады. Мысалы, өсімдік рибосомасы үй қоянының гемоглобинінің м-РНҚ- сындағы ақпаратты оқи алады.
Рибосоманың екі аймағы болады:А-аймағы, бұл аймаққа рибосомаға келген аминоацил –т-РНҚ орналасады.Р-аймағы, бұл пептид бекітілетін аймақ, оған өсіп келе жатқан белок тізбегі (полипептидтік тізбек) ілініп тұрады. Осы жерден амин қышқылының қалдығынан босаған т-РНҚ бөлініп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет