Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет3/72
Дата08.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#190087
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)

КҮРДЕЛІ НӘРУЫЗДАР
Күрделі нәруыздар – жай нәруызден және протестикалық топтан тұрады.
Хромопротеидтер – боялған күрделі белоктар. Құрылысы бойынша жай белоктан және протестикалық тобы металлдан тұрады. Хромопротеидтердің 3 тобы бар: гемопротеидтер, магнийпорфириндер және пигменттер. Гемопротеидтер – құрамында гемі бар, қан жасушаларын түзуге қатысады. Магнийпорфириндер – тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады, фотосинтезге және энергия бөліп шығаруға қатысады. Пигменттер теріге, шашқа, көзге түс береді.
Хромопротеидтердің маңызы: кейбір өкілдері фотосинтезге, бүкіл организмнің тыныс алуына, сәуле және түсті ажыратуға, тотығу-тотықсыздану реакцияларына, энергия түзуге қатысады.

Гликопротеидтер – күрделі нәруыздарға жататын молекулалық массасы үлкен белоктар. Ол құрылысы бойынша жай белоктан және протестикалық тобы – полисахаридтерден, олардың амин туындыларынан, нейроминдерден, көмірсулардан тұрады. Гликопротеиздерге – муциндер, иммуноглобулиндер, қан тобын анықтайтын белоктар, гормондар, тасымалдаушы белоктар жатады. Гликопротеидтердің маңыздылығы: гидрофобты заттар мен металл иондарын тасымалдайды, арнайы жанасуды қамтамасыз етеді, иммунологиялық реакцияларға қатысады, кілегейлі, шырышты қабаттардың құрамында кездесіп, қорғаныс қызметін атқарады.




2.Нуклеопротеиндер. Нуклеин қышқылдары.Нуклеопротеиндердің химиялық қасиеттері, құрылысы, құрамы және ролі. ДНҚ, РНҚ, құрылымдары, олардың құрылымын тұрақтандыратын байланыстар, нуклеотидтердің құрылысы. РНҚ түрлері, ролі. Генетикалық кодтың қасиеттері.
Нуклеопротеиндердің химиялық қасиеттері, құрылысы, құрамы және ролі.
Нуклеопротеиндер-курделі белоктар, молекула құрамында көп молшерде фосфор кышкылының калдығы болғандыктан, әлсіз кышкылдык касиет керсетеді.Нуклеопротеидтер суда, ерітінділерде ериді, молекулалык массасы бірнеше миллион немесе тіптi миллиард дальтонга дейін жетеді. Нуклеопротеидтердің молекуласы жай белоктан жэне простетикалык топтан турады. Простетикалык тобы нуклеин кышкылы. Нуклеопротеиндер алғаш рет ядродан табылған.
Нуклеопротеидтер тipi организмде манызды рөл аткарады. Жасушада.тіндерде журетін барлык белоктардың синтезне нуклеин катысады, белоктардын ерекшеленетін, кұрылысын, касиеттерін камтамасыз етеді. Кебею процесіне катысады, тукым куалау белгілерін ұрпақтан ұрпакка жеткізеді. Нуклеопротеидтердің құрамына кандай нуклеин кышкылы кіретіндігіне байланысты дезоксирибону- клеопротеидтер (ДНП) жэне рибонуклеопротеидтер (РНП) болып бөлінеді. Жануарлардың нуклепротеидтерінің құрамында гистондар кеп, ал теңіз жануарларында протаминдер,пентозалар / рибоза дезоксирибоза көп. Аз молшерде альбуминдер, глобулиндер кездеселі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет