Барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің ( қанайналым , лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.
Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланыстысимпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.
Маңызы:
Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
Денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
“Бақытты сәт” ойыны:
Оқушыларды 2 топқа бөлемін. Екі топқа екі түрлі деңгейлі апсырмалар беріледі. І-деңгейлі тапсырмалар 1 Нейрон дегеніміз не , оның құрылысы қандай 2. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады 3.Нейрондар қандай топтарға бөлінеді 4. Жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді ІІ-деңгейлі тапсырмалар 1. Рефлекс ұғымына анықтама беріңдер 2.Рефлекстік доға неше бөлімден тұрады 3.М и бөлімдері 4.жұлынның құрылысы мен қызметі
Жауабы:
1.1.нерв клеткасы, денесі сома, аксон дендрит.
1.2. Мүшелерді бір бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады; Денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді; Организмді сыртқы ортамен байланыстырады; Сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді; Денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
1.3. сезгіш; байланыстырғыш; қозғалтқыш.
1.4. Орталық; шеткі.
2.1.сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабы.
2.3. үлкен ми, аралық ми, ортаңғы ми, ми көпірі, сопақша ми, мишық
2.4.31-33сигменттен тұрады. 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер
Қорытынды:
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы;- К. Дүйсенбин, З. Алиакбаров;-Алматы 2003жыл.
Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2008