9.6 Несиелік мониторинг жəне проблемалық несиемен банктің жұмысы Несиелік мониторинг – несиені берген күннен бастап, оны толық қайтарғанға дейін бақылауды жəне қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін үнемі талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі немесе несиелік келісімшарттың бұзылуы анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды қамтитын банктің күнделікті жұмысы.
Несиелік мониторингті жүргізуге арналған ақпарат көзіне мыналар жатады:
-банкте жинақталған қарыз алушы туралы ақпарттар;
-қарыз алушыдан алатын ақпараттар;
-өзге көздерден алынатын ақпараттар (жабдықтаушылардан, сатып алушылардан, өзге банктерден, қаржы ұйымдарынан, үшінші тұлғалардан жəне т.б.).
Ақпараттың толықтығына қарай несиелік мониторинг ағымдық жəне
тереңдетілген болып бөлінеді.
Ағымдық мониторинг – ай сайын ағымдық мониторинг есебін түрінде рəсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысы шегінде барлық несиелер бойынша жоспарлы түрде қарыз алушының шаруашылық жəне қаржылық жағдайы туралы жалпы ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру.
Ағымдық несиелік мониторинг əр ай сайын несие толық қайтарылғанға дейін жасалады. Ағымдық несиелік мониторинг қорытындысы бойынша есеп беру нысаны 15-қосымшада берілген.
Ағымдық несиелік мониторингтің мақсаты – банктің барлық берген несиелер бойынша төлемсіздіктің алдын алу. Мониторинг жүргізуде несиені қайтару кестесі пайдаланылады жəне оның көшірмесі шот менеджеріне беріледі.
Ағымдағы мониторингтің негізгі қадамдарына мыналар жатады:
-қарыз алушының шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау жасау;
-клиентке ескертулер жасау (несиені төлеу мерзімінен екі үш күн бұрын телефон арқылы ескерту, телефон болмаған жағдайда жазбаша түрде);
-клиенттің орналасқан жеріне бару (қарыз алушы кəсіпорынның қаржылық есебінің материалдары негізінде оның қаржылық жəне шаруашылық жағдайымен танысу жəне т.б.).
Қарызды қайтару күнінде несиені қайтару кестесі бойынша қарыз алушының негізгі қарыздың жəне пайыздың төленгендігі тексеріледі.
Егер қарыздың қайтаруын кешіктіру қарыз алушының уақытша қаржылай қиындықтарына немесе ұмытшақтығына байланысты болса, онда дабыл қағу қажет емес. Бұл жағдайда қарыздың кешіктірілуі қарыз алушының болашақ іскерлігіне кері əсер ететіндігін ескерткен дұрыс.
Егер қарыз алушының тексеріп бару барысында несиені қайтармауымен байланысты мүмкін болар мəселелердің барлығын куəландыратын қауіпті
231
белгілер анықталса, онда тереңдетілген мониторинг жүргізіліп, оның нəтижесінде мынадай сұрақтарға жауап ізделінеді:
-қарызды кешіктіру себетері;
-кешіктірілген қарызды қайтару мүмкіндігі;
-алдағы уақыттары қарызды қайтару кестесін орындау мүмкіндігі. Тереңдетілген мониторинг - ай сайын тереңдетілген мониторинг есебін
түрінде рəсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысының бұзылуына қарай, жоспардан тыс (кенеттен) немесе қандай да бір алаңдатарлық белгілердің туындауына байланысты қарыз алушының шаруашылық жəне қаржылық жағдайы туралы барынша толық ақпараттарды алу мақсатында жүргізілетін тексеру.
Тереңдетілген мониторинг бойынша есеп беру формасы 16-қосымшада берілген.
Тереңдетілген мониторингтің ұзақтылығы мыналарға тəуелді:
-қарыз алушының несиелік рейтингіне;
-қарыз алушының саласының жағдайына.
Несиелік рейтинг – несиені қайтару ықтималдығы, міндеттемені орындау тұрғысынан қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігін бағалауды білдіреді. Мұндай рейтингті əдетте банктер немесе мамандандырылған консалтинг агенттіктері анықтайды.
Несиелік мониторинг келесі бір түріне несиелік ресурстардың мақсаты пайдалануын тексеру жатады. Несеиелік ресурсты бергеннен кейін несие менеджері міндетті түрде жобаның іске асырылатын жеріне барып қарыз алушының несиелік ресурсты көздеген мақсатқа пайлану барысына тексеру жасайды.
Егер жоба бойынша несиелік ресурсты игеру кезең-кезеңімен жүзеге асатын болса, онда жобаның əр кезеңінде игерілген несиелік ресурстың көлеміне қарай, оның көздеген мақсатқа пайдалану барысына тексеру жұргізіледі.
Қарыз алушының несиелік ресурстарды көздеген мақсатқа пайдаланбағаны анықталған жағдайда несие менеджері қарыз алушының міндеттемені орындамағаны туралы хабарлама даярлап жəне оны заң қызметкері тексеріп куəландырады. Сөйтіп ол мəселені несиелік Комитеттің алдына қарауына қояды. Несиелік комитет ондай несиелер бойынша қарызы туралы нақты шешім қабылдайды.
Проблемалық несиелерге мыналар жатады:
•несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген жəне қосымша келісім берілген несиелер;
•сақтандыру, кепіл-хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл-хатты жəне кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
•несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады: - қарыз алушының қызметін қайта құру;
232
-несиені қайтару кестесін өзгерту;
-пайыз (сыйақы) төлеу тəртібін өзгерту.
Отандық банктік тəжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу ережесіне сəйкес стандартты несиеден өзгелері, соның ішінде күмəнді жəне үмітсіз несиелер жатады. Кез келген коммерциялық банкте проблемалық несиелер Басқармасы немесе жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырылуы қажет.
Проблемалық несиелермен əрі қарай жұмыс жасау бағытын таңдауда мынадай факторлар ескерілуі тиіс:
-қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемені орындамау себебі;
-проблемалық несиенің пайда болу себептері: дефолтқа итермелеген форс-мажор немесе нарықтағы жағдаяттың теріс өзргерісі, бизнес жоспарындағы жіберілген қателіктер, кəсіпорындағы менеджмент сапасының төмендігі жəне т.с.с.;
-қарыз алушының іскерлік беделі, несиелік тарихының болуы;
-кепіл мүлкі есебінен несиелік қарызды қайтару мүмкіндігі;
-қаржылық сауықтандыруға байлансты шаралар жасалған жағдайда қарыз алушының несиелік қарызды толық төлейтіндігін куəландыратын қаржылық сауықтандыру жоспарының банке ұсынылуы;
-қарыз алушының ағымдағы қаржылық есебі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы толық ақпараттарды банкке беруге дайын болуы;
-қарыз алушының қосымша қамтамасыз ету мүлкін банкке ұсынуы. Қысқаша айтқанда, банк үшін аталған нұсқалардың қайсысы аз шығын
жұмсай отырып, несиелік қарызды қайтаруға мүмкіндік жасайтыныдығын ескеру қажет.
Проблемалық несиені анықтағаннан кейінгі банктің жұмысы мыналарды қамтиды: