Несиелік саясат


Несиелік қабілетті бағалау критерийлері



бет10/15
Дата17.05.2023
өлшемі130,07 Kb.
#177012
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Документ Microsoft Word
КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС КАССА ҚҰЖАТТАРЫН ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ, Дебиторлық берешек есебі
9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
Қарыз алушының несиелік қабілеті бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау əдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тəуекел факторлардың іс əрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын-ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық жəне уақытында есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дəрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында көңіл аударатын ең бір формалды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді жəне меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тəуекелдерінің дəрежесін көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау жəне несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тəуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға жəне пайда табуға мүмкіндік береді.
Əлемдік жəне отандық банктік тəжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мəміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дəл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі жəне менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі жəне несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының занды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік əлеміндегі беделінен түрады. Менеджерлерінің беделі олардың кəсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тəжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық жəне жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нəтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кəсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының қапиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:
1)оның жеткіліктілігіяғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы жəне қаржы левераж коэффициенті негізінде талданады;
2)несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дəрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тəуекелдің бөлінуін куəландырады. Неғұрлым меншік капиталының жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тəуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады
Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны жəне несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тəуекел дəрежесін анықтайды.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі жəне несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін
заңды жəне нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы салық заңы) қарыз алушының қызметінің нəтижесіне қалай əсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы жəне ссуда туралы мəліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, Қаржылық қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сəйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тəсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тəсілдер қатарына жататындар:
іскерлік тəуекелді бағалау;
менеджментті бағалау;
қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
қаржылық коэффициенттерді бағалау;
ақша тасқынын талдау;
қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.
Отандық банктік тəжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті жəне заемдық қаражаттарды орналастыру жəне пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу, жəне тиімді пайдаланумен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет