8.2. Несиелік механизмнің мазмұны Экономикалық түсінікте “механизм” белгілі бір қызметті жандандыруға жəне бір нəрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында “механизм” термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мəні экономикалық, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталатын, басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің əрекет ету мазмұнымен байланысты болып келеді.
Несиелік механизм – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу қағидаттарынан, несиелеу əдістері мен тəсілдерінен жəне несиелік тəуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі. Несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты жəне кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы жəне қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі жəне құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе жəне тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік механизм сипатының объективтігін айта отырып, екі элементті: несиені жəне несиелік механизмді бір бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.
Несиелік механизм несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын жəне несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс əрекеті түсіндіріледі.
Несиелік механизмге несиенің мазмұны жəне өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар жəне олардың пайда болу əдістері, тəсілдері жəне формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мəніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тəжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.
Берілген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы əдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді.
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.
Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады:
•несиенің түрлері; •несиелеу объектілері; •несиелеу субъектілері; •несиелеу əдістері; •несиелеу процессі (несиелеу механизмі); •несиелеу қағидаттары; •несиелік тəуекелді басқару;