Несиелік саясат


Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары



бет5/15
Дата17.05.2023
өлшемі130,07 Kb.
#177012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Документ Microsoft Word

8.2.3Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
Несиелеу қағидаттары (принциптері) несиенің мəнін жəне қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу қағидаттары негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы жəне қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу қағидаттарына байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты жəне мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нəтижелілігі жəне т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидаттары екі топқа бөлінеді:
І топқа – жалпы экономикалық тəртіптегі қағидаттар:
•несиенің мақсаттылығы;
•несиенің дифференциялдығы.
ІІ топқа – несиенің мəнін бейнелейтін қағидаттар:
•несиенің мерзімділігі;
•несиенің қайтарымдылығы;
•несиенің төлемділігі;
• несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциялдық қағидаттарының мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік қағидаттарымен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл қағидат несиелік келісім жасалғанға дейін жəне банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін жəне сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын жəне олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мəніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тəртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық қағидаты туындайды.
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидатына ерекше мəн берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тəуелді. Екіншіден, бұл қағидатты сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаттары тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, əр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
•орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
•банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
•өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
•банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);
•несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);
•несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тəуекел дəрежесі;
•еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сəйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тəуекелі артады).
Cонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік жəне экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да əсер етеді. Шын мəнісінде, заңды жəне жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресустар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Банктік тəжірибеде ссуда бойынша жай жəне күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:
іP n
І = , 360 * 100
мұндағы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет