Несиелік саясат


Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар



бет9/15
Дата17.05.2023
өлшемі130,07 Kb.
#177012
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Документ Microsoft Word

9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар жинау несиелеу үрдісінің 1-кезеңінде жүзеге асады. Бұл кезеңде клиент банктің несие менеджерімен сұхбаттасып, кеңес алғаннан кейін жəне несиелеу шартымен толық келіскен жағдайда банктің жасаған формасында құжатты немесе құжатсыз (компьютердегі арнайы бағдарлама) түріндегі несие алу үшін өтінішін жəне сауалнаманы толтырады жəне несие алуға қажетті құжаттарды жинақтап банкке тапсырады. Қажет құжаттардың тізімін несие менеджері клиенке тапсырады. Клиенттердің əр түрлі топтары үшін əр түрлі құжаттар пакеті əзірленуі мүмкін.
Жалпы банкке тапсыратын клиенттің құжаттары екі топқа бөлінеді: несиелік сараптама жəне заңи сараптамаға арналған құжаттар.
Клиенттердің əр түрлі топтары үшін əртүрлі құжаттар пакеті əзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
1)құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куəліктерінің немесе патенттерінің, жерді пайдалану құқығын куəландыратын құжаттарының нотариалды түрде куəландырылған көшірмесі;
2)кəсіпорының басшысының немесе кəсіпорын атынан несие алуға сенім білдірген тұлғаның төл құжаты жəне клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
3)қаржылық есебі, яғни соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы, қаржылық қызметінің есебі, ақша қаражаттарының қозғалысының есебі;
4)несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін жəне оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық - экономикалық есебі;
5)несиеленетін мəмілелерді растайтын келісім шарттар көшірмелері (материалдық бағалылықтарды жабдықтауға жəне сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық бағалылықтар шотының көшірмелері жəне т.с.с),
6)алашақ жəне берешек қарыздары туралы құажат (қарыздарының пайда болу себебі мен мерзімі, жəне оны өтеу мерзімдері көрсетілуге тиіс);
7)басқа банктерден алған несиелер туралы мəліметтер (шоттар бойынша көшірме);
8)қаматамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
9)несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куəландыратын құжаттар;
10)қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер жəне басқа да құжаттары жоқ кəсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мəліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін.
Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін сауалнама толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі жəне меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық жəне валюталық шот ашқан банктің аты жəне реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы жəне мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы жəне басқа да көрсеткіштер.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай ақпарат көздерінің маңызы зор:
•өтініш жасаушымен тікелей сұхбаттасу, яғни банк қызметкері ссуда алуға өтініш жасау себептерін біле отырып, өтініштің банктің несиелік саясатынан туындайтын талаптарына жауап беретіндігіне мəн береді. Қарыз алушының тарихы, өнімінің жəне көрсететін қызметінің сипаты, шикізат көздері, жұмыскерлерінің біліктілігі туралы ақпараттар жинайды. Бұл ақпараттар басқа жолдармен тексеріледі;
•клиенттерінің несиелік қабілеті, олардың өткен уақыттардағы несиелерге қатынасы, шоттардағы қалдықтары жəне т.б. туралы ақпараттардан тұратын банк картотекасын жүргізу;
•орнында инспекция жүргізу;
•қаржылық есебін талдау;
•басқа банктермен контракт арқылы, қарыз алушының жабдықтаушылары арқылы, салық инспекциялары арқылы сырттай ақпарат көздері.
Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған жəне оны беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер бар. Қазіргі уақытта дамыған елдерде, банктерге келісім шарт негізінде қызмет көрсететін сондай бірнеше тəуелсіз ұйымдар жұмыс жасайды. Мысалға, фирма “Дан энд Брэд форд” 3 млн. жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық жəне аймақтық анықтамаларда жариялайды. Біздің елімізде 2003 жылдан бері Несиелік бюро қызмет ете бастағанымен əлі банктердің, онымен ақпараттар алмасуы дұрыс жолға
қойылған жоқ. Банктер əлі де болса несиелік қабілетті талдауда тек қана клиенттердің берген құжаттарын пайдаланумен шектеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет