Несиелік саясат



бет8/15
Дата17.05.2023
өлшемі130,07 Kb.
#177012
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Бақылау сұрақтары:
1.Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне нелер жатады?
2.Несиелік механизмді қалай түсінесіз?
3.Несиелік механизмнің элементтері неден тұрады?
4.Қандай несиелеу қағидаттарын білесіз?
5.Несиелік комитеттің ққұрамына кімдер кіреді?
6.Несиелік комитеттің құзіретіне не жатады?


9-тарау. Банктік несиелеу жəне несиелік қабілетті бағалау
9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
Банктердің несиелік қызметтерінің маңызды бағыттарының біріне корпоративтік клиенттерді несиелеу жатады.
Корпоративтік клиент – қызмет көрсетуде ерекше басымдықтарды иеленетін жəне даму барысында ынтымақтасуға болатын банк клиенті.
Корпоративтік клиент деп материалдық өндіріс саласының өнім шығаратын жəне қызмет көрсететін кез келген кəсіпорындарын түсінуге болады.
Корпоративтік клиенттерге акционерлік қоғамдар, жеке компаниялар мен фирмалар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары, бірлескен кəсіпорындар жатады.
Корпоративтік клиенттерді несиелеу – банктік мекемелерден өзге заңды тұлға болып табылатын банктің клиенттеріне несие беруді білдіреді.
Корпоративтік клиенттерді несиелеу мынадай екі қызмет атқарады:
6)макроэкономикалық – елдің экономикасын инвестициялауға арналған ақшалай ресурстарды жұмылдыру;
7)микроэкономикалық – банктердің табыстылығы мен тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін негізгі табыстарды алу.
Корпоративтік клиенттерге берілетін несиелерге мыналар жатады: Овердрафт (ағыл.overdraft - жоспардан жоғары) - клиенттің ағымдық
шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше формасы. Мұндай жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемде шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді.
Овердрафт нəтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартта овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша несие беру жəне оны қайтару шарты көрсетіледі. Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.
Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Масымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
Лизингтік несие – банк клиенттерінің құрал-жабдықтарды жəне техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.
Сенім несиесі банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоравтиік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.
Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
218
Инвестициялық несиелер – жаңа өндіріс орнын ашуға, өндірісті қайта құруға жəне кеңейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
Инновациялық несие – банк клиенттерінің өндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды иегеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
Вексельдік несие – банктің сенімді клиентеріне вексель формасында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады жəне олардың номиналдық құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.
Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру жəне жартылай фабрикат жəне дайын өнімдерді сыртқа шығару тəжірибесінде пайдаланылатын несие.
Контокорренттік несие - клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
Ломбардтық несие - тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды жəне т.б. кепілге ала отырып қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.
Форфейтингтік несие - сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерды немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнге дейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай міндеттемесін (векселін) сатып алуы арқылы экспортердің сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен импортер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бойынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін форфейторбанк экспортерден пайыз ұстап қалады.
Факторингтік несие – жабдықтаушының немесе банк клиентінің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
Экспорттық несие - экспорты қолдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.
Несиелік желі – келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рəсімделген міндеттемесі.
Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз алушының арасында жасалынған несиелік келісім-шартқа сəйкес, кез келген есеп айырысу құжаттарын төлеуге болады. Несиелік желі көбіне бір жылға ғана ашылады, бірақ кейде одан да қысқа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктен несиелік желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіссөздер жүргізбей-ақ жəне ешқандай бланк толтырусыз несие ала алады. Бірақ банк қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса,
бекітілген шек көлемінде несие беруге келіспеу құқығы сақталады. Белгіленген тəртіп бойынша, несиелік желі тұрақты қаржылық жағдайы жəне жақсы ресурстары бар клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы да мүмкін.
Несиелік желінің жаңартылатын жəне жаңартылмайтын түрлері болады. Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп жəне оны өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас аяқталады. Жаңартылатын несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі жəне өтеледі. Несиелік желі, сол сияқты, мақсатты да болуы мүмкін. Мұндай мақсатты несиелік желі клиенттің бір контракт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеуі үшін ашылады.
Жоғарыда аталған несиелерді банктер копоративтік несиелеу тəжірибиесінде кеңінен қолдануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет