Несиелік тјуекелдер, оєан јсер ететін факторлар жјне тґмендету жолдары



бет3/8
Дата06.10.2023
өлшемі216 Kb.
#183904
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Презентация 5

Несиелеудің екінші қағидасы – несиенің жеделдігі.
  • Жеделдік қағидасы несиенің кəсіпкерге өзінің бизнес-жобасын жүзеге асыру үшін қажет болатын мерзімге берілетіндігін білдіреді. Бұл қарыз қаражатын тиімді пайдалануға ықпал етеді. Несиелер бір күннен бірнеше жылға дейін берілуі мүмкін. Мысалы, «Еңбек» бағдарламасы бойынша несие 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
  • Сіз несиені өзіңізге ыңғайлы уақытта емес, шартта көрсетілген қатаң мерзімде қайтаруыңыз керек. Кейде несие келісімінде несиені мерзімінен бұрын өтеу қарастырылады. Бұл қарыз алушы үшін пайдалы, өйткені ол несиені пайыздың толық мөлшерін төлемей-ақ, алдын ала қайтара алады. Бірақ бұл қаржы мекемесі үшін тиімді емес,
    • Несиелеудің үшінші қағидасы – несиені өтеу.
    • Бұл қағидат тек қарыз қаражатын қаржы институтына қайтарып қана қоймай, оны пайдалану құқығына да төлеу керек екенін білдіреді. Сыйақы мөлшері пайыздық мөлшерлемемен белгіленеді. ің үшінші қағидасы – несиені өтеу.
    • Пайыздық мөлшерлемелер қай қаржы институтында жəне қандай бағдарлама бойынша несие алғанға байланысты. Əдетте несие пайызы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым қаржы институты өзін несие бойынша төлемеу қаупінен қорғайды.
    • Несиелеудің төртінші қағидасы – несиелік қамтамасыз ету.
    • Егер несие берер алдында қаржы мекемесі сізден кепіл туралы сұраса, бұл қауіпсіздік қағидаты бойынша жұмыс істейтінін білдіреді. Қарыз алушы ұзақ уақыт қарызын төлей алмай, несиені қайтармаса, банк сату үшін кепілдікке қойылған үй, көлік немесе жерді алып қояды. Есіңізде болса, біз өтеу қағидасы туралы айтқан кезде, алынған ақшаны ақшамен қайтару керек деген болатынбыз. Яғни, банкке кепіл мүлкінің өзі қажет емес. Банк сіздің үйіңізді кепілге алған кезде, ол оның өтімділігін қарайды, яғни ол өз шығындарын жабу үшін несие ретінде берілген сомаға оны сата алады ма, жоқ па, əуелі сол жағына бағамдайды.
    • Несиелеудің бесінші қағидаты –несиені мақсатты пайдалану.
    • Шағын қысқа мерзімді қарыздарды қоспағанда, кез келген несие мақсатты болуы тиіс. Қаржы институты сізге ақша беретін кезде, сіз оны не үшін пайдаланатыныңызды нақты білуі керек. Несиенің мақсаты қарыз шартының тиісті бөлімінде көрсетіледі. Айта кету керек, гранттардың да мақсатты пайдаланылуы тексеріледі.
    • Несиелік қаражат не үшін бағытталатыны туралы ақпарат қаржы институтына қарызды қайтармау тəуекелдерін бағалауға көмектеседі. Мысалы, сізге шалғай ауылда премиум-класс бизнес-орталығын салу идеясы келіп, несие алғыңыз келді. Бұл орайда банк сізге бұл бизнесті іске асыру үшін несие бермеуі мүмкін, өйткені сізде клиент болмайды.
    • Қарыз алушының несиелік қабілеттілігіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады.
    • 1) Ссудаға қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы жəне нұсқауымен танысуға тиіс.
    • 2) Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мəмілеге тиісті беделі деп – қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
    • 3) Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
    • Қарыз алушыға қойылатын талаптар.
    • Шартты түрде несие беру процесін 4 ішкі процедураға немесе кезеңге бөлуге болады:
    • Құжаттарды дайындау және өтінім беру кезеңі. Несиелік өтінім мен сауалнама толтырылады. Өтінімге қажетті құжаттар қоса беріледі:
    • Несиелік өтінімді қарау кезеңі Бұл кезеңде ықтимал қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау жүргізіледі, ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы тексеріледі, қарыз беру туралы шешім қабылданады.
    • Шарт жасасу кезеңі. Егер несие беру туралы оң шешім қабылданса, қарыз алушы мен несие беруші арасында қарыз шарты жасалады. Құжаттарды ресімделгеннен кейін несие қарыз алушының есеп айырысу шотына аударылады.
    • Шарт талаптарының орындалуын бақылау кезеңі. Қаржы институты немесе банк қарыз алушының мақсатты пайдаланылуына, қаржылық жай-күйіне, сондай-ақ берешегін өтеуге мониторингті жүзеге асыруды жалғастырады, қажетті мәліметтер қарыз алушының дерекнамасына енгізіледі.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет