Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында берілетін «Кәсіпкер» несиелеу бағдарламасы да біз бұрын айтып өткен «Сыбаға», «Игілік» сияқты шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Аталғандардан мұның бір артықшылығы, бұл бағдарлама арқылы несиені алушы тек ауылшаруашылығын ғана емес, басқа да жеке кәсіптің түрлерін дамыта алады. «Кәсіпкер» арқылы несие алғысы келетін кәсіпкердің 6 млн. теңгеге дейін 60 ай мерзімге 6 пайызбен несие алуға мүмкіндігі бар. Ал, аз қамтылған немесе көп балалы отбасынан шыққан қарыз алушыларға несие 4% беріледі. Бағдарлама негізінде жылдық сыйақы мөшерлемесі – 4,7 %. Тағы айта кетері, егер қалаушының кәсібі үлкен әрі пайдалы болса, онда ол 10 млн. теңгеге дейін несие ала алады. Мұнда негізгі қарыз бен үстеме сыйақысын өтеу бойынша жеңілдік мерзімі де қарастырылған. - Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында берілетін «Кәсіпкер» несиелеу бағдарламасы да біз бұрын айтып өткен «Сыбаға», «Игілік» сияқты шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Аталғандардан мұның бір артықшылығы, бұл бағдарлама арқылы несиені алушы тек ауылшаруашылығын ғана емес, басқа да жеке кәсіптің түрлерін дамыта алады. «Кәсіпкер» арқылы несие алғысы келетін кәсіпкердің 6 млн. теңгеге дейін 60 ай мерзімге 6 пайызбен несие алуға мүмкіндігі бар. Ал, аз қамтылған немесе көп балалы отбасынан шыққан қарыз алушыларға несие 4% беріледі. Бағдарлама негізінде жылдық сыйақы мөшерлемесі – 4,7 %. Тағы айта кетері, егер қалаушының кәсібі үлкен әрі пайдалы болса, онда ол 10 млн. теңгеге дейін несие ала алады. Мұнда негізгі қарыз бен үстеме сыйақысын өтеу бойынша жеңілдік мерзімі де қарастырылған.
Аталған бағдарлама арқылы кез-келген бағытта жеке кәсібі жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер несие ала алады. Бірақ, бұл бағдарлама бойынша несие алу үшін шаруаның міндетті түрде алатын қаржысының толық құнын жабатын кепілзаты болуы керек. Кепіл міндетті түрде несиенің сомасын толықтай қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ, кепіл саясаты ауылдық жердің кәсіпкерлеріне жеңілдетілген бағытта жұмыс істейді. Яғни, қарыз алушы кепіл ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүліктің барлық түрін қоя алады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан жалданған жер де кепіл ретінде қарастырылады. Егер несие бойынша әлеуетті клиенттің кепілі жеткіліксіз болса, сатып алынатын мүлік те қосымша кепіл ретінде қарастырылады. - Аталған бағдарлама арқылы кез-келген бағытта жеке кәсібі жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер несие ала алады. Бірақ, бұл бағдарлама бойынша несие алу үшін шаруаның міндетті түрде алатын қаржысының толық құнын жабатын кепілзаты болуы керек. Кепіл міндетті түрде несиенің сомасын толықтай қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ, кепіл саясаты ауылдық жердің кәсіпкерлеріне жеңілдетілген бағытта жұмыс істейді. Яғни, қарыз алушы кепіл ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүліктің барлық түрін қоя алады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан жалданған жер де кепіл ретінде қарастырылады. Егер несие бойынша әлеуетті клиенттің кепілі жеткіліксіз болса, сатып алынатын мүлік те қосымша кепіл ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |