Net визуалды бағдарламалау ортасы 1 Объекті-бағытталған бағдарламалауға кіріспе



бет5/5
Дата18.05.2020
өлшемі223,19 Kb.
#69489
1   2   3   4   5
Байланысты:
1лекция

1.5 Бірінші бағдарламаны құру мысалы

Windows жүйесінде жұмыс істейтін қосымшаның формасын қолдану мысалын қарастырайық. Мысал ретінде үшбұрыш периметрін есептеу есебі қарастырылады.


1.1-есеп. диалог режімінде үшбұрыш қабырғаларын беру және оның периметрін есептеу керек. Үшбұрыш қабырғаларын берілгеннен кейін мына тексерістерді орындау керек: үшбұрыш қабырғалары нөлден үлкен болуы керек және үшбұрыштың кез келген екі қабырғаларының қосындысы үшінші

қабырғадан үлкен болуы керек. Қосымша кодына түсініктемелерді қолдану керек.


Біз Toolbox терезесінен стандартты үш басқару элементін пайдаланамыз: тұрақты мәтін (Labe1) элементі, мәтінді енгізу-шығару өрісі (TextBox), командалық батырма (Button).
– тұрақты мәтін;
– мәтінді енгізу-шығару өрісі;

– командалық батырма.
Түсіндіретін сөздерді жазу үшін төрт тұрақты мәтін қолданылады.
Үш мәтінді енгізу, нәтижені шығарудың бір өрісі және бір командалық батырма қолданылады.
Визуалды бағдарламалау процессінде формаға Toolbox терезесінен керекті басқару элементі көшіріледі және белгілі бір орынға орналастырылады. Әдетте Toolbox терезесі «жиналған» күйде болады. Оны «ашу» үшін тышқанның оң жақ пернесімен Toolbox панелін басу керек, элементі (оны басу керек) арқылы экранның белгілі бір орнына орнықтыруға
болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін элементінің көмегімен Toolbox терезесін «жинауға» болады.
Визуалды бағдарламалау процесінде басқару элементтерінің кейбір қасиеттерін өзгерту керек, мысалы, тұрақты мәтін мен батырманың Text қасиеті өзгертілді (1.3-сурет). Ол үшін Properties терезесін пайдалану керек (1.4-сурет).
Енгізу өрістері мен шығару өрісінің айырмашылығы бар, шығару өрісінің Multiline қасиеті Multiline = true тең. Барлық басқару элементтерінде Text қасиеті қолданылды.
«Ввод» Батырмасын басу бойынша хабарды өңдеуші әдісін құру үшін визуалды бағдарламалау кезеңінде осы батырманы екі рет басса жеткілікті.
Бос private void button1_Click(object sender, EventArgs e) хабар өңдеушісіне кодты жазамыз: үшбұрыш қабырғаларын мәндерін диалог режімінде беру және олардың үшбұрыш шарттарына сай келуі.

1.3-сурет  «Ұшбұрыш» қосымшасының терезесі



1.4-сурет  button1 элементінің Properties терезесі


Program.cs файлының коды:
using System;
using System.Collections.Generic;

using System.Linq;


using System.Windows.Forms; namespace WindowsFormsApplication1 {
static class Program

{




  • The main entry point for the application.






[STAThread]

static void Main()


{
Application.EnableVisualStyles(); Application.SetCompatibleTextRenderingDefault(false); Application.Run(new Form1()); }

}

}


Form1.cs файлының коды:

using System;


using System.Collections.Generic; using System.ComponentModel; using System.Data; using System.Drawing;
using System.Text;
using System.Windows.Forms;

namespace WindowsFormsApplication1 //Zadacha1_1

{

public partial class Form1 : Form


{

public Form1()

{
InitializeComponent();

}

private void button1_Click(object sender, EventArgs e)



{
int a, b, c, p;

a = Convert.ToInt32(textBox1.Text);


b = Convert.ToInt32(textBox2.Text); c = Convert.ToInt32(textBox3.Text); p = a + b + c;

if (a > 0 && b > 0 && c > 0)

if (a + b > c && a + c > b && b + c > a)
textBox4.Text = "Үшбұрыш периметрі = " + p.ToString();

else


{
textBox4.Text = "Үшбұрыштың бір қабырғасы қалған екі қабырғалардың қосындысынан үлкен. Енгізуді қайталаңыз.";

}

else


{

textBox4.Text = "Үшбұрыштың бір қабырғасы 0-ден кіші! Енгізуді қайталаңыз.";


}

}
private void Form1_Load(object sender, EventArgs e)

{

}

}


}
Орта автоматты түрде атаулар кеңістігін құрады. Оларды толығырақ қарастырайық.
System атаулар кеңісті базалық және іргелі анықтамалардан тұрады, олар: деректер типі, оқиғалар, оқиғалар өңдеуіштері, т.б.
System.Collections атаулар кеңістігінде кластар анықталған, олар массивтерді, тізімдерді, сөздіктерді, хэштерді анықтайтын контейнерлер қызметін атқарады.
System.ComponentModel кеңістігіндегі кластар қосымшаның компоненттері мен басқару элементтерінің белгілі бір тәртіптегі қызметін орындау үшін қолданылады.
System.Data класы ADO.NET интерфейсі арқылы деректер базасымен жұмыс істейтін қосымшалар үшін керек.
System.Drawing кеңістігі графикалық құрылғылар интерфейсіне (Graphics Device Interface, GDI) қол жеткізу үшін керек, нақтырақ айтсақ, оның толықтырылған GDI+ версиясы үшін. Осы кеңістіктегі кластар қосымша терезесінде сызықтарды, екі өлшемді пішіндерді, кескіндерді, басқа да графикалық объекттерді салу үшін керек.
System.Windows.Forms кеңістігінде формалардың жұмыс тәртібін орындайтын кластар анықталған.
Қосымшаға нақтысында System және System.Windows.Forms екі кеңістігі қажет, ал қалған атаулар кеңістігі қосымшаға қажетінше қосылады.
Қосымша ретке келтірілгеннен (после отладки) кейін барлық файлдарды сақтау керек (менюде File->Save All командасын таңдау керек).
Бағдарламалаудың визуалды ортасы кішігірім қосымша үшін де 10-нан аса файлдар мен бумаларды дайындайды. Жұмыс үстеліндегі бірінші бағдарламаның 1_1_treygolnik бумасында WindowsFormsAplication1 бумасы
бар. Оның ішінде WindowsFormsAplication1 атты бума мен WindowsFormsAplication1.csproj-ды редакциялау үшін шақырылатын жоба файлы бар. Ал WindowsFormsAplication1 бумасында тағы bin, obj, Properties бумалары мен бірнеше файлдар (бағдарлама коды – Program.cs, форма коды – Form1.cs) бар. Осы бумада Form1 формасы бойынша файлдың сырт пішінін сақтайтын ресурстық файл және форма мен онда орналасқан барлық басқару элементтер «қасиеттерінің» мәндерін сақтайтын Form1.Designer.cs файлы орналасады.

Visual Studio .Net ортасымен жұмыс жасау үшін әзірше бізге тек форма кодының файлы  Form1.cs қажет және осы файлды ғана өзгертуге болады, басқа файлдардың атауы мен қасиеттерін берілген күйде қалдыру керек.


1.6 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1 Компьютер жұмысындағы оқиғалар ұғымы?

2 Windows жүйесі оқиғаларды қалай «ажыратады»?
3 Windows жүйесі оқиғаның пайда болуы туралы ақпаратты алғанннан кейін не істейді?
4 Драйвер ұғымы.

5 Хабар ұғымы .



6 Хабар неден тұрады?
7 Windows жүйесі драйверден қабылдап алатын хабарларды қайда жібереді?
8 Әрбір қосымшада Windows-тан келетін хабарларды өңдеу циклі не үшін қолданылады?
9 Қосымшаның қандай әдісі Windows-тан келетін хабарларды өңдеу циклін жүзеге асырады?
10 Form класы қандай мақсатпен қолданылады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет