3 есеп.
Емханаға сопақша ми құрылымдарына қан кетуімен науқас түсті.
Сұрақтар:
Сопақша мида орналасқан қандай негізгі орталықтарды білесіз?
Жауап: Тыныс, қан тамырларын тарылтып кеңейтеді, жүрек соғысысын тежейді, қорғаныс (жӛтелу, кірпік қағу, түшкіру, жас шығару, тер шығару), ас қорыту (сілекей шығару, шайнау, жұту,) орталықтары
Сопақша ми зақымдануының белгілері қандай?
Жауап: Жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесінің, ас қорыту бұзылулары. Мысалы эмбрион сатысынды жұту рефлексі дамымаса, сәби ана сүтін емгенімен, сүтті жұта алмайды. Сүт ӛңештен қарынға бармай, тыныс жолы арқылы ӛкпеге құйылады. Соның салдарынан ӛкпесі қабынып, бала ашығып ӛледі.
Сопақша мидің зақымдану қаупі қандай?
Жауап: Жүрек ұстамасы, қан тамырларында қан қысымының күрт тӛмендеуінен болатын тамыр ауруы, тыныс алуды тоқтату.
4 есеп.
Тәжірибеде жануардың ми қыртысын әлсіз электр тоғымен тітіркендіргенде дене мен аяқ- қолдың жеке бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады.
Сұрақтар:
Ми қыртысының қай бӛліктерін тітіркендірген?
Жауап: Ми қыртысының маңдай бӛлігінің моторлы аймағы
Бұл жағдайда қандай қозғалыс диапазоны байқалады (жеке бұлшықет талшықтары, бүтін бұлшық еттер, буындағы қимылдар)?
Жауап: Буындағы қозғалысты құрайтын жеке бұлшықеттер, бүтін бұлшықет топтар қозғалысы болады
Ми қыртысындағы аяқ ӛкілдігінің ӛлшемдері нені кӛрсетеді?
Жауап: Қозғалтқыш кортексіндегі қозғалыстарды бейнелеудің мӛлшері қыртыстың пирамидалық нейрондарының аксондары мен бастың, діңнің және аяқтың бұлшықеттерін нервтендіретін моторлы нейрондар арасындағы моносинапстық байланыстар санымен түсіндіріледі.
5 есеп.
Қоянға жасалған тәжірибеде гипоталамустың, таламустың және ретикулярлық формацияның электрлік тітіркенуі ми қыртысының электрлік белсенділігіне тән ӛзгерістер тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |