Патологиялық байымдылық– бір ойдан екіншіге ауысуының қиындауымен, ойлаудың аз жылжымалылығымен сипатталады. Науқас маңыздысын екінші ретті мәнділіктен ажырата алмайды, детальдардан шыға алмайды, бір орнында тұрып қалады, басқа тақырыптарға ауысып кетеді. Эпилепсиялық ақыл кемділікте, эпидемиялық энцефалиттің кеш кезеңінде, ОЖЖ басқа да оргнаикалық ауруларында байқалады.
Резонерлік – танымдық мағынасынын айырылған бос, өнімсіз пікір. Шизофренияда бақыланады, бұл дерттің бұрыннан бері келе жатқандығының белгісі.