Тақырыптың өзектілігі нейрореабилитация - бұл жүйке ауруларына шалдыққандарды сауықтыру, яғни, бұрынғы қалпына келтіру. Инсульт алғандарға, бас мыйымен омыртқалар жұлынына, шеткі жүйке талшықтарына зақым келгендерге, балалар церебралдық параличіне, меңіреулік склероз, Паркинсон ауруы, ми атаксиясы, полинейропатиялар, оның ішінде дискілер грыжасын емдегеннен кейінгі вереброген және т.б. аурулар.
ВОЗ анықтамасы бойынша: медициналық реабилитация бұл белсенді процесс, оның мақсаты сырқаттанушының алған жарақат салдарынан немесе басқа ауруларлардан бұзылған ағзаның функцияларын толық қалпына келтіру. Олай болмаған жағдайда ең кемінде олардың мүгедектік тұрғыдағы физикалық, әлеуметтік, психологиялық әлеуеттерін оңтайлы жүзеге асырып, қоғам өміріне бейімдейді.